![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Топографиялық анатомиясы. Құлақ маңы-шайнау аймағының шекаралары (68 сурет): алдыңғы - меншікті шайнау бұлшықетінің
Құлақ маңы-шайнау аймағының шекаралары (68 сурет): алдыңғы - меншікті шайнау бұлшықетінің (m. massetter) алдыңғы шеті; артқы - емізік өсіндісі (processus mastoideus) мен төменгі жақсүйектің бұрышын біріктіретін деңгей; жоғарғы- бетсүйектің және доғасының (arcus zygomaticus) төменгі қыры, сыртқы есту өтісі мен самай сүйегінің бөлшегі; төменгі - төменгі жақ-сүйектің астыңғы қыры, сыртқы - тері, ішкі - төменгі жақсүйектің бұтағы мен біз тәрізді өсінді және соған бекитін бұлшықеттер: біз-тіласты бұлшықеті (m. stylohyoideus), қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы (venter posterior m. digastrici). Құлақ маңы-шайнау аймағының анатомиялық құрылымы (69 сурет). Бұл аймақтың теріасты шел тіндері жақсы дамыған, одан ымдау бұлшықеттеріне бет жүйкесінің тар-мақтары өтеді. Жүйке тармақтарының өту бағыты құлақ қалқанының сырғалығынан езуге және көз саңылауының сыртқы бұрышына баратын деңгейі - “үлкен қаз табаны” деп аталады. Аталмыш аймақтың беткей шел тіндерінен көлденең бағытта бет артериясы (a. transversa fasciei a. temporalis бұтағы) мен көктамырлар, олардың бет артерия-ларымен (a. facialis) және ұрт (a. buсcalis) анастомозы өтеді. Келесі қабат - сілекей безі мен меншікті шайнау бұлшықетін қап-тайтын құлақ маңы-шайнау айма-ғының меншікті шандыры (fascia parotidemasseterica). Шандырдың бет-кей табақшасы (сілекей безінің сыртқы беті) едәуір тығыз құрылым. Оның жиектері беттің сүйектік шығыңқы жерлеріне - бетсүйек доға-сына және төменгі жақсүйектің астынғы қырына бекиді. Құлақ маңы-шайнау шандыр табақшасының астын-да меншікті шайнау бұлшықеті және құлақ маңы сілекей безі жатады. Оның түтігі жоғарыда аталған бұлшықеттің сыртқы бетінде жатады. Сілекей безін қаптайтын шандыр табақшасының басым бөлімі төменгі жақсүйек артының шұнқырында (fossa retromandibularis) жатады. Шұнқырдың қабырғалары: алдыңғы - төменгі жақсүйектің бұтағы мен қанат тәрізді бұлшықет; төменгі- біз-тіласты бұлшықеті мен қос қарын-шалы бұлшықеттің артқы қарыншасы, артқы - емізік өсінді мен төс-бұғана-емізік бұлшықеті (m. sternoceido-mastoideus), жоғарғы - самай сүйегі-нің бөлшегі мен сыртқы есту өтісі, ішкі- біз тәрізді өсінді мен соған бекитін бұлшықеттер. Төменгі жақ-сүйек артының шұнқырда жатқан құлақ маңы сілекей безінің шандыр қынабының терең табақшасындағы (сілекей бездің артқы-ішкі беті) саңы-лаудан сілекей безінің жұтқыншақ өсіндісі өтеді. Осындай анатомиялық ерекшелігіне байланысты, сілекей безін қоршайтын шел тіндері жұтқыншақ маңы кеңістігіне жалғаса-тынын ескеру, осы аймақтан тарайтын іріңді қабыну ауруларының асқынула-рының алдын алуға мүмкіндік береді. Құлақ маңы сілекей безінің терең бөлімдерінде сыртқы күре тамыр өзінің соңғы екі бұтағына бөлінеді: n. аuirculotemporalis-пен бірге өтетін a. temporalis superfаcialis және a. maxillaris. Сілекей безінің терең бөлімдеріне артқы-ішкі жағынан бет жүйкесі еніп, оның алдынғы бетінде тор құрады (plexsus parotideus). Сілекей безі қабының ішінде лимфа түйіндері жатады. Құлақ маңы сілекей безінің алдында fascia parotideamasseterica екінші рет ажырап, меншікті шайнау бұлшықетін қаптайды. Меншікті шайнау бұл-шықеті шандырының сыртқы бетінен радиальды бағытта бет жүйкесінің тармақтары шығады. Құлақтың сырғалығы мен мұрын қанатын біріктіретін сызық бойымен шайнау бұлшықетінің сыртқы бетінен құлақ маңы сілекей безінің түтігі өтеді. Түтік бұлшықеттің алдынғы жиегінен иіліп өтіп, ауыз қуысының кіре-берісінен ашылады. Меншікті шайнау бұлшықетінің ішкі беті мен төменгі жақсүйек бұтағының сыртқы беті аралығында меншікті шайнау бұлшықеті астының (массетерасты) шел кеңістігі жатады. Сөйтіп, құлақ маңы-шайнау аймағын-да іріңді қабыну аурулары бірнеше қабат шел кеңістіктерінде өтуі мүмкін (70 сурет). Құлақ маңы-шайнау аймағының іріңді қабыну ауруларының хирур-гиялық емі төменгі жақсүйек астынан немесе жақсүйек артынан (төменгі жақсүйек бұрышын айналдыра 1,5 – 2 см төмен жерден, ұзындығы 5 - 6 см) тілік жасалып орындалады. Төменгі жақсүйек бұрышының тіндері қабат-қабатымен, шандыр табақшасы астынан өтетін бет жүйкесінің шеткері тармақтарын жарақаттамай тілінеді. Меншікті шайнау бұлшықетінің тал-шықтары төменгі жақсүйектің бұры-шынан мұқият ажыратылады. Бұл-шықеттің сіңірі сүйектен ажыраты-лып, жоғары қарай қайырылады. Төменгі жақсүйек бұтағының сыртқы беті, қажет болса - бұлшықеттің талшықтары мен құлақ маңы сілекей безі және меншікті шайнау бұлшықетінің аралықтары ашылады. Құлақ маңы-шайнау аймағының анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне байланысты, же-дел іріңді қабыну процестері бірнеше жеке шел кеңістіктерінде өту мүмкін. Олар: • құлақ маңы-шайнау аймағының теріасты шел тіндерінде; • құлақ маңы аймағында; • меншікті шайнау бұлшықеті ас-тының кеңістігінде; • төменгі жақсүйек арты шұң-қырында.
68 сурет. Кұлақ маңы-шайнау аймағы (regio parotideomassetericus) 1 – бет сұйегі, os zygomaticum; 2 – меншікті шайнау бұлшық еті, m. masseter; 3 – құлақ маңы шайнау сілекей безі, glandula parotideus; 4 - құлақ маңы шайнау сілекей безінің түтігі, ductus parotideus; 5 - processus mastoideus; 6 – бет жүйкесі, nervus facialis 69 сурет. Кұлақ маңы-шайнау айма-ғының қабаттары (жоба жазықтық кесіндісінен): 1 - тері және теріастының шел тіндері; 2а - құлақ маңы сілекей безі-нің шандыры, fascia parotidea; 2ә - меншікті шайнау бұшықетінің шандыры, fascia masseterica; 3 - құлақ маңы шайнау сілекей безі, gl. parotis; 4 – төменгі жақсүйектің бұтағы, ramus mandibulae; 5 – төс-бұғана-емізік бұлшықеті, m. sterno-cleido-mastoideus
70 сурет. Құлақ маңы-шайнау айма-ғында іріңді қабыну процес-терінің шоғырлануы: А - тері астының шел тіндерінде; Ә - шандыр табақша астының шел тіндерінде; Б - бұлшықет астының шел кеңістігінде; В - төменгі жақсүйек арты шұнқырының шел тіндерінде; Г - бірнеше шел кеңістіктерінде.
Енді осы анатомиялық аймақтарда өтетін жедел іріңді қабыну аурула-рына жеке тоқталу қажет.
6.6.3.1. Құлақ маңы-шайнау аймағының теріасты шел тіндерінің абсцестері мен флегмоналары (region paratideomasseterica)
![]() |