Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Топографиялық анатомиясы және іріңді қабыну процесінің даму себеп-тері



Меншікті жұтқыншақ маңы кеңістігінің шекарасы (91 сурет): ішкі - жұтқыншақтың қабырғасы мен оны жабатын шандыр табақша және жұмсақ таңдайды керіп тұратын бұлшықеттер (m.m tensor et levator veli palatine); төменгі - жұтқыншақ маңы кеңістігін бадамшадан бөліп тұратын бұлшықет (m. constrictor superior); сыртқы - құлақ маңы сілекей безі қабының терең табақшасы және ішкі (медиальды) қанат тәрізді бұлшықеті (m. pterigoideus mеdialis) мен оны жабатын шандыр табақша, қанат тәрізді бұлшықеттер аралығының апоневрозы; алдыңғы - қанат тәрізді бұлшықеттері аралығынан өтетін шандыр; артқы - жұтқыншақ-омырт-қа алдының апоневрозы мен біз тәрізді өсіндіге бекитін бұлшықеттер (mт. stylohyoideus, styloglossus, stylop-haryngeus) - Риолонов шоғыры (А.И Евдокимов, Г.А Васильев, 1959) және екі сіңір байламы (lig. styloman-dibulare, lig. stylohyoidum). Бұлар біз-жұтқыншақ апоневрозы немесе Жонеско апоневрозы деп аталатын шандыр табақшамен қапталады.

 

 

91 сурет. Құлақ маңы сілекей безінің орны және жұтқыншақ маңы саңлауларының топографиясы.

1 – төменгі жақсүйек; 2 – бет жүйкесі; 3 – құлақ маңы сілекей безі; 4 – сыртқы ұйқы артерия; 5 – артқы бет көктамыры; 6 – құлақ маңы шандыры; 7 – жоғарғы мойындырық көктамыры; 8 – қосыша жүйке; 9 – ішкі ұйқы артерия мен кезбе жүйкесі; 10 – мойын омыртқасы; 11 – тіласты жүйкесі; 12 – таңдай бадамшасы; 13 – самай сүйектің бізтәрізді өсіндісі; 14 – ішкі қанат тәрізді бұлшықет; 15 – шайнау бұлшықеті.

 

Аталмыш апоневроз жұтқыншақтың артқы-ішкі бөлімінен басталып, Рио-лонов шоғырын құрайтын бұлшық-еттерді және жоғарыда аталған екі сіңір байламын қаптап, қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасының үстінен асып өтіп, m. sternocle-idjmastoideus шандырына бекиді.

Жұтқыншақ маңы кеңістігінің ішкі бетіне таңдай бадамшасы, сыртқы бетіне - құлақ маңы сілекей безінің жұтқыншақтық өсіндісі жанасып жа-тады (латеральды қанат тәрізді бұлшықеті мен біз тәрізді өсінді аралығы). Осы арада құлақ маңы сілекей безінің қабы өте жұқа, тіптен бұл арада ақау болуы мүмкін (92 сурет).

Жонеско апоневрозы жұтқыншақ маңы кеңістігін артқы және алдыңғы бөлімдерге бөледі. Жұтқыншақ маңы кеңістігінің екі бөлімі де шел тіндерімен толы. Олар соның ішіндегі бұлшықеттерді, жүйке тармақтары мен қан тамырларын қоршап жатады. Жонеско апоневрозы, m. stylohyoideus және басқа да бұлшықеттер аралы-ғынан өтетін сыртқы ұйқы артерия бойымен инфекция көршілес аймақ-тарға тез тарауы мүмкін.

Жұтқыншақ маңы кеңістігінің төменгі жақсүйекарты шұңқырымен және құлақ маңы аймағымен тығыз байланысы бар. Сонымен қоса, ол біз-тіл және біз-тіласты бұлшықеттері бойымен ауыз қуысы түбінің және төменгі жақсүйек үшбұрышының шел тіндерімен де қатынасы бар (93 сурет). Таңдай бадамшасына баратын таң-дайдың өрлеуші көктамыры (v. palatine ascendens) жұтқыншақ маңы кеңістігінде өтетін ірінді қабыну процесінің өршуіне себеп болуы мүмкін. Әсіресе сепсистік баспа ауруы аталмыш және басқа да көктамыр-ларының (v. facialis communis, vv. jugularis interna et externa) тром-бофлебиттерінің дамуына себеп болуы мүмкін (Войно-Ясенецкий, 1947).

 

92 сурет. Құлақ маңы сілекей безі мен жұтқыншақ маңы кеңістігі жазықтық бағытта көрсетілген.

1 - меншікті шайнау бұлшықеті; 2 - төменгі жақсүйек; 3 - бет жүйкесі; 4 - сыртқы ұйқы артерия; 5 - құлақ маңы сілекей безі; 6 - мойынның тереңдігінде жатқан лимфа түйіндері; 7 - жұтқыншақ маңы кеңістігінің артқы бөлімі; 8 - ішкі мойындырық көктамыры; 9 - тіл-жұтқыншақ жүйкесі; 10 - кезбе жүйкесі мен симпатикалық бағана; 11 - ішкі ұйқы және тіласты артериялары; 12 – жұтқыншақарты кеңістігі; 13 - жұтқыншақ-омыртқа аралық шандыры; 14 - қосымша жүйке; 15 - біз тәрізді өсінді; 16 - біз тәрізді өсіндіге бекитін бұлшықеттер; 17 - жұтқыншақ маңы кеңістігінің алдыңғы бөлімі; 18 - таңдай бадамшасы; 19 – медиальды қанат тәрізді бұлшықет.

 

Жұтқыншақ маңы кеңістігінің сыр-тында, мойын омыртқаларының ал-дыңғы шандыр табақшасы тұсында n. glossopharingeus, n. vagus, n. acce-ssories, n. hypoglossus, ал омыр-тқаға таяу жерде - truncus sumpathicus, ішкі ұйқы артерия мен лимфа түйіндері жатады. Жұтқыншақ маңы кеңісті-гінде біріншілік іріңді қабыну процесі өте сирек дамиды. Әдет біріншілік инфекция процесі жұтқын-шақтың және жұтқыншақ маңы тіндерінің жарақаттануынан дамиды.

 

 

93 сурет. Жұтқыншақ маңы кеңістігі (А - жоба алдынғы кесін-дісінен, Ә - жоба жазықтық кесінді-сінен) және іріңді қабыну процестің тарау жолдары: 1 – жұтқыншақ маңы кеңістігі, spatum parapharingeum; 2 – жұтқыншақарты кеңістігі, spatum retropharingeum; 3 – жұтқыншақ, pharyngx; 4 – қанат тәрізді бұлшықет, m. pterygoideus; 5 – төменгі жақсүйектің бұтағы, ramus man-dibulae; 6 – таңдай бадамшасы, tonsilla palatina; 7 – жұтқыншақ бадамшасы, tonsilla haringealis; 8 – ішкі ұйқы артерия, a. corotis interna; 9 – ішкі мойындырық көктамыры, v. jugularis interna; 10 – тіласты аймағы, regio sublingualis; 11 – жақсүйек аймағы, regio submandibularis;13 – қанат-жақсүйек кеңістігі, spatum pterigomandibulare.



Просмотров 1642

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!