![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары
Аталмыш аймаққа одонтогенді ин-фекция жоғарғы үлкен азу тістерінен немесе төменгі үшінші үлкен азу тісінен, құлақ маңы-шайнау аймағы-ның инфекцияланған жараларынан енеді. Екіншілік іріңді қабыну аурулары ретінде ұрт және самай ай-мақтарынан, меншікті шайнау бұл-шықетіасты кеңістігінен, құлақ маңы сілекей безінен, самайасты шұңқыры-нан және лимфогенді жолмен енетін инфекциялары. Құлақ маңышайнау аймағының теріасты абсцестері мен флегмона-ларының жергілікті клиникалық белгілері Науқас құлақ маңы-шайнау аймағы-ның аурсыну семіне шағымданады. Ірінді процестің өту орнына байланыс-ты, оның клиникалық белгілері әркелкі болуы мүмкін. Іріңді процесс беткей орналасуында, науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Іріңді процестен құлақ маңы-шайнау аймағының тіндері ісініп, беттің пішіні едәуір өзгереді, тері беті қызарады, жылтырап, қатпарға жинал-майды, көз саңылауы жабылады. Пальпация ауырсыну сезімін тудыра-ды, ауыздың ашылуы шектеледі.
71 сурет. Құлақ маңы-шайнау айма-ғынан іріңді қабыну процесінің тарау жолдары А - шандыр астының шел кеңістігінен; Ә - тері астының шел тіндерінен
Инфекцияның тарау жолдары Төменгі жақсүйек артына, төменгі жақсүйек астына, ұрт, бетсүйек және самай аймақтарына, жұтқыншақ маңы кеңістігіне (71,А,Ә сурет).
Құлақ маңы-шайнау аймағының теріасты шел кеңістігінің абсцестері мен флегмоналарын тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі (72 сурет): Іріңді ошақты тіліп ашу опера-циясын таңдау инфекциялық қабыну процесінің шоғырлану орнына байла-нысты. Құлақ маңы-шайнау аймағының жоғарғы бөлімінің теріасты шел тіндерінің абсцесі (72,А сурет) бет жүйкесінің тармақтарына параллельді бағытта тілік жүргізіліп ашылады (72,Ә,Б,В суреттер). • жансыздандыру - премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық анестезия немесе жалпы наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық); • құлақ маңы-шайнау аймағының төменгі бөлімінің теріасты шел тіндерінің абсцесі жақсүйекасты аймағынан, төменгі жақсүйектің астынғы қырына параллельді, одан 1 -1,5 см төмен тері тілініп ашылады (73,А,Ә,Б суреттер);
72 сурет.Құлақ маңы-шайнау аймағының жоғарғы бөлімінің тері-асты шел кеңістігі абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операция-сының орындалу кезеңдері
• апоневроз үстінің (fascia parotidemasseterica) шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен іріңді ошаққа қарай тереңдетіле тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (72,Г,71,В,Г суреттер). Гемостаз; • іріңді жараға резеңке жолақ енгізіледі (73,Д сурет); • ашылған іріңді жараға гиперто-ниялық немесе антисептикалық ерітінділермен дымқылданған асептикті дәке танғыш салынады.
73 сурет. Құлақ маңы-шайнау аймағының төменгі бөлімінің теріас-ты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операция-сының орындалу кезеңдері
6.6.3.2.Құлақ маңы аймағының абсцесі мен флегмонасы (region parotidea) Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары 8,7,6 I 6,7,8 тістерден тарйтын одонтогенді инфекция ошақтары, құлақ маңының инфекцияланған жаралары. Құлақ маңы сілекей безінің, ұрт, самай аймақтарының, меншікті шайнау бұлшықетасты кеңістігінің, самайасты шұнқырының қабыну ауру-ларынан тарайтын екіншілік іріңді қабыну аурулары.
![]() |