![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Бетсүйек аймағының абсцесі мен флегмонасының клиникалық белгілері
Қабыну процесінің бастапқы кезе-ңінде бетсүйек аймағында тығыз, ауырсыну сезімін тудыратын инфиль-трат пайда болады, кейін тіндердің ісінуі жан-жаққа таралуынан (құлақ маңы-шайнау, самай, көзұяасты және ұрт аймақтарына) беттің симметриясы бұзылады (60 сурет). Инфильтрат үстінің терісі қызарады, қатпарға жиналмай керіліп, жылтырап тұрады. Ауырсыну сезімі самай, көзұя асты аймақтарына тарайды, пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Іріңді процесс тіндерді бойлай (per continutatem) көзұя астына, беттің басқа да аймақтарына тарауы мүмкін. Дене қызуы көтеріледі. Кейін флюктуация белгісі байқалуы мүмкін, егер қабыну процесі m. massetter - дің бетсүйекке бекитін жерін қамтыса, ауыздың ашылуы шектеледі. Іріңді инфекциялық ошақты тіліп ашу операция әдісін таңдау, іріңнің шоғырлану орнына байланысты. Іріңді ошақ сүйекқабы астында орналасса, ауыз қуысы ішінен, ал тері астының шел қабатында орналасса, бет жүйкесінің тармақтарына параллельді бағытта тері бетінен тілініп ашылады.
60 сурет. Сол жақ бетсүйегі айма-ғының абсцесі Бетсүйек аймағының сүйекқабы асты абсцесін тіліп ашу оперци-ясыны орындау реттілігі • жансыздандыру – премедика-циямен қоса жергілікті инфильтрациялық анестезия; • ауыз қуысы кіреберісінің күмбезі бойымен жоғарғы жақсүйектің альвеолалық өсіндісінің шырышты қабығы мен сүйекқабы 3 - 4 см ұзындықта тілінеді (61,А,Ә суреттер);
61 сурет.Бетсүйек аймағының сүйекқабыасты абсцесін тіліп ашу оперциясының орындалу кезеңдері
• бетсүйек-альвеолалық қыраты (crista zуgomatico-alveolaris) аймағының және оның алдынғы жағының сүйекқабы қырғышпен (распатор) сүйектен ажыратылады; • тілінген жерден жұмсақ тіндер бетсүйектің алдыңғы-сыртқы беті бойымен қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (61,Б сурет); • ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі (61,В сурет).
Бетсүйек аймағының теріасты флегмонасын ауыз қуысы сыртынан тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі(60 сурет): • жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса жергілікті анестезия немесе жалпы наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық); • бетсүйегі мен самай өсіндінің төменгі қыры бойымен тері, теріастының шел тіндері тілініп (62, А,Ә суреттер), бетсүйектің төменгі қыры ашылады (62,Б, сурет). Гемос-таз;
62 сурет. Бетсүйек аймағының теріасты флегмонасын ауыз қуысы сыртынан тіліп ашу операциясының орындалу кезеңдері.
• бетсүйек аймағының жұмсақ тіндері іріңді ошаққа қарай қан-тоқтатқыш қысқышпен тұйық терең-детіле ажыратылып, ірің шығарылады (62,В сурет); • іріңді жараға резеңке жолақ енгізіледі; • гипертониялық немесе антисеп-тикті ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке таңғыш салынады. 6.6.2. Ұрт аймағының абсцестері мен флегмонасы (region bucсalis)
Топографиялық анатомиясы. Ұрт аймағының шекарасы (63 сурет): жоғарғы - бетсүйектің төменгі қыры; төменгі- төменгі жақсүйек денесінің астыңғы қыры; алдыңғы - бет-самай сүйектерінің жігі мен ауыздың бұрышын байланыстыратын деңгейі немесе ауыздың дөңгелек бұлшықеті (m. orbicularis oris); артқы - меншікті шайнау бұлшықеттің (m. masseter) алдыңғы шеті. Ұрт аймағының анатомиялық құрылымдары мен қабаттары: • терісі жұқа, қатпарға жеңіл жинақталады. Сәби және жас балалар күлгенде, ұрттың тері бетінде ойық қалыптасады; • тері астының майлы шел қабаты жақсы дамыған, аралығынан мойын-ның теріасты бұлшықеті (m. platysma) өтеді; • шайнау-құлақ маңы шанды-рының жалғасы (fascia buccalis); • шел тіндері мен Биша май түйіршігі, лимфа түйіндері, жүйке тармағы және құлақ маңы сілекей безінің түтігі (Стенонов түтігі ); • ұрт бұлшықеті (m. buccinator); • шырышты қабық астының шел тіндері; • ауыз қуысының шырышты қа-бығы. Аймақтың жұмсақ тіндерінің басым бөлігін ұрт бұлшықеті қамтиды, оның астында ұрт май түйіршігі жатады. Май түйіршігі (corpus adiposum) шандыр табақшамен (fascia buсcapha-rryngea) қапталған, теріасты шел қабатынан бөлек, шектеліп жатады, ал өсінділері көршілес аймақтарға барады. Май түйіршігі мен өсінділері ұрт, құлақ маңы-шайнау, самай және басқа да көптеген аймақтарын бір-бірімен байланыстырып, іріңді процестің бойлай тарауына себеп болуы мүмкін, Бет-жақсүйек аймақтарының терең бөлімдерінде өтетін іріңді қабыну аурулары Биша май түйіршігінің денесі мен өсінділері бойымен жан-жаққа тарап, осы аймақты түгелдей қамтуы мүмкін. Ұрт бұлшықеті жалпақ құрылым, беттің кейбір ымдау бұлшықеттерінен терең жатады. Беті fascia buccopharyngea - мен жабылған, ауыз қуысының бүйір қабырғаларын құрайды. Шандыр табақша жоғарғы бірінші үлкен азу тіс деңгейінде жақсүйектің альвеолалық өсіндісі мен қанат тәрізді өсіндісінен басталып, одан қанат-жақсүйек байламы (lig. pterygomandibulare) бойымен төменгі жақсүйектің ұрт қыратына және төменгі үлкен азу тісі тұсында альвеолалық өсіндіге бекиді. Ұрт аймағының жоғарғы-артқы бөлімінен және шайнау бұлшықетінің алдыңғы шетінен құлақ маңы сілекей безі түтігінің соңғы бөлімі өтеді. Түтіктің тар бөлімінде сілекей тасы түзілуі мүмкін. Осы жерде дамитын абсцесс ауыздың ішінен тілініп ашылуы тиіс. Себебі, абсцесс тері бетінен тілініп ашылатын болса, сілекей безінің түтігі жарақаттанып, жыланкөз қалыптасуы мүмкін. Ұрт бұлшықеттің тереңдігінен бет, беттің көлденең және ұрт артериялары, алдыңғы, терең бет және ұрт көктамырлары мен олардың ұштастығын (анастомоз) құрайтын қан тамыр өрімдері өтеді. Ұрт аймағының аденофлегмонасы лимфа түйіндерінің қабынуынан басталып, әдетте, шектелген іріңді процесс ретінде сипатталады. В.И. Коробкованың мәліметтері бойынша, Биша май түйіршігінің өлшемі адамның жасына, ұрттың май тіндері дамуының деңгейіне байла-нысты әркелкі, орта шамамен 3х9 см құрайды. Биша май түйіршігі дене-сінің төменгі бөлігі ұрт аймағында, ортаңғы бөлігі бетсүйек доғасының астында, ал жоғарғы бөлігі - самай аймағының алдыңғы тұсында жатады. Кәмелет жасына жеткен адамдардың Биша май түйіршігі денесінің алдыңғы шеті жоғарғы екінші кіші азу тіс деңгейінде, ал артқы шеті - төменгі жақсүйектің бұтағы мен меншікті шайнау бұлшықеті аралығында жатады. Төменгі шеті құлақ сырғалығы мен езуді біріктіретін деңгейде жатады. Жоғарғы жақсүйек пен төменгі жақсүйек бұтағының алдыңғы қыры-ның аралығында май түйіршігінің денесі қанат-жақсүйек кеңістігінің және қанат-таңдай шұңқырының шел тіндерімен байланысып жатады. А.И. Скарзованың мәліметі бойын-ша, Биша май түйіршігінің денесі дәнекер тінді табақшамен қапталган, сол себептен мұндағы іріңді қабыну процесі шектеулі түрде өтеді. В.Ф. Войн-Ясенецкий және т.б. авторлар, ұрт май түйіршігінің іріңді қабынуы жан-жаққа тез тарайтынын ескеріп, оның айналасында жатқан шел кеңістіктерінде өтетін іріңді қабыну ауруларын екінші реттілік флегмо-налары қатарына жатқызады.Сөйтіп, ұрт май түйіршігінің өсінділері арқылы іріңді қабыну процесінің көршілес аймақтарда жатқан шел кеңістіктеріне, одан әрі басқа аймақтарға тарауына кедергі болмай-тындығына көз жеткізуге болады. Май түйіршігінің өсінділері самай аймағымен (артқы өсіндісі апо-неврозасты кеңістігінде жатады), көзұясының төменгі саңылауымен (жоғарғы өсіндісі арқылы), қанат-таңдай шұңқырымен (ішкі және қанат-таңдай өсінділері арқылы) байла-нысып жатады. Осы арада май түйіршігі самай шұңқырының терең бөлімінен өтіп, маңдай сүйектің бетсүйектік және бетсүйектің маңдай-мұрын өсінділерінің артында жатады, артқы бөлімін самай бұлшықеті жабады. Т.И. Аникинаның (1968) мәлімет-тері бойынша, ұрт май түйіршігінің қанат-таңдай өсіндісі көз ұясының үстіңгі саңылауы арқылы негізгі сүйектің бассүйек түбіне қарасты бетіне дейін жетіп, кеуекті қойнауға өте жақын жатады. Осындай тығыз анатомиялық байла-ныстың нәтижесінде, ұрт аймағында өтетін инфекция беттің көктамыр-ларының қабынуын ғана тудырып қоймай, сондай-ақ кеуекті қойнаудың тромбозымен асқынуы мүмкін. М.Б. Фабриканттың мәліметі бойынша, жақсүйектері аймағында өтетін іріңді қабыну аурулары ұрт май түйіршігі денесінің бойымен бетсүйек доғасының астынан өтіп, самай және самайасты шұңқырларына, көзұясы-ның төменгі саңылауымен көзұясына тарауы мүмкін. Сондай-ақ, ұрт аймағының сыздауығынан, шиқа-нынан және көктамырларының қабы-нуынан өмірге аса қауіпті асқынулар (көзұясының флегмонасы, кеуекті қойнаудың тромбозы және т.б.) дамуы мүмкін.
63 сурет. Ұрт аймағының шекарасы (А): 1 – бетсүйегі, os zygomaticus; 2 - төменгі жақсүйектің денесі, corpus mandibulae; 3 - меншікті шайнау бұлшықеті, m. masseter; 4 - құлақ маңы сілекей безі, glandula parotis; 5 - құлақмаңы сілекей безінің түтігі, ductus рarotideus; 6 - бет жүйкесі, n. facialis.
Ұрт-жұтқыншақ шандыры ұрт бұлшықетін сыртынан жауып, қанат тәрізді өсіндінің ілмегі мен төменгі жақсүйектің жақсүйек-тіласты сызығы аралығында тығыз дәнекер тінді құрылым ретінде тартылып тұрады. Аталмыш құрылым lig. pterуgo-mandibularis деп аталып, ұрт бұлшықеті (m. buccinator) бекитін жерден өтеді. Құлақмаңы сілекей безінің түтігі ұрт бұлшықетін жаншып, ауыз қуысынан ашылады. Аймақтың шел қабатынан, төменгі жақсүйек денесінің орта тұсынан жоғары қарай, көздің ішкі бұрышына қарай бет артерия мен көктамыры өтеді. Бет артериясы тері астының шел қабатында беттің басқа артерияларымен ұштасады (анастомоз құрады) - a. buсcalis, a. infraorbitalis (a. maxillaris бөлініп шығады), a. transversa faciei (a. temporalis).Меншікті шайнау бұлшықетінің алдынғы шетінің орта шамасында бет көктамыры мен қанат көктамыр өрімін байланыстыратын ірі көктамыр өтеді (v. anastomotica). Ұрт аймағының сезімталдық жүй-келері: n. infraorbitalis (үш тармақты жүйкенің екінші тармағынан), n. buccalis және n. mentalis (үш тармақты жүйкенің үшінші тармағынан). Сөйтіп, ұрт аймығында ұрт бұлшықетінің үстінгі деңгейінде беткей шел кеңістігі және ұрттың шырышты қабығы мен ұрт бұлшықеті аралығында терең шел кеңістігі жататынын ескеру қажет (64 сурет).
64 сурет. Ұрт аймағында іріңді қабыну процесінің шоғырлану орын-дары: 1 - беткей шел кеңістігінде (m. buccinator үстінде); 2 - терең шел кеңістігінде (m. buccinator астында); 3 - m. buccinator
![]() |