Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



БЕТ - ЖАҚСҮЙЕК АЙМАҒЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ІРІҢДІ 3 часть



Жақсүйектің біріншілік деструктив-ті актиномикозы сүйекшілік абсцесс немесе сүйекішілік гумма ретінде көрініс білдіреді. Сүйекішілік актино-микозының абсцесі немесе гуммасы баяу және созылмалы түрде, ал пато-логиялық процесс жұмсақ тіндерге таралуында - жедел ағымда өтеді.

Процестің алғашқы даму кезең-дерінде актиномикозбен зақымданған сүйек біршама қалыңдаса да, пальпа-ция ауырсыну сезімін тудырмайды. Сүйекте өтетін патологиялық процесс жүйке өзегін зақымдауында, Венсан белгісі (төменгі жақсүйектің сезім-талдығы жойылуы) байқалуы мүмкін. Инфекциялық процестің дамуы бары-сында, әсіресе оның өршуінде, ауырсыну сезімі ұдейе түсіп, неврологиялық белгілер анықталады.

Жақсүйектің біріншілік деструк-тивті актиномикозының рентгеноло-гиялық көрнісінен бір немесе бірнеше, бір-бірімен біріккен, дөңгелек пішінді, шекаралары айқын емес қуыстарды көруге болады. Сүйектегі актиномикоз ошағының шеттері склерозденуі, оның абсцестік және гуммалык түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Актиномикоз абсцесінің өту ұзақтығы бірнеше айларға созылса, оның гуммалық түрі жылдарға созы-лады. Процесс жұмсақ тіндерге тарауында, алғашқыда ошақтан тыс жатқан тіндер домбығып (коллате-ральды домбығу), кейін инфильтра-цияланады.

Біріншілік өнімді-деструктивті ак-тиномикоз ісікке ұқсас, шекаралары айқын, жаңа құрылымдарды бейнелей-ді. Рентгенограммадан сүйекте жаңа құрылымдарға тән өзгерістерді көруге болады. Төменгі жақсүйектің компак-тілі табақшасында патологиялық процесс бұлыңғырланып көрінеді, бе-тінің тегістігі жойылады, кей жерлерінде кедір-бұдырлы өзгерістер байқалады. Патологиялық ошақтың ортасында сүйек кұрылымының айқындылығы жойылуы, оның ыдырауын білдіреді.

Тілдің актиномикозы жарақаттан кейін, әсіресе тістердің өткір қырымен, дұрыс жасалмаған тіс протездерімен ұзақ уақыт жара-қаттануынан дамиды. Әдетте тілдің актиномикозы түбіріне, бүйір бөлім-деріне, жұтқыншақ және ауыз қуыс түбінің тіндеріне тез тарауы мүкін.

Жоғарғы жақсүйек қойнауының актиномикозы да клиникалық тәж-рибеде өте сирек кездесетін специ-фикалық процесс. Инфекциялық процесс одонтогенді, сирек жағдайда риногенді жолдарымен дамиды. Клиникалық белгілер жедел немесе созылмалы гайморитке ұқсас болған-ның өзінде (мұрынмен дем алуының кедергіленуі, мұрын жолдарынан ірің шығуы), патологиялық процесс баяу ағымда өтеді. Рентгенологиялық зе-ріттеуінен жоғарғы жақсүйек қой-науының бұлыңғырлануын немесе біртұтас күңгірттенуін, сүйек қабырға-ларының патологиялық процеске енуін көруге болады.

Актиномикоздың диагностикасы. Бет-жақсүйек аймағы мен мойын актиномикозының клиникалық белгі-лері әртүрлі сипат білдіруіне, сондай-ақ басқа да қабыну процестері мен жаңа құрылымдарына ұқсас болуына байланысты, оның диагностикасы бір-сыпыра қиындықтар тудыратынын ескерген жөн.

Актиномикоздың диагностикасы науқастың шағымына, ауру анамне-зіне, патологиялық ошақтан алынған бөліністің бактериологиялық зерттеу-леріне, актинолизатпен жүргізілген серологиялық және тері-аллергиялық сынақтарына негізделіп жүргізіледі.

Актиномикоз ошағынан алынған жалқықтың цитологиялық зерттеуінен актиномицеттердің сәуле тәрізді орналасып шоғырлануын көруге болады. Осыған байланысты, акти-номикоздың қоздырғышын «сәулелі саңырауқұлақ» деп аталған. Инфек-циялық ошақтан алынған жұғындыны Грамм немесе Цельс әдістері бойынша бояп, цитологиялық зерттеу жүргі-зіледі. Цитологиялық зерттеулер толық мәліметтер бермесе, актиноми-цеттерді дақылдық ортаға себіп, табуға болады.

Актиномикоздың диагнозын дұрыс қоюға иммунологиялық зерттеу әдісі (актинолизатпен жасалатын тері-аллергиялық сынама) жүргізіледі. Д.И. Аснина (1956) актиномикоздың иммунологиялық диагностикасын ғы-лыми тұрғыдан негіздеп, тәжірибеге енгізгендігі белгілі.

Актинолизатпен тері-аллергиялық сынамасы келесідей жүргізіледі: оң және сол қолдың білектерінің ішкі бетінің бұлшықетіне 0,3 мл көлемінде диагностиналық мақсатымен акти-нолизат ерітіндісі егіледі. Салыстыр-малы түрде бақылау жасау үшін бірінші иньекция жасалған жерден 8-10 см алшақтықта 0,3 мл стерильді ет пептоны (сорпа) егіледі. Сынама нәтижесі 24 сағаттан кейін анық-талады:

теріс мәнді реакция (-) - актинолизат (антиген) енгізген жерде иненің теріге жаншылған нүктесі ғана байқалады;

күмәнді реакция (+) – акти-нолизат енгізген және бақылауға алынған жерлерде өзгерістер бірдей (тері беті бозғылт, болар-болмас ақшыл қызғылт түсті эритема байқалады);

болар-болмас оң мәнді реакция (+) - актинолизат енгізген жерде өлшемі әркелкі, ашық қызыл түсті, кейде қызғылт-көкшіл, өте айқын эритемалар байқалады;

оң мәнді реакция (++) - актинолизат енгізген жерде ашық қызғылт түстен қызғылт-көк түске дейінгі эритеманы байқауға болады, тері беті сәл ісінген, пальпациялау аздаған ауырсыну сезімін тудырады;

айқын оң мәнді реакция (+++) - актинолизат енгізілген жерде эри-теманың түсі қызыл немесе ашық қызыл, тері беті ісінген, пальпация ауырсыну сезімін тудырады, эритема-ның ортасында папула байқалады;

өте айқын оң мәнді реакция (жалпы немесе жергілікті) (++++) - актинолизат енгізілген жерде жергі-лікті өзгерістерден басқа ағзада жалпы бұзылыстар байқалады.

Актиномикоздың диагностикасында міндетті түрде қанның және зәрдің зертханалық зерттеулері жүргізілуі тиіс. Спецификалық қабыну процесінің жедел ағымында лейкоциттер саны 11×10 - 15×10 дейін жоғарылап, ЭТЖ – 15 мм/сағ, одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Процестің созылмалы ағымында лейкопения, екінші реттілі анемия дамиды, ЭТЖ - 30-60 мм/сағ дейін жоғарылайды.

Ажыратпалы диагностика.Бет-жақсүйек аймағында өтетін созыл-малы қабыну процестерінің тек 8% ғана актиномикоз диагнозы қойылуы, оның диагностикасы қиындық тудыра-тынының көрсеткіші. Мұның басты себептерінің бірі - актиномикоздың алғашқы клиникалық белгілері әркелкі сипатта өтуімен байланысты. Соны-мен қоса, бұрында жиі байқалатын актиномикоздың негізгі клиникалық белгілері, (қаттылығы тақтай тәрізді инфильтрат қалыптасуы, актиномикоз ошақтарынан флюктуация белгісі анықталуы, бірнеше жыланкөздері пайда болуы, тері беті күрең-көкшіл түске енуі) кәзіргі кезде көп кездесе бермейді. Сондай-ақ, дәрігерлердің басым көпшілігі инфекциялық про-цестің клиникалық белгілерін жақсы білмеулері, актиномикозды анықтауға қажетті арнайы препараттардың тапшылығы, тіптен жоқтығы, актино-микоз қоздырғышын бактериология-лық және цитологиялық зерттеулері-мен анықтау мүмкіндіктері бола бермеуі, диагнозын уақытылы және дұрыс қоюға едауір қиындық ту-дыруда. Кейде антибиотиктерді ретсіз тағайындау, актиномикоздың клини-калық белгілерін көмескілеп, диагно-зын дұрыс қойюға кедергі келтіреді.

Әдебиеттерден алынған мәліметтер-ге сүйенетін болсақ, актиномикозға дұрыс диагноз қойылмай, соған ұқсас аурулармен шатастыру мысалдары бұ күнде жетерлік. Осындай аурулардың қатарына жататындар: лимфаденит, абсцесс, флегмона, шиқан, сиалоаде-нит, патротит, периостит, перикоро-нарит, жақсүйектерінің остеомиелиті, жұмсақ тіндердің жаңа құрылымдары, фиброма, сілекей бездерінің аралас ісігі, лимфагранулематоза және т. б. Осыған байланысты, дәрігерлер негі-зінен актиномикоздың мына клини-калық белгілеріне сүйенен отырып, диагноз қояды: баяу ағымдылығы, дерттің ұзаққа созылып "тоқтаусыз" дамуы, науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай болуы, дене қызуы көтерілмеуі, қан көрсеткіш-терінде және лимфа түйіндерінде айтарлықтай патологиялық өзгерістер болмауы, төменгі жақсүйектің себеп-сіз қарысуы (тризм), қабыну процестің төменнен жоғарға қарай бағытталып дамуы, тістердің патологиялық қоз-ғалысы болмауы, сүйектің рентгеноло-гиялық көрінісінде ерекше патология-лық бұзылыстар анықталуы. Акти-номикозды міндетті тұрде келесі аурулардан ажырату қажет: флегмона, туберкулез, жақсүйектерінің созыл-малы остеомиелиті, созылмалы паротит.

Флегмона. Қабыну процесі, әдетте жедел басталып, дене қызуы күрт көтеріледі, ауырсыну сезімімен өтіп, науқастың жалпы жағдайын нашарлайды. Сүйектің рентгено-логиялық көрнісінен патологиялық бұзылыстар анықталмайды. Флегмо-нада, тері жұқарып, ыдырамайды және жыланкөздері қалыптаспайды.

Туберкулездіңактиномикоздан айырмашылығы: ағзаның жалпы уыттану белгілері айқын байқалып, жыланкөздерінен түсі сары немесе қара-қоңыр жалқық бөлінеді.

Жақсүйектері остеомиелитініңактиномикоздан айырмашылығы: рент-генологиялық суретінен сүйекте жекелеген секвестрлер анықталуы, жергілікті клиникалық белгілері үс-темді өтуі, бірнеше тістердің патоло-гиялық қозғалысы.

Созылмалы паротитте сілекей безі қабымен шектелген инфильтрат анықталады, жыланкөздері болмайды, тері бетінің түсі өзгермейді.

Емі. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер бет-жақсүйек аймағы-ғының актиномикозына кешенді (комплексті) ем жүргізудің қажет-тілігін бір ауыздай қолдайды. Кешенді емі келесідей жүргізіледі:

инфекциялық ошақты жою және хирургиялық ем жүргізу;

науқастың спецификалық имму-нитетін, ағзаның жалпы қуат күшін (реактивтілігін) жоғарлату;

екіншілік іріңді инфекциялық ошақтарын өңдеу;

десенсибилизациялау және симп-томатикті ем тағайындау;

физиотерапиялық және шынық-тыру емін жүргізу.

Актиномикоздың хирургиялық емі патологиялық процестің аумағына, дерттің түріне, орналасуына, қоздыр-ғыштың ену жолына байланысты, себепші тіс жұлынды. Инфекциялық ошақтың іріңдеуінде тіліп-ашу операциясы жүргізіледі. Актиномикоз-дың теріасты гуммозды түрінде грануляциялық тіндер хирургиялық жолымен толық алынып тасталады.

Науқастың спецификалық иммуни-тетін арыттыру мақсатымен актинол-изат немеселевамизол тағайында-лады. Г.С. Сутеев ұсынған әдіс бойынша, актинолизат жамбас бұл-шықетіне тәулігіне екі рет 3 мл-ден енгізіледі. Толық емі 20 екпеден тұрады. Осы емі аяқталған соң оны қайталап, осы жобамен екінші рет, қажеттілігіне қарай үш рет жүргізіледі.

Науқас дертінен айыққанда, инфек-циялық процестің өршуіне жол бермеу мақсатымен актинолизатты 10 - 15 рет егеді.

Ағзаның жалпы қуат күшін арттыру мақсатымен тәулігіне бір рет 4 - 6 мәрте мына реттілікпен қан құйылады: 50 мл, 75 мл, 100 мл, 25 мл, 150 мл, 175 мл немесе күн сайын мына реттілікпен аутогемотерапия жүргізі-леді: 3 мл, 5 мл, 7 мл, 9 мл, 10 мл, 10 мл, 9 мл, 7 мл, 5 мл, 3 мл. Жалпы қуаттандыру ем ретінде әртүрлі дәрі-дәрмектер (аскорутин, ундевит, В1, В12, С дәрумендері) тағайындалады.

 

11.2Туберкулез.

Туберкулез - инфекциялық немесе трансмиссивті аурулар қатарына жататын әлеуметтік дерт.

Этиологиясы. Туберкулездің қоз-дырғышы - Kox таяқшасы, сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді де арнайы өңдеу жүргізбейінше тіршілігін ұзаққа сақтайтын микроб.

Туберкулез мәселесі және осы дерттің зардабынан өлім жиілігі өсуі, еліміз бойынша тұтас алғанда, әліде болса ауыр мұң ұялататын проблеманың бірі болып таблады. Айталық, осы кезде Атырау және Қызылорда облыстарының кейбір аудандарында туберкулез ауруының жиілігі 100000 адам есебіне шеккенде 350 дейін жететіні ескерілсе, бұны бүгінгі Қазақстан халқына төнген үлкен қауіп-қатер деп есептеуге болады.

Туберкулез ауруының өте қауіпті екенін толық түсіну үшін, көпшілікке «алапес» атауымен белгілі лепра қоздырғышы да дәл осы топқа жататынын білген жөн. Содан да болса керек, бұл екі ауруды емдеуге бір дәрі-дәрмек тобы қолданылады. Электронды микроскопиялық зерттеу-лер жасау арқылы, жапон ғалымдары туберкулез қоздырғышының қабырға-сы үш қабаттан тұратындығын анықтаған: сыртқы және ішкі қабат-тары жоғарғы полимерлі ақуыздан, ал ортаңғысы - жоғарғы полимерлі көмірсутегінен құралған. Барлық қа-баттарының құрамындағы ақуыз дақтары қосымша қорғаныс факторын құрайтыны анықталған. Туберкулез таяқшалары қоршаған ортаның өзге-рістеріне өте тез бейімделгіш келулері осыдай күрделі құрылыстарына бай-ланысты болса керек.

Патогенезі. Инфекцияның негізгі көзі - туберкулезбен ауыратын нау-қастар, сирек жағдайда инфекция малдың сүтінен алиментарлық жолы-мен тарауы мүмкін. Туберкулездің дамуына адам ағзасының жалпы иммундық күшінің жағдайы және оның инфекцияға қарсы тұру қабілеті өте төмен денгейде болуы маңызды рөль атқарады.

Туберкулез қоздырғыштары 5 түрге бөлінеді:

адам туберкулезының таяқшала-ры;

сиыр туберкулезының таяқшала-ры;

құс туберкулезының таяқшалары;

балық туберкулезының таяқшала-ры;

суық қандылар туберкулезының таяқшалары.

Адамға негізінен алғашқы екі түрі қауіпті. Туберкулез таяқшасы топы-рақта 45ºС суық және 60ºС ыстық температура аралығында өмір сүре алады. Оларға сыз, қараңғы және лас жерлер неғұрлым қолайлы орта болып табылады. Осы себептерге байла-нысты, туберкулез әлеуметтік аурулар қатарына жатқызылады.

Ағзаға енген туберкулез таяқшасы алдымен лимфа арнасына өтіп тез өсіп өнеді, көбейе бастайды, содан соң ішкі мүшелерге орын ауыстырады. Негізінен олар өкпені, ірі түтікті сүйектерді, омыртқаны, ми қабық-шасы мен шандыр табақшаларын зақымдайды.

Бет-жақсүйек аймағының туберку-лезі біріншілік және екіншілік түрлерге бөлінеді. Бет-жақсүйек аймағының лимфа түйіндерінің біріншілік тубер-кулезі тіс, бадамша, мұрын аурула-рынан кейін дамиды. Бет-жақсүйек аймағының екіншілік туберкулезі өкпеде, ішекте, сүйекте және т.б. мүшелерде өтетін инфекциялық процестерден, олардың жайылмалы (генерализацияланған) түрлерінде да-муы мүмкін. Әдетте, туберкулез таяқшасы сүйекке гематогенді немесе лимфогенді жолымен енеді. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, инфекция тіс өзегінен де тарауы мүмкін, себебі туберкулез таяқшалары тіс түбірінің грануляциясынан табыл-ғаны жөнінде мәліметтер бар. Сондай-ақ, туберкулез таяқшалары ауыз қуысы шырышты қабығының біріншілік туберкулез ошақтарынан тарайтыны белгілі.

Патологиялық анатомиясы. Ағза-ның резистенттілігіне және иммуни-тетінің дәрежесіне байланысты тубер-кулез процесі үш түрлі реакциямен өтеді: альтерациялық, экссудативті және, пролиферативті (өнімді) тін-дік.

Альтерациялық реакциясында тіндерде өліеттену процесі басым жүреді.

Экссудативті реакциясында қа-быну ошағында ірмішекті өліеттену процесі басым өтеді.

Пролифиративті тіндік реакция-сында туберкулезалық гранулема (түйіншек) қалыптасады.

Туберкулездік гранулема – специ-фикалық қабыну процестің негізгі элементі. Гранулеманың жасуша-лық құрамы ағзаның реактивтілігіне, иммунитеті дәрежесінің айқынды-лығына қарай өзгеріп тұрады. Жасу-шалық құрамына қарай туберкулездік гранулемалары мына түрлерге бөлі-неді: эпителиойды-жасушалық, лим-фоидылы жасушалық, алып жасушалы және аралас жасушалы.

Спецификалық қабыну процесі барысында туберкулездік гранулема-ның ортасы зақымданып, аморфты тін детриді қалыптасады, эпителиодылы жасушаларымен қоршалып, жиектерін макрофагтар, лимфоциттер мен плаз-малық жасушалары шектейді. Эпителиойдылы жасушалары мен лимфоциттер арасынан туберкулез гранулемасына ұқсас Пирогов-Лангханстың алып жасушаларын кездестіруге болады.

Клиникасы. Туберкулездік қабыну процесі бет-жақсүйек аймағының терісін, теріастының шел тіндерін, ауыз қуысының шырышты қабығын, шырышты бездерін, лимфа түйіндерін және жақсүйектерін зақымдайды.

Ауыз қуысы шырышты қабығы-ның және еріннің қызыл жиегінің туберкулезі.Ауыз қуысы шырыш-ты қабығының және еріннің қызыл жиегінің туберкулезі, негізінен өкпе-нің, лимфа түйіндерінің немесе сүйек-тердің туберкулезінен дамиды. Ауыз қуысының шырышты қабығында, еріндерде туберкулездің үш түрі кездеседі: туберкулез жегісі (тубер-кулезная волчанка), миллиарлы (тары тәрізді)ойық жаралы туберкулез және колликвативті туберкулез.

Туберкулез жегісі неізінен теріні зақымдайды, жеке өзі сирек кездеседі. Кейде патологиялық процесс еріннің тері бөлігінен ауыз қуысының шырышты қабығына ауысады. Тубер-кулез жегісі ауыз қуысы шырышты қабығының және еріннің қызыл жиегінің әр бөлігінде орналасуы мүмкін. Туберкулез жегісінің бірінші-лік элементін ашық қызыл түсті төмпешіктер (люпомалар) құрайды. Олардың өлшемі түйреуіштің ұшынан бидайдың өлшеміне дейін жетеді, консистенциясы қамыр тәрізді. Әдетте, бірнеше төмпешік қалыпта-сады, олардың беті болбыр (өңі кеткен) эпителиймен астарланған. Төмпешіктер ұлғая келе, бірігіп тұтас түзіліс құрайды. Туберкулез жегісінің төмпешігін сүңгімен басқанда, беті ойылып ішіне батады, кейін төмпешік ойық жараға ауысады. Ойық жараның жиектері жұмсақ, ауырушаң болып келеді, айналасының шырышты қабығы қызарып, ісінген. Ойық жара жазылғаннан кейін орнында тыртық қалады. Кейін осы орындарда қайтадан ойық жара пайда болуы мүмкін.

Ажыратпалы диагнозыүшіншілік мерездің төмпешігімен жүргізілуі тиіс. Ол тығыз консистенциялы, сүңгінің ұшымен басқанда, ойылмайды. Қа-лыптасқан ойық жараның жиектері тығыз, пішіні дөңгелек немесе сопақ-ша. Ойық жара жазылғанда, орнында тыртық қалады, кейін осы жерлерде қайтадан ойық жара қалыптасуы мүмкін. Шырышты қабықтың тубер-кулезі созылмалы процесс болған-дықтан, бара келе қатерлі ісікке ауысу қауіптілігі бар.

Шырышты қабықтың миллиарлы ойық жаралы туберкулезіөкпе туберкулезінің ауыр түрімен ауратын науқастарда дамиды. Ауыз қуысының шырышты қабығы өкпеден және кеңірдектен бөлінетін қақырықтан зақымданады. Ауыз қуысында (қызыл иекте, ұртта, жұмсақ таңдаймен, оның тілшігінде) өте ауырушаң ойық жара пайда болады. Ойық жара ұрттың шырышты қабығында, ұрттың төменгі және жоғарғы тіс қатары қабысатын денгейде, тілде, оның бүйірлерінде және астыңғы бөлігінде қалыптасады. Тілдің үстіңгі бетінде қалыптасатын ойық жараның пішіні жырық тәрізді болып келеді. Мұндай ойық жара-лардың өлшемі ұлғайып, жан-жағына тез өседі.

Микроскопиялық зерттеуінен ту-беркулез таяқшаларын көруге болады. Әдетте, қалыптасқан ойық жара терең емес, ауырушаң, түбі қанағыш, солғын грануляциялық тіндермен төселген. Ойық жараның айналасынан аздаған қабыну реакциясын және сары-сұрғылт түсті ұсақ абсцесстерді көруге болады (Треля дәндері).

Колликвативті (ылғалды) турбер-кулез - өте сирек кездесетін түйіршікті инфекциялық процесс. Ол тілде үлкейе келе біртіндеп босаңсиды. Кейін түйін жарылып, жыланкөздер қалыптасады, өзегінен ірімшік аралас ірің бөлінеді. Жыланкөзінің жолдары бара келе ойық жараға ауысып, жиектері ойықтана бастайды, кон-систенциясы жұмсарады. Ойық жара-ның түбі солғын грануляциялық тіндермен төселеді. Инфекциялық процестің басталуынан 3 - 4 ай өткен соң ойық жара біртіндеп тыртықтана бастайды.

Тері туберкулезі- екіншілік инфекция процесі. Әдетте ол бет-жақсүйек аймағының біріншілік ту-беркулез ошағына жақын жерлерде, лимфа түйіндерінің айналасында орналасады. Тері туберкулезінің алғашқы даму кезеңінде теріасты шел қабатында жекеленген немесе тізбек-ше құрып орналасқан түйіншіктер пайда болады. Түйіншіктердің үстін-дегі тері атрофияланған немесе жұқарған. Туберкулез ошақтары бір-тіндеп жан-жаққа жайыла келе, ұлғайып жарылады, кейін жылан-көздер және ойық жаралар немесе солардың аралас түрлері қалыптасады. Зақымдаған ошақ қызыл түсті. Одан бөлінген ірің қабыршақтанып, жылан-көзді ойық жараның бетін жауып, процестің жаңа аймақтарға таралуына себеп болады. Туберкулез ошағы жазылғанда, орындарында жұлдызша атрофияланған тыртық қалыптасады.

Тері туберкулезінің ағымы бірнеше айдан бірнеше жылға созылуы мүмкін. Мұндайда науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай.

Туберкулез лимфадениті (скрофу-лодерма) өте жиі кездесеті патоло-гиялық процесс. Инфекциялық про-цесс созылмалы түрде өтіп, салқын абсцесс ретінде сипат білдіреді. Науқастың дене қызуы сәл көтеріледі (субфебрильді), жалпы әлсіздік пайда болып, тәбеті төмендейді. Кейбір науқастарда инфекциялық процесс жедел түрінде өтіп, дене қызуы едәуір көтерілуі мүмкін, жалпы интоксикациялық белгілері байқала-ды.



Просмотров 1421

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!