![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Инфекцияның тарау жолдары. Жақсүйек артына, төменгі жақсүйекасты мен ұрт аймақтарына
Жақсүйек артына, төменгі жақсүйекасты мен ұрт аймақтарына, жұтқыншақ маңы және қанат-жақсүйек кеңістіктеріне, мойынның қан тамыр-жүйке шоғырының қынабына. Құлақ маңы аймағының шандыр табақшасы астының флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі (74 сурет): Іріңді ошақ құлақ маңы аймағының шандыртабақшасы астының шел кеңістігінде орналасқанда (74,А сурет); • жансыздандыру - наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық) немесе премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық анестезия; • бет жүйке тармақтарын (r. marginalis mandibulae n. facialis) жарақаттамау үшін, төменгі жақсү-йектің бұрышы мен артқы қырынан 1,5 - 2 см алшақтықта іріңді ошақтың көлеміне сәйкес тері және тері астының шел тіндері тілінеді (74, Ә,Б суреттер); • жараның үстіңгі жиегінің терісі және тері астының шел тіндері төменгі жақсүйектің бұрышы мен меншікті шайнау бұлшықеті (m. massetter) ашылғанша тұйық ажыратылып, жоғары көтеріледі (74,В сурет) Гемостаз; • тілгімен (қандауірмен) құлақ маңының шандыр табақшасын (fascia parotidea) 0,5 - 1 см ұзындықта тіліп (74,Г сурет), қантоқтатқыш қысқыш-пен астында жатқан тіндерден боса-тылады; • ашылған қантоқтатқыш қыс-қыштың бойымен құлақ маңы аймағының шандыры тілінеді; (74,Д сурет); • құлақ маңы шандырының ас-тында жатқан тіндер қантоқтатқыш қысқышпен іріңді ошаққа қарай тереңдетіле ажыратылып, ірің шыға-рылады; (74,Е сурет). Гемостаз; • іріңді жараға резеңке жолақ енгізіледі (74,Ж сурет); • жараға гипертониялық немесе антисептикалық ерітінділермен дым-қылданған асептикті дәке танғыш салынады.
74 сурет.Құлақ маңы аймағының шандыр табақшасы астының флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу кезеңдері
6.6.3.3. Меншікті шайнау бұлшықетіасты кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы (region submasseterica) Меншікті шайнау бұлшықеті астының (массетерасты) кеңістігі төменгі жақсүйек бұтағының сыртқы беті мен меншікті шайнау бұлшықеті және шандыр табақшасы аралығын қамтиды. Кеңістіктің артқы жағы үшінші үлкен азу тіс артының (үлкен азу тіс арты аймағы, ретромолярлық кеңістік немесе ретромолярлық үш-бұрыш деп те аталады) шырышты қабығымен шектеледі. Меншікті шай-нау бұлшықетасты кеңістігінен өзімен аттас жүйке тармағы, артерия және көктамыры өтеді. Шайнау бұлшық-етінің қан тамыр-жүйке шоғыры бұл жерге төменгі жақсүйек бұтағының тәж тәрізді және буын өсінділері аралығындағы дәнекер тінді табақ-шаны (мембрананы) жаншып өтеді. Меншікті шайнау бұлшықетін жабатын шандыр табақша берік бітісіп жатса да, оны кейбір жерлерінен, әсіресе бұлшықеттің ішкі бетінен және төменгі жақсүйектің бұтағынан жеңіл ажыратуға болады. Меншікті шайнау бұлшықеті мен төменгі жақсүйектің бұрышы аралығында жеке шел кеңістігі жатады. Аталмыш шел кеңістігі үстіңгі жағында самай аймағының шел кеңістігіне жалғасады және төменгі жақсүйектің бұтағы бойымен буын басына дейін жетеді. Осыған байланысты, бұл аймақты кейбір авторлар құлақ маңы-шайнау аймағы деп те атайды. Осындай анатомиялық және топографиялық ерекшеліктерін ескеріп, П.М. Егоров (1972) құлақ маңы-шайнау аймағының флегмоналарын мына түрлерге бөледі: 1) меншікті шайнау бұлшықетін түгелдей қамтитын флегмона; 2) меншікті шайнау бұлшықетінің төменгі бөлімінің абсцесі; 3) құлақ маңы-шайнау бұлшықеті мен төменгі жақсүйек бұтағын бірдей қамтитын флегмона. Құлақ маңы-шайнау аймағының қабыну аурулары, П.М. Егоровтың (1972) мәліметтері бойынша, созылмалы периодонтиттердің өршу-інен немесе төменгі үшінші үлкен азу тістің (ақыл тістің) кедергіленіп жарып шығуының асқынуларынан дамиды. Кеңістікте өтетін іріңді қабыну аурулары меншікті шайнау бұлшықеттің немесе құлақ маңы-шайнау аймағының флегмоналарына тән клиникалық белгілерімен сипатталады. Бұл аймақтың абс-цесстері мен флегмоналарына опера-ция жүргізілгенде, бет жүйке тармақтарының өту бағыты ескерілуі тиіс (75 сурет).
![]() |