![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Инфекцияның тарау жолдары. Төменгі жақсүйек астына, ұрт аймақтары мен жұтқыншақ маңына
Төменгі жақсүйек астына, ұрт аймақтары мен жұтқыншақ маңына, қанат-жақсүйек кеңістіктеріне, мойын-ның қан тамыржүйке шоғырының қынабына. Құлақ маңы-шайнау аймағының бірнеше шел кеңістіктерін қамтитын флегмонаны тіліп ашу операциясының ерекшелігі - ашылған іріңді ошақтан ірің кедергісіз шығуын қамту үшін, бірнеше жерден тіліп ашу қажет. Мұндайда төменгі жақсүйек астынан және самай немесе бетсүйек аймағынан тіліп ашылған жараларды өзара байланыстырылып, бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі (80 а,ә суреттер). Құлақ маңы-шайнау аймағының бірнеше шел кеңістіктерін қамти-тын флегмонанытіліп ашу опера-циясының орындалу реттілігі (81сурет А • жансыздандыру – премеди-кациямен қоса жергілікті инфильтра-циялық анестезия немесе жалпы наркоз (көктамырішілік, ингаляци-ялық); • төменгі жақсүйек астының бұ-рышы бойымен, одан 1,5 - 2 см төмен тері және тері астының шел тіндері тілінеді (81,Ә,Б суреттер). Гемостаз; • құлақ маңы-шайнау апоневрозы (fascia parotideomasseterica) үстінің шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен іріңді ошаққа қарай тереңдетіле тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (81,В,Г сурет); • ашылған жараның үстінгі жиегі-нің терісі бет жүйке тармақтарымен бірге төменгі жақсүйектің бұрышы мен меншікті шайнау бұлшықеттің (m. massetter) төменгі бөлімі ашылғанша жоғарға ығыстырылады; • құлақ маңы шандыры (fascia parotidea) 0,5 - 0,6 см ұзындықта тілініп, қантоқтатқыш қысқышпен жиектері астында жатқан тіндерден ажыратылады (81,Д сурет); • тілінген жерден қантоқтатқыш қысқыш енгізіліп, соның бойымен құлақ маңы шандыры тілінеді (81,Е сурет); • құлақ маңы шандырының астында жатқан шел тіндері іріңді ошаққа қарай қантоқтатқыш қысқышпен тұй-ық ажыратылып, ірің шығарылады (81,Ж сурет); • құлақ маңы сілекей безінің ішкі және сыртқы беттерінде жатқан шел тіндері тұйық ажыратылып, жақсүйек артының шұнқыры тексеріледі (81,З сурет); • ауыздың ашылуы шектелуінде m. masseter сіңірі сүйекке бекитін жерінен кесіліп, қырғышпен бұл-шықет талшықтары сүйекқабымен бірге жоғары ығыстырылып, төменгі жақсүйектің бұтағы бойымен бұл-шықет астының кеңістігі тексіріліп, ірің шығарылады; • құлақ маңы аймағының терісі бетсүйек доғасының төменгі қырына параллельді бағытта тілінеді (81,И,К суреттер). Гемостаз; • осы тіліктен құлақ маңы-шайнау аймағының шел тіндері жақсүйек астынан ашылған жараға қарай тұйық ажыратылып, өзара байланыстырады (81,Л сурет); • құлақ маңы-шайнау шандыры бетсүйек доғасының төменгі қыры бойымен тілінеді; • қантоқтатқыш қысқышпен құлақ маңы-шайнау шандыры мен құлақмаңы сілекей безі және m. mas-seter аралығында жатқан шел тіндері жақсүйек асты аймағындағы ашылған жараға қарай ажыратылып, жаралар өзара байланыстырылады; • ашылған іріңді жаралардан құлақ маңы-шайнау аймағына, жақсүйек арты шұңқырына және бұлшықет асты шел кеңістігіне резеңке жолақтар немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтіктер енгізіледі;
• гипертониялық немесе антисеп-тикалық ертінділермен дымқылданған асептикті дәке танғыш салынады.
6.7. Беттің бүйір бөлімінің терең аймақтары. Беттің бүйір бөлімінің терең аймақтарында өтетін флегмонала-рында іріңді инфильтрат сырттай үнемі анықтала бермейді. Мысалы, қанат-жақсүйек кеңістігінің, жұтқын-шақ маңының, сондай-ақ самайасты және қанат-таңдай шұнқырларының флегмоналарында бет-жақсүйек ай-мақтары тіндерінің ісінуі аса байқалмауынан, беттің симметриясы да бұзылмайды немесе сәл ғана өзгеруі мүмкін. Бұл аймақтар беттің бүйір бөлімініңтереңінде жататын-дықтан және беткі қабаттарын тығыз және сүйектік құрылымдар құрайтын-дықтан, қабыну инфильтратын сипап анықтау едәуір қиындық тудырады. Осынай себептерге байланысты, атал-мыш аймақтарда өтетін флегмоналар-дың клиникалық белгілері алғашқыда елеусіз қалуы мүмкін. Бұл аймақтардың жедел іріңді қабыну аурулары сирек біріншілік флегмона ретінде өтеді. Олар, әдетте көршілес аймақтардан тараған іріңді қабыну процестері болып табылады. Аталмыш аймақтарда біріншілік флегмона дамуында, тереңде шоғыр-ланған іріңді қабыну инфильтратын пальпациялап анықтауға болады: ауыз қуысы ішінен, артқы жоғарғы тістер денгейінің өтпелі қатпары (жоғарғы жақсүйектің төмпешігі) мен төменгі жақсүйектің тәж тәрізді өсіндісі аралығынан - самайасты флегмо-насын; төменгі жақсүйек бұрышының астынан - қанат-жақсүйек және жұт-қыншақ маңы кеңістіктерінің флегмо-наларын. Самайасты және қанат-таңдай шұңқырлары өзара тығыз анатомиялық қатынас құруларына байланысты, бұлардың қайсысы бірін-де іріңді процесс өтіп жатқанын анықтау өте қиын. Ю.Г.Ломова-Оппокова (1967) мәліметтері бойынша, самайасты және қанат-таңдай шұңқырлары көзұясы-мен, ұрт, самай және құлақ маңы аймақтарымен, қанат-жақсүйек және жұтқыншақ маңы кеңістіктерінің алдынғы бөлімінің шел тіндерімен қатынасып жатады. Шел тіндерінің осындай тығыз анатомиялық байла-нысныста болу нәтижесінде, қабыну процесі алғашқы басталған жерінен көршілес аймақтарға кедергісіз өтіп, сол жерлерде іріңді ауруларын ту-дырады. Қанат-таңдай шұнқыры алдынан - жоғарғы жақсүйек төмпешігінің артқы бетімен және таңдай сүйектің көзұялық өсіндісімен, артынан – қанат тәрізді өсіндімен, ішкі жағынан - таңдайдың тік сүйектік табақшасы-мен, сыртқы жағында самайасты шұнқырына ауысады. Сырттай көз жүгірткенде, қанат-таңдай шұнқырының негізі құлақ сырғылығының үстінгі денгейінен көз саңлауының сыртқы бұрышына бет-сүйек доғаның бойымен жүргізілген сызықтың ортанғы үштен бір бө-лігінен құралған тең қабырғалы үшбұрыш. Одан төмен қарай ұшы 60° бұрышқа тең екі бүйір сызық – оның қабырғаларын құрайды (82 сурет).
82 сурет. Қанат-таңдай шұнқыры-ның, бет жүйке тармақтары мен құлақ маңы сілекей безі түтігінің орналасу жобасы.
Қанат-таңдай шұнқыры төмен қарай тарыла келе, үлке таңдай өзегіне ауысады. Соңғысы ауыз қуысына ашылады, төменгі көзұя саңлауы арқылы шұнқыр көзұясымен, ал дөнгелек тесік ақылы – басссүйек ішімен және сына-таңдай тесігі арқылы – мұрын қуысымен қатына-сады. Шұнқырдың орналасу және анатомиялық қарым-қатынас құру ерекшеліктері, мұнда шоғырланған іріңді процестің аса қауіптілігін, оның көзұясының шел тіндеріне, самайасты шұнқырына, бассүйек ішіне және бассүйек түбінің сырқы бетіне тарау қауіптілігін білдіреді. Қабыну процесі қанат-таңдай шұнқырына жақын жатқан көршілес кеңістіктерден енуі мүмкін.
6.7.1. Самайасты аймағының (шұңқырының) абсцесі мен флегмонасы (regio infratemporalis)
![]() |