![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Инфекцияның тарау жолдары
Іріңді процесс бойлай көршілес анатомиялық аймақтарына және шел кеңістіктеріне тарайды (57 сурет) және лимфогенді жолмен аймақтық лимфа түйіндерін зақымдауы мүмкін
57 сурет. Жақсүйектерінің альвео-лалық өсінділері қырларының сүйек-қабы астынан одонтогенді инфек-цияның тарау жолдары (Andre, Neuman, 1971). 1 - төменгі жақсүйектің альвеолалық өсіндісінің сүйекқабы; 2 - жоғарғы жақсүйектің альвеолалық өсіндісінің сүйекқабы; 3 - периодонт; 4 - қатты таңдайдың сүйекқабы; 5 – мұрын қуысы; 6 - мұрынның аралық қабырғасы; 7 - жоғарғы жақсүйек (гаймор) қойнауы ; 8 - үлкен азу тіс арты аймағы; 9 - ұрт, құлақ маңы аймағы; 10 - төменгі жақсүйек айналасының шел тіндері; 11 - иек; 12 – жақсүйек асты аймағы; 13 - иек; 14 - тіл астының тіндері; 15 - тіл түбірі; 16 – қанат-жақсүйек кеңістігі; 17 - жұтқыншақмаңы кеңістігі; 18 - меншікті шайнау бұлшықетасты. Жақсүйектерінің альвеолалық өсінділері қырларының сүйекқабы асты абсцестерін тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі (58 сурет): • жансыздандыру - жергілікті инфильтрациялық, егер «себепші» тіс жұлынатын болса, қосымша өткізгіш-тік мандибулярлы, торусальды анестезия (М.М. Вайсбрем бойынша); • ауыз қуысының өтпелі қатпары-нан, ұзындығы инфильтраттың өл-шеміне сәйкес (шырышты қабығы және сүйекқабы (қандауірдің жүзі сүйекке тигізіліп) тілінеді (58,А,Ә суреттер); • іріңді қабыну процесі шырышты қабық астында шоғырлануында, қантоқтатқыш қысқышпен жұмсақ тіндер тереңдетіле тұйық ажыраты-лып, ірің шығарылады; • жараның жиектері жабылып қалмас үшін, резеңке жолақ енгізіледі; «себепші» тіс жұлынады (егер тісті сақтап қалу қажеттілігі болмаса);
58 сурет. Жақсүйектерінің альве-олалық сүйекқабы астының абсцесін шырышты қабықтан тіліп ашу орны 6.6. Беттің бүйір бөлімінің беткей аймақтары
6.6.1. Бетсүйек аймағының абсцесі мен флегмонасы (regio zygomatica)
Топографиялық анатомиясы. Аймақ бетсүйегіне (os zygomaticus) сәйкес, мына шекаралары бар (59 сурет): жоғарғы - көзұясының төменгі қыры (жоғарғы және артқы жағында самай аймағының алдыңғы-төменгі бөлімі, жоғарғы-артқы жағында - көзұясы); төменгі - бетсүйегі мен самай өсіндісінің төменгі қыры (астында ұрт аймағы жатады); алдыңғы - жоғарғы жақсүйегі мен бетсүйек жігі (алдында көзұя асты аймағы жатады); артқы - бетсүйегі мен самай сүйегінің жігі (артында құлақ маңы-шайнау аймағы жатады). Бетсүйек аймағында теріасты шел тіндерінен басқа жекеленген шел кеңістіктері бар және бетсүйек бұлшықетінің (m. zygomaticus) талшықтары басталады. Аймақтың сезімталдық жүйкеленуі n. zygomaticus тармақтарымен (үш тармақты жүйкенің екінші тармағы), ал қозғалтқыш жүйкеленуі бет жүйкесінің тармақтарымен жүзеге асады. Аймақты көлденең бет артериясынан бөлініп шығатын көзұя артериясы қоректендіреді. Инфекцияның негізгі көзі Жоғарғы 6543 I 3456 тістердің одонтогенді инфекциялық ошақтары, одонтогенді емес іріңді процестері, терінің инфекциялық қабыну аурулары, сондай-ақ ұрт және көзұяасты, құлақ маңы-шайнау және самай аймақтарының қабыну аурулары.
59 сурет. Бетсүйек аймағы және айналасында жатқан аймақтар:1 - бетсүйек аймағы; 2 - самай аймағы; 3 - көзұя аймағы; 4 - көзұя асты аймағы; 5 - ұрт аймағы; 6 - құлақ маңы-шайнау аймағы. Инфекцияның тарау жолдары Көзұя астына, ұрт, құлақмаңы-шайнау, самай аймақтарына, көзұясына.
![]() |