![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Анат-жақсүйек кеңістігінің абс-цесі мен флегмонасының клиника-лық белгілері
Науқас тамағы ауруына, аузын ашқанда, тағам шайнағанда, жұтын-ғанда ауырсыну сезімі үдей түсуіне және әлсіздік пайда болуына, дене-сінің қызуы көтерілуіне, аузының ашылуы шектелуіне шағымданады. Әлсіздік пайда болып, ұйқысы бұзы-лады. Әдетте қанат-жақсүйек кеңістігінің флегмонасындабеттің симметриясы бұзылмайды, тері бетінің түсі өз-гермейді. Қабыну процесінің алғашқы кезеңінде, тек ауыздың ашылуы шектелуінен басқа, айрықша клини-калық белгілері байқалмауы мүмкін. Ауыз қуысын ашып тексергенде (жергілікті жансыздандыру жасау арқылы, Берше әдісімен ), қанат-жақсүйек қатпарының (plica ptery-gomandibularis) домбығып ісінуін, үстінің шырышты қабығы қызаруын көруге болады. Сонымен қоса, науқастың дене қызуы көтерілсе, жалпы жағдайы нашарласа, жұтынуы қиындаса, ауырсыну сезімі үдей түссе, флегмонаны нақтылау аса қиындық тудырмайды. Төменгі жақсүйек бұрышының ішкі бетін саусақпен басып тексергенде ауырсыну сезімін тудыратын тығыз инфильтрат анықталады. Кейде Вен-сан белгісі байқалып, төменгі еріннің, иекасты жұмсақ тіндерінің сезімтал-дығы жойылады (үштармақты жүй-кенің III тармағы - n. mandibularis іріңді жалқықпен қысылуынан туын-дайтын белгі). Аталмыш клиникалық белгі, флегмонаны төменгі жақсүйек остеомиелитінен ажыратуға мүмкіндік береді. Кейін науқастың жалпы жағдайы едәуір нашарлап, әлсіздік пайда болады, тәбеті төмендеп, дене қызуы көтеріледі, ағзаның жалпы уыттану белгілері айқындала түседі. Қанат-жақсүйек кеңістігінің абс-цесі мен флегмонасының хирур-гиялық емі Қанат-жақсүйек кеңістігінің флег-монасын тері бетінен, төменгі жақсүйек бұрышының қырынан 1,5 см алшақтықта, орта шамамен 5 см ұзындықта тіндерді тіліп ашады. Тері, теріасты шел тіндері, беткей шандыр табақшасы, медиальды қанат тәрізді бұлшықеті сүйекке дейін тілінеді. Әрі қарай төменгі жақсүйек бұрышының ішкі беті бойымен қантоқтатқыш қысқыш жоғары қарай тұйық енгізіліп, медиальді қанат тәрізді бұлшықеті сүйектен ажыратылып, ірің шыға-рылады. Әдетте, ірің кеңістіктен қысыммен шығады. Ашылған іріңді жара саусақпен жан-жағына қарай кеңейтіліп, қалташықтар қалмай-тындай етіліп тексеріледі. Іріңді жараға бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі. Кейбір жағдайларда (ірің кеңістіктің жоғарғы бөлімінде орналасуында), қанат-жақсүйек кеңістігінің абсцесі ауыз қуысы ішінен тіліп ашылады. Қанат-жақсүйек кеңістігінің абс-цесін ауыз қуысы ішінен тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі (89 сурет)
89 сурет. Қанат-жақсүйек кеңістігі-нің абсцесін ауыз қуысы ішінен тіліп ашу операциясының орындалу кезең-дері. • жансыздандыру - премедикация қоса жергілікті инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия; • қанат-жақсүйек қатпарының сырт-қы бетімен 2,5 - 3 см ұзындықта шырышты қабығы тілінеді (89,А су-рет); • жараның жиектері қантоқтатқыш қысқышпен жандарына қарай ығыс-тырылып, шырышты қабық астының шел тіндері тұйық ажы-ратылады (89,Ә); • төменгі жақсүйек бұтағының ішкі беті бойымен қанат-жақсүйек кеңіс-тігінің шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен тұйық тереңдетіле ажыра-тылып, ірің шығарылады (87,Б сурет); • ашылған жараға резеңке жолақ енгізіледі (89, В сурет); • жарадан резеңке жолақ шығып кетпеуі үшін, оны жараның жиегіне тігіп тастауға болады. Қанат-жақсүйек кеңістігінің флегмонасын ауыз қуысы сыртынан тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі (90 сурет): • жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық) не-месе жергілікті инфильтрациялық жә-не өткізгіштік (Берше-Дубов М.Б., Уваров В.М., Вишневский А.В.) анес-тезия бірге орындалады; • төмегі жақсүйектің бұрышы бойымен, бет жүйкесінің шеткері тар-мақтарын (ramus marginalis man-di-bulae) жарақаттамау үшін, одан 1,5 - 2 см төмен тері және тері астының шел тіндері 4 - 5 см ұзындықта тіліне-ді (90, А,Ә суреттер); • тілінген жараның үстінгі жиегі теріасты бұлшықетімен (m. platysma) және оны қаптайтын мойынның бет-кей шандыры (fascia colli super-ficialis) Купер қайшысымен төменгі жақсү-йек бұрышынан тұйық ажы-ратылып, жоғары ығыстырылады. Осылайша тері астының майлы шел тіндерімен бірге бет жүйкесінің шеткері тар-мақтары да жоғары қарай көтеріледі (90,Б сурет); • тері астының бұлшықеті (m. platysma), жартылай медиальді қанат тәрізді бұлшықетінің (m.pterigoideus mеdialis) сіңірі төменгі жақсүйектің бұрышына бекитін жерінде тілінеді. Гемостаз (90,В сурет); • қырғышпен (распатор) медиальді қанат тәрізді бұлшықетінің сіңірі төменгі жақсүйектің ішкі бетінен тұйық ажыратылады (90,Г,Д сурет-тер); • қанат-жақсүйек кеңістігінің шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ажыратылып, ірің шығары-лады. Ашылмаған іріңді қалташықтар қалмау үшін, шел кеңістігі саусақпен тексеріледі. Түбегейлі гемостаз (90, Е,Ж сурет-тер); • ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі (90,З,И суреттер); • гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен дымқылдан-ған асептикті дәке танғыш салынады.
90 сурет. Қанат-жақсүйек кеңістігі флегмонасын төменгі жақсүйек асты-нан тіліп ашу операциясының кезең-дері.
6.7.3. Жұтқыншақ маңы кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы(spatum periphariyngeum)
Жұтқыншақ маңы кеңістігі (spatum periphariyngeum), жұтқыншақтың жан-дарын және артын қамтиды. Кеңістіктің бүйір бөлімі - spatum laterohariyngeum (меншікті жұтқын-шақ маңы деп те аталады) және артқы бөлімі - spatum retrrohariyngeum (ретрофарингиальды немесе жұтқын-шақ артының кеңістігі деп атайды) бар. Олардың аралығын омыртқа алдының шандыры мен жұтқын-шақтың меншікті шандыры аралығын-да керіліп тұратын дәнекер тінді табақша құрайды. Жұтқыншақ маңы кеңістігінің флег-монасы - бет-жақсүйек аймағының терең бөлімінде өтетін, ағымы ауыр дәрежелі, көршілес аймақтарға тара-луы және асқынуға бейімділігі жоғары жедел іріңді қабыну ауру-ларының бірі болып табылады.
![]() |