Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасының клиникалық белгі-лері



Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасында науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта болуы мүмкін. Науқастың тыныс алуы, тағам қабылдауы және жұтынуы бұзылмайды. Иек астының жұмсақ тіндері домбығып ісінуінен, беттің төменгі ⅓ бөлігі ұзарғандай болып көрінеді (99 сурет). Инфильтрат үстінің терісі ісініп керіліп тұрады, қатпарға жиналмайды, қызарған. Пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Кей жағдайларда тіндердің ісінуінен науқастың тілі жоғары көтеріліп, сөйлеуіне, тамақ қабыл-дауына кедергі келтіреді. Дене қызуы субфебрильді. Иек астының іріңді қабыну аурулары жедел лимфаденит, аденофлегмона, одонтогенді флегмона немесе остеофлегмона ретінде өтуі мүмкін. Жедел сірлі лимфаденитте иекастының лимфа түйіндері ұлғайып қатаяды, айна-ласындағы жұмсақ тіндер домбығып ісінеді, пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Лимфадениттің бұл кезеңі уақытылы емделсе, қабыну процесі кері дамиды. Егер емдеу жүргізгеннің өзінде лимфа түйіндерінің өлшемі өзгеріссіз, сол қалпында қалса, лимфа түйіндерін тіліп ашып, іріңді шығару қажет. Қабыну процесі флегмонаға ауыс-қанда, науқастың жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріледі, ағзаның жалпы улану белгілері айқындала түседі.

 

а ә

99 сурет. Иекасты аймағының флегмонасы.

а – көрініс алдынан; ә – көрініс жанынан.

Инфекцияның тарау жолдары.

Төменгі жақсүйекасты және мойын-ның ұйқы үшбұрыш аймақтарына (тіндерді бойлай немесе лимфогенді жолмен) тарауы мүмкін.

Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операция-сының орындалу реттілігі (100, 101, 102 суреттер):

· жансыздандыру - наркоз (көкта-мырішілік, ингаляциялық) немесе премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық анестезия;

· иекасты аймағының абсцесінде ауыз қуысы түбінің ортаңғы деңгейінен тік (100/4, 101, суреттер) немесе көлденен бағытта тері және тері астының шел тіндері төменгі жақсүйектің денесінен 1 – 1,5 см төмен, ұзындығы 3 - 4 см шамасында тілінеді;

 

 

100 сурет. Ауыз қуыс түбінен іріңді ошақтарды тіліп ашуі орындары және бағыты көрсетілген.

1 – жақсұйекасты флегмонасы; 2 – ауыз қуыс түбінің және тіл түбірінің флегмоналары; 3 – иекасты флегмонасы; 4 – тіл түбірінің абсцесі.

 

· флегмонада иекасты және тіл-асты сүйек аралығынан, иектің қырына параллельді бағытта тері тілінеді (102А,Ә суреттер);

· жараның жиектері мойынның теріасты бұлшықетімен (m.platysma) және беткей шандырымен (fascia colli superficialis) бірге қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ажыратылады (100, Г сурет);

· иек астының абсцесінде мой-ынның меншікті шандырының бет-кей табақшасы тері тілігінің ұзын-дығына сәйкес тілінеді (102,Д сурет), ал флегмонада – жараның жиектері жақсы ашылу үшін қосымша мой-ынның теріасты бұлшықеті айқас-талып тілінеді. (102,Е,Ж,З суреттер);

· иекасты кеңістігінің шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен іріңді ошаққа қарай тұйық тереңдетіле ажы-ратылып, ірің шығарылады. Гемостаз;

· іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі (102,Д сурет);

· гипертониялық немесе анти-септикалық ерітінділермен дымқыл-данған асептикті дәке танғыш салынады.

 

101 сурет. Иекастының және тіл түбінің флегмоналарын ашқанда жасалатын тіліктің көрнісі (Andre, 1971).

 

102 сурет. Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасын тік және көлденен бағытта тіліп ашылатын операцияларының кезеңдері

 

 



Просмотров 1651

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!