![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Көзұясы абсцесінің және флегмо-насының хирургиялық емі
Көзұясының төменгі қырының бойымен тері, теріасты қабаты тілі-неді. Әрі қарай жұмсақ тіндерді тұйық тереңдете ажыратып, ірің шыға-рылады. Егер іріңді ошақ көзұясының терең бөлімінде шоғырланса, оны гаймор қойнауы арқылы шығарған тиімді. Ол үшін гаймор қойнауының алдыңғы қабырғасын (сүйір тіс ойығынан) тесіп ашқан соң (гай-моротомия), көзұясының төменгі қа-бырғасынан жасанды қатынас жасап, ірің гаймор қойнауы арқылы сыртқа шығарылады. Гаймор қойнауына тү-тікті ірің өткізгіш (дренаж) енгізіп, оның бір шеті мұрынның төменгі жолынан сыртқа шығарылады. В.И.Вакуленко және т.б., (1989), осы күнге дейінгі көзұясының абсцесі мен флегмонасын ашуға қолданылып жүрген дәстүрлі хирургиялық әдіс-тердің нәтижесі төмен деп табады. Оның үстіне, жоғарыда ұсынылған операциялар көзұясының жұмсақ тіндерін едәуір жарақаттап, көз алмасының қозғалысын бұзуы ық-тимал. Көзұя астының қырынан орындалатын операцияларынан кейін жұмсақ тіндер тыртықтанып, көз алмасының қозғалысы шектеледі және айналасында ұзақ уақыт сақталатын, тіптен қайтымсыз лимфостаз дамуы мүмкін. Осындай асқынулардың алдын алуын ескеріп, ол көзұясының абсцесі мен флегмонасын тіліп ашуға өз әдісін ұсынады. Операциялық аймақ антисепти-калық ерітінділермен өңделген соң ауыз қуысы ішінен, жоғарғы жақсүйектің артқы бөлімінің (үлкен азу тістері денгейінен) өтпелі қатпары бойымен шырышты қабығы 3 - 4 см ұзындықта тілінеді. Содан соң, жоғарғы жақсүйектің төмпешігі бой-ымен қантоқтатқыш қысқышты жоғары және ішке қарай тұйық тереңдете жылжыта отырып, тіндерді тұйық ажырату арқылы, көзұяасты саңылауынан ірің шығарылады. Егер іріңді процесс самайасты немесе қанат-таңдай шұңқырларында бірге өтсе, осы хирургиялық әдісімен ірің шығаруға тіптен ыңғайлы деп табады. Сөйте тұра, көзұя абсцесі мен флегмонасының хирургиялық емі ірің-ді ошақтың орналасуына, ағымының қарқындылығына байланысты, әркелкі тіліп ашу әдістермен орындалуы тиіс.
Көзұясының үстігі бөлімінің іріңді қабыну процесін тіліп ашу операцияның орындалу реттілігі (42 сурет): • жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаляци-ялық), жергілікті инфильтрациялық және бассүйегі түбіндегі дөңгелек тесігіне (foramen rotundum) жасалатын өткізгіштік анестезия М.М. Вайсблат бойынша; • көзұясы қабырғасының жо-ғарғысыртқы немесе жоғарғы-ішкі қырының терісі және тері астының шел тіндері (қабыну инфильтратының орналасуына байланысты) қабақтың төменгі жиегі бойымен 2 см ұзындықта тілінеді (42,А,Ә суреттер). Гемостаз; • жараның төменгі жиегі сүйек-қабынан ажыратылып, көзұясының жоғарғы-сыртқы немесе жоғарғы-ішкі қыры ашылады (42,Б сурет); • аралық көзұя қабырғасы (septum orbitale) 0,7 - 1 см ұзындықта көзұясының жоғарғы қырына бекитін жерінен тілінеді (42,В сурет);
42 сурет. Көзұясының үстіңгі бөлімінің абсцесін (флегмонасын) тіліп ашу операциясы (В, Г – саги-тальді кесіндісінің жобасы)
• тілінген жерден қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, көзұясының жоғарғы бөлімінің шел тіндері тұйық ажы-ратылады, көз алмасы мен көзұя қабырғасының аралығымен тіндер қантоқтатқыш қысқышпен тұйық тереңдетіле ажыратылып, ірің шыға-рылады (42,Г сурет); • ашылған іріңді жарадан көзұясының үстінгі бөлімінің шел кеңістігіне резеңке жолақ енгізіледі (42,Д сурет); • гипертониялық немесе антисеп-тикті ерітінділермен дымқылданған асепти-кті дәке таңғыш салынады.
Көзұясының астынғы бөлімінің іріңді қабыну процесін тіліп ашу операцияның орындалу реттілігі (43 сурет): • жансыздандыру - жалпы наркоз (көк-тамырішілік немесе ингаляциялық), жергілікті инфильтрациялық және бассүйегі түбінің дөңгелек тесігіне (foramen rotundum) жасалатын өткізгіштік анестезия М.М. Вайсблат бойынша; • көзұясы қабырғасының төменгі-сыртқы немесе төменгі-ішкі қырынан 0,5 - 0,7 см алшақтықта тері және тері астының шел тіндері 2 см ұзындықта тілінеді ( 43,А,Ә суреттер). Гемостаз; • жараның жоғарғы жиегі сүйек-қабынан ажыратылып, көзұясының төменгі-сыртқы (43,Б,В суреттер) немесе төменгі-ішкі қыры ашылады; • көзұясының аралық қабырғасы (septum orbitale) 0,7 - 1 см ұзындықта көзұясының төменгі қырына бекитін жерінде тілінеді (43,Г сурет);
43 сурет. Көзұяасты бөлімінің абсцесін (флегмонасын) тіліп ашу операциясының орындау кезеңдері (В,Г,Д - көзұясының сагитальді кесіндісінің жобасы)
• осы тіліктен қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, көзұясының төменгі бөлімінің шел тіндері іріңді ошаққа қарай түйық ажыратылып, көз алмасы мен көзұясы қабырғасының ара-лығынан ірің шығарылады (43,Д сурет); • көзұясының төменгі бөлімінің шел кеңістігіне ашылған іріңді жарадан резеңке жолақ енгізіледі (43,Е сурет); • жараға гипертониялық немесе антисептикті ерітінділермен ылғал-данған асептикті дәке таңғыш салы-нады. Көзұясының үстіңгі және төменгі бөлімдерін толық қамтитын іріңді қабыну ошағын тіліп ашу опера-цияның орындалу реттілігі (44 сурет): • жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаля-циялық), жергілікті инфильтрациялық және бассүйек түбіндегі дөңгелек тесігіне (foramen rotundum) жасалатын өткізгіштік анестезия (М.М. Вайсблат бойынша); • алдымен көзұясының жоғарғы бөлімінің шел кеңістігін ашып ірің шығарылады; • көзұясы қабырғасының жоғар-ғы - сыртқы немесе жоғарғы-ішкі қырынан, қабақтың төменгі жиегі бойымен (қабыну инфильтратының орналасуына байланысты) тері, теріастының шел тіндері 2 см ұзындықта тілінеді (44,А,Ә суреттер). Гемостаз; • жараның төменгі жиегінен сүйекқабы ажыратылып, көзұясының жоғарғы-сыртқы немесе жоғарғы-ішкі қыры ашылады (44,Б сурет); • аралық көзұя қабырғасы (septum orbitale) 0,7 - 1 см ұзындықта көзұясының жоғарғы қырына бекитін жерде тілінеді (44,В сурет);
44 сурет. Көзұясының үстіңгі және төменгі бөлімдерін толық қамтитын іріңді қабыну ошағын тіліп ашу операцияның орынду кезеңдері.
• тілінген жерден қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, көзұясының жоғарғы бөлімінің және көз алмасы мен көзұя қабырғасының аралығындағы шел тіндер іріңді қабыну ошағына қарай тұйық тереңдетіле ажыратып, ірің шығарылады (44,Г сурет); • ашылған іріңді жараға резенке жолақ енгізіледі; • гипертониялық немесе антисеп-тикті ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке таңғыш салынады. Көзұясы флегмонасын гаймор қойнауы арқылы ашу операция-сының орындалу реттілігі (45,А сурет): • жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаляци-ялық), жергілікті инфильтрациялық және бассүйек түбінің дөңгелек тесігіне (foramen rotundum) жаса-латын өткізгіштік анестезия (М.М. Вайсблат бойынша); • жоғарғы жақсүйектің өтпелі қатпарынан 3 - 4 мм төмен, сүйір және екінші үлкен азу тістері аралығынан шырышты қабығы мен сүйекқабы тілінеді; • сүйек қырғышымен (распа-тор) жараның үстіңгі жиегінің жұмсақ тіндері көзұяастының тесігіне (fora-men infraorbitale) дейін сүйектен жоғары қарай тұйық ажыратылады; • жоғарғы жақсүйектің алдыңғы қабырғасын бұрғымен немесе шап-қымен тесіп, гаймор қойнауы ашы-лады (45,Ә сурет); • қырғыш қасықпен гаймор қой-науының попилозды өзгеріске енген шырышты қабығы қырып алып, ірің шығарылады;
45 сурет. Көзұясы флегмонасын жоғарғы жақсүйек қойнауы арқылы ашу операциясының жобасы (көзұясы мен жоғарғы жақсүйек қойнауының сагитальды кесіндісінің жобасы). • жоғарғы жақсүйек қойнауының үстіңгі қабырғасын (көзұясының тү-бі) тескішпен тесіп, көзұясының тө-менгі бөлімінен ірің шығарылады (45,Б сурет); • көзұясынан ірің кедергісіз шы-ғуы үшін, гаймор қойнауын мұрынның төменгі жолынан ашылған жасанды тесік арқылы байланыс-тырады. Ашылған кеңістіктерге бірнеше жерден тесілген полихлор-винильді түтікті ірің өткізгіш енгізі-леді (45,В сурет); • ауыз қуысы шырышты қабығы-нан тілінген жараға сирек тігіс салынады. 6.5.2. Мұрын қуысының абсцесі мен флегмонасы (cavum nasi)
![]() |