![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Белсенді дәрі-дәрмектермен емдеу
Ағзаның инфекцияға тұрақтылығын жоғарылату мақсатымен арнайы жоға-ры калориялы тағамдар, фармако-логиялық дәрі-дәрмектер, емдік шынықтыру және физика-фарма-кологиялық ем шаралары кеңінен тағайындалады. Осындай емдік шара-лармен ағзаның реактивтілік күшін жоғарылату, бет-жақсүйек аймағының қабыну ауруларымен ауруханада ұзақ жатқан науқастарға өте қажет. Ағзаның реактивтілігін жоғарлатуға тағайындалған дәрі-дәрмектер дерттің бой алуына жол бермей, науқастың тез айығуына септігін тигізеді. Дәрумендер - ағзаның көптеген алмасу процестеріне қатысатын, физиологиялық белсенділігі жоғары заттар. Олар ағзаның резистенттілігін жоғарылатуға және реактивтілігін арттыруға қатысады. Дәрумендер (А,С және В тобы) ағзада антидене түзуге қатысып, фагоцитоз процесін арттырады, патогенді микробтардың улы өнімдерін бейтараптайды (Т.Н. Шилов,1974; Т.Ш.Шарманов,1977). Осы мақсаттпен клиникалық тәжіри-беде пиримидинді және пуринді препараттар (метацил, пентоксил) кеңінен қолданылады. Бұл пре-параттар ағзада ақуыздың және жасушалардың құрамындағы нуклейн қышқылдарының қалыпты жағдайда ыдырауынан туындайтын өнімдері сияқты қызмет атқарады (лейкопоэзді жеделдету, жасушалардың дамуын реттеу, қабыну прцесіне қарсы тұру). Пиримидиндер қабыну процесінің экссудативті кезеңін тежеп, проли-феративті кезеңін жеделдетеді, жара-ның жазылуына оңтайлы жағдай туғызады. Олар гранулоциттер мен антиденелердің түзілуіне, фагоци-тоздың өсуіне, анаболиялық және регенерациялық процестерін реттеуге, ағзаның инфекцияға тұрақтылығын жоғарлатуға қатысады, ретикулогис-тиоциттік жүйенің қабілетін артты-рады (И.В.Русаков,1971). Пиримидин түзілістерін пирогенал-мен немесе продигиозанмен бірге тағайындау, олардың әсерін едәуір жоғарлатады. Метилурацил мен про-дигиозанның бір-бірін толықтыратын қасиеттері ескеріліп, оларды бірге тағайындау, ағзаның тез қалыпына келу мүмкіндіктерін арттырады. Бет-жақсүйек аймақтарының қабыну ауруларында пиримидин түзілістерін (пентоксил 0,2 гр тәулігіне 3 рет, тамақтан кейін 7-10 тәулік) тағайындау, ағзаның бейспецифика-лық қорғаныс күшін және анти-бактериялық емінің тиімділігін артты-рады. Бет-жақсүйек аймағының қабыну ауруларында ағзаның реактивтілігін реттеуге адаптогендер тағайында-лады (дибазол, женьшень, элеутеро-кокк және т.б.) Дибазол спазмолитик ретінде кеңінен қолданылатын препарат, сондай-ақ ол шеткері жүйке жүйесі зақымданғанда регенерация-лық процесін реттейді, Оны 0,005 гр тәулігіне 2 - 3 рет тағайындайды.
9.3.3. Ферменттік ем.
Іріңді қабыну ауруларын емдеуде ферменттер жиі қолданылады. Солар-дың ішінде клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылатындар: трипсин, химотрипсин, химопсин, террилитин, гидролитин, папаин, рибонуклеаза, дизоксирибонуклеаза, дикиназа, лизо-цим. Гиалуронидаза ферменттер арасында лидаза және ронидаза іріңді хирургияда жиі қолданылады. Іріңді қабыну ауруларын емдеуде трип-синнің, химотрипсиннің, химопсиннің және басқа да протеолитиктік фер-менттердің некролиттік, муколиттік және дегидротациялық қасиеттері аса құнды. Ферменттік препараттарын қолдану әдістері өте көп: жергілікті (жараны жуу, аппликациялау, инсти-ляциялау, аэрозоль ретінде), бұлшық-етке енгізу (іріңді жараның жиектеріне егу), қабыну ошағына, көктамырға және артерияға енгізу, ішкізу (пероральды), электрофорез ретінде қолдану . Ферменттердің жергілікті ем ретінде қолданылуы, олардың про-теолиттік (өліеттенген тіндерді ыдырату) қасиетіне байланысты. Фер-менттерді қолданғанда іріңді жара өліеттенген тіндерден тез тазарып, грануляциялану кезеңі тездетіледі. Оны іріңді ошақты тіліп ашқаннан кейін қолдануға болады. Ол үшін қабыну ошағы іріңнен тазартылып, сутегі тотығымен өңделеді, дәкемен кептіріледі.Содан соң 1 - 2,5% ферменттік ерітіндісі сіңірілген дәке белгілі бір уақытқа іріңді жарада қалдыралады. Әдетте протеолиттік ферменттерді іріңді жараның жергі-лікті емі ретінде қолданғанда қабыну процесінің гидротациялық кезеңі қысқарып, іріңді жара тез тазарады (қолданылу мерзімі 8 күннен аспауы тиіс). Ферменттерді басқа препараттармен бірге қолданған жақсы нәтиже береді. Антибиотиктерді протеолиттік фер-менттермен бірге қолданғанда дәрі-дәрмектердің фармакокинетикасы ескерілуі тиіс. Ферменттер антиби-отиктің іріңді ошаққа өтуін жеңіл-детеді, көптеген микробтардың антибиотикке тұрақтылығын төмен-детеді, бактерияға қарсы әсерін арттырады, қанда және қабыну ошағында антибиотиктердің концен-трациясын өсіреді. Антибиотиктер арасында стрептомициннің фермент-термен үйлесімділігі өте жоғары, себебі ол ферменттермен бейтарап-танбайды. Ферменттердің кейбір дәрі-дәрмектермен үйлесімділігі олардың іріңді ошаққа өтуінің жеңілденуімен байланысты. Новокаин (0,25 – 0,5%) ерітіндісімен химопсинның және химотрепсинның қасиеттері жойыл-майды. Клиникалық тәжірибиеде лизоцим ұнтақ күйінде микробтарға қарсы кеңінен қолданылады. Оның антибак-териялық қасиеті тетрациклинмен, эритромицинмен, левомицетинмен, стрептомицинмен, метициллинмен бірге қолданғанда едәуір арта түседі. Оны 150 мг тәулігіне 2 - 3 рет 7 күн бұлшықетке егеді, ал 0,5% ерітіндісін жергілікті ем ретіне қолдануға бо-лады. Лизоцимді антибиотиктермен бірге қолданған өте тиімді. Ферменттерді мына жағдайларда қолдануға болмайды: • жүрек-қан тамыр жүйесі қыз-метінің жетіспеушілігінде; • инфекциялық гепатитте; • бауырдың қызметі бұзылғанда; • панкреатитте; • геморрагиялық диатезде; • ішек-қарыннан және өкпеден қан кету қауіптілігі болғанда; • қатерлі ісіктерде; • аллергиялық реакцияларда.
9.3.4.Иммундық ем.
Бет-жақсүйек аймағының іріңді қа-быну ауруларын кешенді емдеу уақы-тымен жүргізілгеннің өзінде асқыну-лар болып тұрады. С.С. Алек-сандрованың (1979), В.П.Зуевтің (1981), Л.М.Цеповтың (1981) және өзіміздің отандық ғалымдардың зерттеулерінен белгілі болғандай (М.К. Супиев, 1990; А.Ғ.Құраш, 1989; В.П.Дырда, 1998; Б.С.Жаналина 1998 және т.б.,) осындай асқынулардың даму себептері ағзаның қорғаныс күші төмендеуімен, иммундық механиз-мінің бұзылуымен байланысты. Қабыну процестерін кешенді емдеуде ағзаның спецификалық реактивтілігін жоғарылату мақсатымен арнайы препараттар қолдану тиімді нәтиже беретіні мәлім. Солардың қатарына стафилококктық анотоксин жата-ды. Оны клиникалық тәжірибеге алғашқы рет Г.В.Выгодчиков (1936) енгізгені белгілі. Стафилакокктық анатоксиннің екі түрі шығарылады: нативті және тазартылған, яғни құнарлы сұйықтық ортада стафила-кокктарды өсіріп-өндіру арқылы адсорбциялау. Токсиндер микробтық жасушалардан босатылып, 0,4% ері-тіндіде 370С температурада 10 күн бейтарапталады. Осындай өңдеуден өткізгеннен кейін стафилакокктың уы жоғалтса да, антигенді және иммун-дық қасиеттерін сақтайды Тазарты-лып, адсорбцияланған стафилакокк-тық анатоксині нативті анатоксин-нен дайындалады. Ол үшін оны тазартып, концентрациялайды, содан соң алюмин α - тотығы гидратының гелінде сорбциялайды. Стафи-лакоккты анатоксин ағзада анти-стафилолизин, антилейкотоксин және антигемотоксин түзеді. Препаратты қайтадан енгізгенде науқастың қа-нында спецификалық антитоксин титрі өсіп, ағзаның белсенді спецификалық иммунитеті артады. Г.В. Выгодчиковтың (1963), А.М. Смирнованың (1976) және т.б. авторлардың мәліметтері бойынша, стафилококкты анатоксиннің тек антитоксиндік қана емес, сондай-ақ антимикробтық қасиеті бар. Әдетте сау адамның ағзасында антитоксиннің титрі 1 мл 0,25 - 0,5 АЕ аспайды. Нативті анатоксинмен емдегенде антитоксин титрі 8 - 12 есе, кейбір науқастарда 20 - 30 есе, ал адсорбци-яланған анатоксин енгізгенде орта есеппен 8 есе жоғарлайды (Биберман Я.М.,1976). Анатоксинменс жақсүйектерінің одонтогенді және жарақаттық остео-миелиттерін емдегенде жақсы нәтиже береді. Процестің жедел сатысында хирургиялық емінен кейін нативті анатоксин мына жобамен егізіледі: жауырынның төменгі бұрышының тері астына, әр мөлшерін өсіре 0,1 мл бастап 2,0 мл дейін жеткізіп, арасына 3 - 4 күн салып, мөлшерін 0,1 мл бастап 2,0 мл дейін өсіріп отырып енгізіледі; препараттың егу саны 9 (0,1; 0,3; 0,5; 0,7; 1; 1,2; 1,5; 1,7; 2 мл). Қабыну процестің созылмалы саты-сында 5 рет егеді (0,3;0,5;1,0;1,5, 2 мл). Жақсүйектерінің остеомиелитінде адсорбцияланған анатоксин қолданы-лады. Оны аптасына 1 рет 0,5 мл-ден 4 рет егеді. Осы жобамен жақсүйек-терінің остеомиелитін емдегенде инфекциялық процестің жедел сатысының мерзімін қысқартып, сүйектің зақымдану өлшемін шектейді. Инфекцияның созылмалы сатысында остеомиелиттік ошақта резорбциялық және репаративтік процестері жеделдеп, секвестрдің бөл-шектену мерзімі қысқарады. Абсцес-тер мен флегмоналарды, лимфаденит-терді және бет-жақсүйек аймақтары-ның басқа да жедел іріңді қабыну ауруларын емдеу барысында, адсор-бцияланған анатоксинмен ағзаның иммундық күшін тез жоғарлату үшін экспресс-иммунизациялау әдісі жүр-гізіледі. Ол үшін Биберман Я.М., Мордвинова Н.Б., (1971) адсорбция-ланған анатоксинді тері астына 3 рет егуді ұсынады. Науқас ауруханаға түскен күні 0,5 мл, 3 күн өткен соң - 0,8 мл, 6 - 7 күннен кейін 1 мл. Анатоксинге аллергиялық реациясы бар науқастарға, туберкулез, жүрек-қантамыр,эндокриндік жүйе, өкпе, бүйрек, және қан ауруларында мұндай ем жүргізуге болмайды. Стафилакоккты антифагин1971 жылы М.И. Аринкин ашқан. Препарат алтын және ақ түсті стафилакокктар тұнбасынан дайындалады. Онымен сыздауықты және шиқанды емдеу өте тиімді. Препаратты тері астына мөлшерін күн сайын 0,2 мл-ден 1мл-ге дейін өсіре егеді. В.А. Проскуров (1974) антифагинді тәулігіне 1 рет 0,5 мл-ден 5 күн сайын егуді ұсынды, жалпы саны 3 - 4 инъекция. Антифагиннің емдік әсер ету меха-низмі ретикулоэндотелий жүйесінің қызметін реттеумен, спецификалық антиденелердің түзілуін жедел-детуімен байланысты. Препарат лейкоциттердің фагоциттіқ белсенді-лігін арттырып, агглютинін титрінің өсуіне, ағзада антимикробтық им-мунитет қалыптасуына себін тигізеді. Антифагинді стафилакоккты анаток-синмен бірге қолданған өте жақсы нәтиже береді, себебі әр препараттың жеке иммуногенез процесінің әр сатысына өзіндік әсер етуі (анти-микробтық және антитоксинді) стафи-лакоккты инфекцияда өте маңызды. (Смирнов А.М., 1977). Антистафилакоккті екпе (вакци-на) – хлорид натрийдің изотоникалық ерітіндісінде дайындалған стафи-лакоккты тұнба. Препарат қоңыр-сары түсті, лайлы ерітінді. Антиста-филакоккті екпе 1 мл ампулады шығарылады. Ампулада 2 млд микробтық жасуша бар. Екпені жақ-сүйектерінің стафилакокктік созыл-малы остеомиелитінің баяу ағымында қосымша ем ретінде қолданылады. Бірінші рет еккенде 0,005 - 0,1 мл, кейін мөлшерін 0,1 мл дейін жоғарылатады. Препарат 3 - 4 күн сайын енгізіледі, жалпы саны 8 - 10. Кейбір науқастарда екпеден кейін жалпы, жергілікті немесе ошақты реакциялар туындауы мүмкін. Мұндайда екпенің енгізу мөлшері өзгертіледі немесе тоқтатылады. Өкпе туберкулезінде, қан ауруларында, жүктілікте, ішкі мүшелерінің ауыр сырқаттарында екпені тағйындауға болмайды. Антистафилакоккті гипериммунды плазма. Адамның плазмасынан оның айырмашылығы - құрамында антитоксинді және анти-стафилакоккті антиденелердің титрі жоғары болуында. Мұндай плазманы енгізгеннен кейін, ағзада специфи-калық пассивті иммуниетет қалып-тасады. Өндірісте антистафилакоккты плазманың екі түрі шығарылады: мұздатылған ерітінді стерильді пластикалық қаптамада көлемі 10 - 250 мл көктамырға енгізуге арналған мұздатылған ерітінді және жергілікті ем ретінде қолдануға 2 гр ұнтақ түрінде шығарылады. Қолданар алдында мұздатылған плазманы ерітіп, 37°С температураға дейін жылытылған ыдыста суда ұстау қажет. Мұздатылған плазма ерітілген соң жылы бөлмеде сақтау қажет. Ұнтақталған құрғақ плазма дисти-лденген суда немесе хлорид натрийдің изотоникалық ерітіндісінде ерітіледі. Қолдануға дайын плазма алтын-сары түсті. Плазма (5 мл/кг есебімен) жалпы жағдайы өте ауыр науқастарға күн сайын 4 - 5 күн бойы көктамырға енгізіледі. Әдетте, мұндай науқастарда іріңді қабыну процестері жайылмалы түрде өтіп, ағзаның спецификалық және бейспецификалық қорғаныс күштері төмендейді. Плазма енгізіл-геннен 2 - 3 күн өткен соң науқастың жалпы жағдайы жақсарып, дене қызуы және ағзаның уыттану дәрежелігі төмендейді, жалпы іріңді қабыну ауруларына тән іріңді резортивті қалтырау және сепсистің клиникалық белгілер кері дамиды. Плазманы инфекцияның алғашқы даму кезең-дерінде енгізу жақсы нәтиже береді. Бет-жақсүйек аймағының жедел іріңді қабыну ауруларында (абсцесс, флегмона, остиомиелит, лимфаденит және т.б.) антистафилакоккты плазма жергілікті ем ретінде қолданылады. Оны қолданудың екі әдісі бар: қабыну ошағындағы тіндерге енгізу және дәкеге сіңіріп немесе таза өзімен іріңді жараны өңдеу. Плазманы тінге егу ауырсыну сезімін тудырады, сол себептен оны 10 - 15 мл 0,25 - 0,5% новокаин немесе тримекаин ерітін-ділерімен бірге қолданған жөн. Осы әдіспен плазманы күн сайын қолдануға болады. Мұндайда іріңді жара тез тазарып, грануляциялық тіндер ерте пайда бола бастайды. Антистафилококкті гаммаглобулин. Препарат ашық сары түсті, 3 - 5 мл ампулада дайындалып шығарылады. Донарлық 1 мл гамма-глобулинінде 50 Б, ал плаценттік гаммаглобулинінде - 20 Б бар. Гаммаглобулин антистафилакоккті плазма сияқты, 3 - 4 апта сақталатын пассивті иммунитетті тудырады. Антистафилококты гамма-глобулин стафилакоккты токсинді бейтарап-тайды. Н.Н. Бажановтың (1979) мәліметтері бойынша, антистафило-кокты гаммаглобулиннің аллергияға қарсы және десенсибилизациялау қасиеті бар. Препараттың 100 - 300 Б бұлшықетке күн сайын немесе күнара енгізеді. Қабыну процесінің ауыр ағымында препарат тәулігіне үш реттен үш күн, кейін тәулігіне 1 рет енгізіледі (Бажанов Н.Н.,1979). Гаммаглобулинмен емдеу нәтиже-сінде ағзаның жүйелері мен мүше-лерінің қызметтері дұрысталып, науқастың жалпы жағдайы жақсарады, дене қызуы төмендейді, қабыну процесінің ағымы реттеледі. Пре-паратты тағайындаудың кері көрсеті-лімдері жоқ, енгізгенде ешқандай реакция тудырмайды. Стафилакоккты бактериофаг- стафилакоккты фаголизаттың стериль-ді түзілісі мөлдір, сарғыш түсті. Өндірісте 2 - 10 мл ампулада шыға-рылады. Негізінен жергілікті ем ретінде (жараны өңдеуге) қолданады, сирек жағдайда – тері астына, теріге немесе бұлшықетке енгізіледі. Пре-паратқа стафилококктар өте сезімтал, антибиотиктерге тұрақты. Іріңді жарада препарат микробтарды ыды-ратады, лейкоциттердің иммундық күшін жоғарылатады. Іріңді жараны 3 - 5 мл бактериофагпен өңдегеннен кейін, соның өзімен дымқылданған дәке және резеңке жолақ қал-дырылады. Бактериофагты қабыну ошақтың айналасындағы тіндерге егу-ге болады.
9.3.5. Инфузиялық ем.
Бет-жаксүйек аймағының ауыр ағымды жедел іріңді қабыну ауру-лары (остеофлегмона, ауыз қуысы түбінің және тіл түбірінің флегмона-лары) және олардың іріңді-сепсистік асқынулары (тромбофлебит, медиасте-нит, кеуекті қойнауларының тромбозы және т.б.) ағзада су-электролитті тепе-теңдігін, қышқыл-сілтілі көрсеткіш-терінің едәуір өзгеруін, гипокалиемия дамуын, алмасу процесінің толық тотықтанбаған өнімдерінің жинақ-талуын, микроциркуляциялық бұзы-лыстарын тудырады. Бактериялық улардың әсерінен эритроциттердің ыдырауы жеделдейді, сүйек миының қызметі бұзылуынан гемоглабиннің түзілуі баяулап, анемия дамиды. Іріңді қабыну ошағында тіндердің ыдырауы (диструкциясы), ақуыз-дардың және электролиттердің қан-тамыр қабырғасынан сыртқа шығуы, ағзаның жалпы уыттануын, айналым-дағы қанның және плазманың (негізінен альбуминнің жетіспеу-шілігінен) тапшылығын тудырады. Ағзада өтетін осындай бұзылыстарды реттеу мақсатымен инфузиялық ем жүргізіледі. Инфузиялық ем ретінде пайдаланы-латын ерітінділер жасушаішілік және жасушасыртылық сұйықтықтарының тапшылығын жоюға және айна-лымдағы қан көлемін толықтыруға, оның құрамындағы электролиттердің концентрациялық деңгейін жоғары-лату арқылы осмостық және онкотикті қысымын реттеуге және метаболизм бұзылыстарын қалпына келтіруге қолданылады. Инфузиялық емге арналған ерітін-ділерді көлеміне және сапалық құрамына қарай қолданғанда мына мақсаттар көзделеді: • ағзаның сұйықтық, электролиттік, қуаттық тапшылығын физиологиялық деңгейге жеткізу; • негізгі дерттен туындаған ағзаның сұйықтық, тұз, ақуыздық және т.б тапшылықтарын реттеу; • ілеспе және негізгі ауруларының асқынуларынан туындаған ағзаның сұйықтық тапшылығын жою (гипер-термия, ішек парезі және т.б.); • кейбір қарқынды емнен (жедел-детілген диурез, өкпенің жасанды винтеляциясы, үстемді горманалді емі) кейін дамитын сұйықтық тап-шылығын реттеу; • ағзаның гемодинамилық бұзылыс-тарын (АҚК, қан тамыр тонусы, жүректің қызметі) реттеу; • қанның реологиялық қасиеттерін (тұтқырлығы, қантүйіршіктерінің электростатикалық потенциялы, қан плазмасының жоғарғы және төменгі дисперсті бөлшектерінің өзара қаты-насы және т.б) реттеу арқылы микроциркуляциялық айналымын қалпына келтіру. Ағзаның жалпы уыттануын басуға (дезинтоксикациялық емі) арналған ерітінділер ағзадағы улы заттарды бейтараптап, негізінен бүйрек арқылы сыртқа шығарады. Қан орына қол-данылатын ерітінділердің негізгі бөлігі бүйректің шумақты мембрана-сында сүзіліп, бірнеше сағаттан кейін зәрмен шығарылады. Ерітінділердің шағын бөлігі тінаралық (интерсти-циялды) кеңістікте жинақталып, сыртқа шығу мерзімі созылады. Кейбір ерітінділердің (декстран, же-латинол) аздаған бөлігі метаболизмге қатысады. Енгізілген ерітіндінің моле-кулалық салмағы неғұрлым жоғарғы болса, ол соғұрлым бүйректің ка-пиллярларынан және шумақты мембранасынан баяу өтіп, ұзақ уақыт бойы қан арнасында айналымда сақталады және волемиялық (қанның көлемін толықтыру) қызметін атқа-рады. Сөйтіп, жоғарғы молекулалы ерітінділер волемиялық, сондай-ақ гемодинамикалық қызмет атқара-тындықтан, оларды дезинтоксикация-лық ем ретінде төмен молекулалы ерітінділермен бірге қолданған тиімді. Инфузиялық ем ретінде қолданыла-тын ерітінділер физиологиялық және фармакодинамикалық қасиеттеріне қа-рай мына топқа бөлінеді: • айналымдағы қанның көлемін (АҚК) толықтыруға арналған, воле-миялық қасиеті бар ерітінділер (қан, реополиглюкин, полиглюкин, альбу-мин, плазма); • реологиялық және дезинток-сикациялық қасиеті бар, улы заттарды өзіне тартып, оларды зәрмен ағзадан шығаруға, қанның реологиялық қаси-етін арттыруға, эритроциттердің және тромбоциттердің қан тамырішілік аггрегациясын төмендетуге немесе болдырмауға, шеткері (перефериялық) қанайналымын жақсартуға арналған ерітінділер (реополиглюкин, гемодез, полидез, желатиноль және т.б.); • осмодиуретиктер (манитол, моче-вина, лазикс, фурасемид); • парентеральды қоректендіру мақ-сатымен қолданылатын ерітінділер (ақуыз гидролизаты, амин қышқыл-дарынын қоспалары, глюкоза ерітін-ділері, май эмульсиялары). Бет-жақсүйек аймағының жедел іріңді қабыну ауруларында, әсіресе олардың асқынуларында, ұзақ сақтал-маған (сақтау мерзімі өтпеген), консервирленген қан және эритроцит массасын енгізу жақсы нәтиже береді. Іріңді процестерінің ауыр түрлерінде жиі анемия дамитыны белгілі. Мұндайда эритроцит массаын енгізу мақсаты – эритроциттердің улы заттарды адсорбциялау (өзіне сіңіру) қасиеті арқылы, оларды бейтараптау. Іріңді процестің асқынуларында қанның өзінен гөрі, тазартылған немесе мұздатылған эритроциттерді енгізу, ағзада трансфузиялық реакция тудырмайды және жақсы нәтиже береді. Қабыну процесінде туындайтын ағзаның қуаттық тапшылығы мен дис-протеинемия бұзылыстарын (жалпы ақуыз саны азаюы) қанның мына құрамдас бөлшектерімен реттеуге болады: натиті плазма, глобулин, ақуыз гидролизаты, амин қышқыл-дарының қоспасы. Сонымен қатар плазма, құрғақ плазма, альбумин және қан орнына қолданылатын ерітінділер қолданылады. Плазма қанның сұйық бөлігін құрайды. Ол 80% судан, 7 - 8% жалпы ақуыздан, 11% ақуыздарға қатысы жоқ органикалық заттардан, 0,9% органи-калық емес қоспалардан тұрады. 100 мл нативті плазманың құра-мында 6 гр жалпы ақуыз бар. Плазма стирильді күйінде флаконда немесе пластикалы қаптамада 50 - 250 мл көлемінде шығарылады. Нативті плазманы дайындаған күні (қаннан бөлінгеннен кейін 2 - 3 сағ. асырмай) қолдану қажет. Мұздатыл-ған плазманы 25°С салқындықта сақтап, 90 күн аралығында қолдануға болады. Түсі ашық сары. Плазманың фармакологиялық қаси-еттері ескеріліп, оны гемостаздық, дезинтоксикациялық, парентеральды қоректендіруге ағзаның қорғаныс күшін үстемдемеуші (стимуляциялық) препарат ретінде қолдануға болады. Іріңді қабыну процесінде туындайтын диспротейнемиялық бұзылыстарды жоюға, электролиттік алмасу процесін реттеуге, ағзаның иммундық қорғаныс күшін жоғарылатуға, оның уыттану дәрежелігін төмендетуге плазма жиі қолданылады. Плазманының негізгі қолданылу мақсаты – қан сары суындағы жалпы ақуыз жетіспеу-шілігін реттеу. Әдетте, плазма көкта-мырға енгізіледі, кей жағдайларда, қажеттілігіне қарай артерияға, сүйек-ке немесе тері астына енгізуге болады. Плазманы енгізер алдында, оның қан тобына (АВО) сәйкестілігі анықталып, биологиялық сынақ жүргізілуі тиіс. Трансфузиялық реакциялар пайда болған жағдайда, плазманың енгізілуі тоқтатылып, науқас бақылауға алына-ды. Плазманы қанның құрамы реттелгенше бірнеше күн 250 - 500 мл құюға болады. Құрғақ плазманы дистилденген суға немесе натрий хлоридінің изо-тоникалық ерітіндісіне ерітіп қолдана-ды. Құрғақ плазманың сақталу мерзімі 5 жыл, қолданылу көрсетімдері (қажеттілігі) нативті плазмаға ұқсас. Ерекшелігі - гемостатикалық препарат ретінде қолданылмайды. Альбуминнің100 мл ерітіндісінің құрамында 5 - 10 немесе 20 грамм жалпы ақауыз бар. Сақталу мерзімі - 5 жыл. Альбуминнің 20% ерітіндісін 150 мл, ал төмен концентрациялық ерітінділерін (5%,10%) 250 – 300 - 500 мл дейін енгізуге болады. Альбуминді қанның негізгі (тасымалдаушы, кол-лойдты-осмостық және дезинтокси-кациялық) қасиеттері бұзылғанда қол-данған тиімді. Альбумин өте жоғары қысымды коллойдты-осмостық препа-рат болғандықтан, айналымдағы қанның көлемін көбейтеді, бауырдың дезинтоксикациялық қызметін жақсартады, парентералды қоректік препарат ретінде ақуыздың биосин-тезіне қатысады. 1 гр альбуминде 18 мл суды байланыстыратын уробилинді тасымалдаушы қасиеттері бары белгілі. Альбуминнің 5 - 20% ерітінділері диспротеин және микро-циркуляциялық бұзылыстарды реттеп, ағзаны дезинтоксикациялауға қаты-сады. Альбуминнің 10 - 20% ерітіндісі жүректің қызметіне күш түсіретіні ескеріліп, өте сақтықпен қолданылуы тиіс. Әдетте альбумин ерітіндісі 1 ми-нутта аралығында 30 тамшыдан көктамырға енгізіледі. Альбуминнің енгізілу мөлшері әр науқастың жеке жағдайына және диспротеинемиялық дәрежесіне байланысты.
![]() |