Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жүйелі қабыну реакция синдыромын (ЖҚРС/SIRS) айқындайтын белгілер



(1992 жылы Америка коледжінің пульмонологтары қолданысқа енгіз-ген)

• Гипертермия (>38°C) немесе гипо-термия (<36°С);

• Тахипноэ (>20 1 мин) немесе ги-покапния (PaCO2<32 мм сын. бағ.);

• Тахикардия (>90 1 мин);

• Лейкоцитоз (>12 000), немесе лей-копения (<4000), немесе таяқша ядро-лы ығысуы 10% жоғары.

Сепсис

ЖҚРС (2 көрсеткіші немесе одан да көп) + біріншілік инфекция ошағы;

Ауыр сепсис

• Сепсиспен қоса инфекциялық ошақтан тыс мүшелерінің қызметтері жедел бұзылуы.

Сепсистік шок

• Сепсиспен қоса гипотензия (АҚ сист.<90 мм сын. бағ. немесе АҚ орташа <70 мм сын. бағ, аз дегенде 2 сағ. бойы) гиповолемия реттелгеннің өзінде және АҚ сист.>90 мм. сын. бағ. немесе АҚ орташа. ≥70 мм сын. бағ. вазопрессорлар тағайындауды қажет етеді.

Сепсис бірінші реттілі, ал да-муының себебі белгілі болса – екінші реттілі деп саналады. Сепсистің өту ұзақтығы бірнеше сағатқа (найза-ғайлы) немесе бірнеше жылдарға (созылмалы) созылуы мүмкін. Сепсис-тің дамуына міндетті түрде инфек-цияның алғашқы көзі, ену «қақпасы», яғни біріншілік іріңді ошақ болуы шарт.

Хирургиялық сепсис, әдетте абс-цестің, флегмонаның, сыздауықтың немесе шиқан сияқты жедел іріңді инфекциялық ошақтарының хирур-гиялық емінен кейін дамиды.

Сепсистің түріне қарай науқаста-дың өлім жиілігі әртүрлі. Қазіргі кезде біріншілік іріңді ошақтарының хирур-гиялық өңдеу әдістері жетілдіріл-геннің өзінде және клиникалық тәжрибеге жаңа антибиотиктер ен-гізілуіне қарамастан, сепсиспен ауырған науқастардың өлім жиілігі 29% құрайтыны мәлім. АҚШ жылына сепсистің ауыр түрімен 900 000, ал тәулігіне орта есеппен 2500 адам аурады екен. Ауыр дәрежелі сепсис-тің 58% сепсистік шок дамыса, адам өлімі себептерінің арасында 11 орында тұрады. Америкада грамм теріс боялатын микробтардан туында-ған сепсистен жылына 150 мың адам өлетіні мәлім және соңғы 20 - 30 жылдар аралығында өркениетті дамы-ған елдерде сепсиспен ауырғандардың саны 10 есе өскені белгілі (В. Богоришвили, 1998).

Әдетте, сепсиспен 30 – 40 жастар аралығындағылар, солардың арасында әйелдер ер адамдардан 2 есе жиі ауратындары мәлім.

Сепсисті жеке немесе аралас микробтар қауымдастығы тудыруы мүмкін. Сепсиспен ауырған науқастың қан себіндісінен стафилакокктар, стрептококктар, пневмококктар, грамм теріс боялатын микробтар (ішек таяқшалары, протей, көк іріңді таяқшалары және т. б.) табылған. Кей жағдайларда себіндіден микробтардың аралас түрлерін, соның ішінде стафилакокк пен стрептококктар бірлестігін табуға болады. Микробтар бірлестігі 8 – 10% жағдайда кездессе, 90% – олардың жеке түрлері кұрайды. Сепсистің дамуына 68% жағдайда стафилококк, 7% - стрептококк, 6% - микробтардың басқа түрлері себеп болған.

Жалпы іріңді инфекция ағзаның кез келген мүшесінде шоғырланған және әркелкі көлемді қабыну процестері-нен (жарақат, іріңдік және т. б.) дамуы мүмкін. Көбіне жалпы іріңді инфек-цияны жарақаттар (сүйектің ашық сынуы, ауқымды күйіктер, ойық жаралар және т. б.), сондай-ақ сыздауқ пен шиқан (әсіресе беттегі), флегмоналар, гаймориттер, бет көктамырларының тромбофлебиті сияқты жедел іріңді қабыну аурулары тудырады. Ағзаның сепсистік реак-циясын микробтардан басқа, олардың улары және тіндердің инфекциялы-токсикалық ыдырауынан кейінгі өнімдер тудырады. Сөйте тұра, сеп-систің басты даму себебі, әрине патогенді микробтар екендігін ұмыт-паған жөн. М.И. Кузиннің және т. б., (1981) мәліметтері бойынша, жалпы іріңді инфекцияның дамуына іріңді ошақтағы микробтардың жалпы саны жоғарғы шыңына жетуі – шешуші фактор болып есептеледі.

Патогенезі.Жалпы іріңді инфек-цияның патогенезі үш факторға тығыз байланысты:

1. Микробтық фактор: оның түрі, вируленттілігі,саны, ағзаға енгеннен кейінгі әсерінің ұзақтығы;

2. Инфекцияның алғашқы көзі: орналасу аймағының анатомиялық және топографиялық ерекшелігі, тін-дердің зақымдану аумағы мен сипаты, қабыну ошағындағы қан айналымы-ның жағдайы және т. б.;

3. Ағзаның реактивтілігі: ағза-ның мүшелері мен жүйелерінің иммундық қорғаныс күштерінің ден-гейі.

Жоғарыда аталған факторлардың ара қатынасына байланысты, бірін-шілік инфекция ошағы 3 тәулік аралығында (ерте сепсис) немесе бір аптадан, тіптен бір айдан сон анықталса да (кеш сепсис) сепсис дамуы мүмкін..

Сепсистің ерте түрі өте тез, кейде қас қағым (найзағайлы) жылдамдық-пен дамыса, оның кешеуілді түрі баяу, созылмалы ағымда өтеді. Сепсистің ауырлығы, өту жылдамдығы макро-организм мен патогенді микробтар күшінің ара қатынасына тығыз байланысты.

Ю.И. Белокуров және т. б. (1983) сепсисті даму уақытына қарай келесі түрлерге бөледі:

1. Найзағайлы сепсис. Клини-калық белгілері 1 - 2 тәулік аралығын-да айқындала бастайды (ауырғандар-дың 2 % құрайды);

2. Жедел сепсис. Клиникалық бел-гілері 5 - 7 тәулік аралығында байқала бастайды (ауырғандардың 39 – 40% құрайды);

3. Жеделденген сепсис. Клини-калық белгілері 7 - 14 тәулік аралы-ғында байқала бастайды (ауырғандар-дың 50 – 60 % құрайды);

4. Созылмалы сепсис.

Жоғарыда айтылғандарды қоры-тындылайтын болсақ, жалпы инфек-цияның дамуында патогенді микро-организмдердің орны ерекше екендігі аңғарылады. Сөйте тұра, сепсистің дамуында тұрақты заңдылық болмай-тыны ескерілуі тиіс. Айталық, бір жағдайларда кішкене ғана жарақат (сызат, тіндердің жаншылып жарақат-тануы және т. б.) сепсис тудырса, кейбірде керісінше, ауқымды жарақат-тардың өзі сепсистік реакция тудырмайды. Мұның жауабы неде деген сауал туындауы заңды. Вируленттігі жоғары патогенді мик-робтар жергілікті тіндердің қорғаныс күштерін құрайтын тосқауылын бұзуы, инфекцияның тарау шеңберін кеңейтеді. Осының нәтижесінде мүше-лердің қызметі бұзылып, тіндердің құрылымы өзгеруі, қоздырғыштардың өсіп өнуіне оңтайлы жағдай тудырады. Сепсистің бактериемиялық сатысы-ның тез даму механизмін жарақат-танған жерден немесе грануляциялық тосқауылы жоқ іріңді жарадан микробтардың тікелей қан арнасына енуімен түсіндіріледі. Ал ауқымды іріңді жара кеш сепсисті тудыру себебін былай түсіндіруге болады. Ауқымды өлеттенген тіндер немесе жарадағы ұйыған қан микроорганизім-дердің өсіп-өнуіне өте оңтайлы орта болып, олардың саны тез өседі. Жараның бөлінісі және микробтардың эндо- және экзотоксиндері жараның қабырғаларын біртіндеп жарақаттап, инфекцияның ағзаға өлшеммен (до-зированно) еніп тұруына себеп болады. Сөйтіп, улы өнімдердің өлшеммен және ұзақ уақыт қан арнасына еніп тұруы, сепсистің созылмалы ағымда өтуіне себеп болады.

Патологиялық анатомиясы. Жал-пы іріңді инфекцияның патогнома-тикті (нақтылы, тек өзіне ғана тән) белгілері болмайды. Патанатомдар сепсистің септицемия сатысын бейне-лейтін патоморфологиялық бұзылыс-тарын былай сипаттайды:

• Мәйіттің тез ыдырап, қаны гемолизденуі және тіндерге сіңуі;

• Геморрагиялық диатез дамуы және мәйіттің сарғаюы (терісінде геморрагиялық бөртпелер пайда бо-луы, кілегей қабығы қанталауы;

• Көк бауыры ұлғаып, ұлпасы қанға толуы, қоңыр-қызыл түстенуі немесе алапестеніп, жұмсаруы. Көк бауырдың микроскопиялық көрінісі-нен жасушалары пролиферациялануы, лейкоциттер саны көбеюі, эритроцит-тердің (лизис, гемосидирин түзілуі) және жасушалардың ыдырауы, өлет-тенуі;

• Лимфа түйіндерінің ұлғаюы;

• Өкпеден пневмония белгілерінің, кейде геморрагиялық өзгерістердің байқалуы;

• Жүректің бұлшықеті күңгірт түстенуі, піскен етке ұқсастанып, майлы немесе дәнді дистрофиялық өзгеріске енуі, кейде сірлі немесе ошақты миокардит дамуын көруге болады; жүректің қан тамырларында васкулит дамып, қабырғаларында өлеттену процесі жүруі;

• Бауыр мен бүйректе дистро-фиялық бұзылыстар дамиды: сепсис-тік гепатит, іріңді-өлеттенген нефроз немесе сепсистік нефрит;

• Бүйрек үсті безінен некробиотикті бұзылыстарын және қанталауын кө-руге болады;

• Жүйке тармақтары домбығып, сірлі менингит, кейде ошақты энцефалит дамиды.

Сепсисті-пиемиялық кезеңде жоға-рыдағы патологиялық бұзылыстардан басқа мүшелерден метастазды іріңдік-терді немесе көптеген іріңді-өлет-тенген ошақтарды көруге болады.

 

Сепсистің жіктеуі.

1. Қоздырғыштың түріне қарай: а) стафилококкты; ә) стрептококкты; б) пневмококкты; в) гонококкты; г) ко-либациллярлы; д) анаэробты; з) аралас және т. б.;

2. Даму себебіне қарай: а) жара-қаттық; ә) ішкі мүше ауруларының асқынуларынан туындаған (баспа, пневмония және т. б.); б) операциядан кейінгі; в) криптогенді; г) іріңді инфекциядан кейінгі және т. б.;

3. Біріншілік инфекция ошағының шоғырлану орнына қарай: а) отогенді; ә) одонтогенді; б) риногенді; в) геникологиялық; г) урологиялық және т. б.;

4. Клиникалық ағымына қарай: а) найзағайлы; ә) жедел; б) жеделденген; в) қайталамалы (рецидивті); г) созыл-малы;

5. Клиникалық және анатомиялық белгілеріне қарай: а) септицемия (ме-тастазсыз сепсис); ә) сепсисті-пиемия (метастазды сепсис);

6. Даму уақытына қарай: а) ертелі сепсис (жарақаттанғанан кейін 10 - 14 тәулік аралығында дамыған); ә) кеш сепсис (жарақаттанғанан кейін 2 апта өткен соң дамыған).

7. Қабыну процесіне ағзаның қайыратын реакциясына қарай: а) гиперергиялық; ә) нормергиялық; б) гипоергиялық.

Жалпы іріңді инфекцияның (сеп-систің) дамуы мына кезеңдерге бөлінеді:

· іріңді-резорбтивті қалтырау;

· сепсистің бастапқы кезеңі;

· септицемия;

· сепсисті-пиемия;

· созылмалы сепсис.

Клиникалық тұрғыдан сепсистің ағымы үш кезеңге бөлінеді:

· ширығу кезеңі;

· катоболиялық кезеңі;

· аноболиялық кезеңі.

Әр кезеңнің ұзақтығы ағзаның қорғаныс күшінің денгейіне байланыс-ты.

Ширығу кезеңі - жалпы іріңді инфекцияны тудырушы қоздырғыш-тардың жарақаттаушы қасиеттеріне ағзаның қайтаратын реакциясы. Мұнда инфекцияға қарсы тұруға тіндердің жергілікті қорғаныс күші жеткіліксіз болуында, ағзаның жалпы қорғаныс күші аса үстемді жұм-салады. Инфекциялық процестің қарқындылығы ағзаның қорғаныс күшін сарқып, метаболиялық проце-сінің ширығуын тудырады.

Сепсистің клиникалық белгілері гемодинамикалық бұзылыстармен, ағзаның жалпы уыттану белгілерімен және энцефалопатия немесе орталық жүйке жүйесінің ошақты бұзылыс-тарымен сипатталады. Гемодинами-калық бұзылыстары сепсистік шок ретінде өтуі мүмкін. Мұнда қан арнасы мен айналымдағы қанның көлемі аралығындағы сәйкестік өзгеруі коагулопатиялық бұзылыс-тарын тудырады. Гемодинамикалық бұзылыстар және жалпы уыттану ағзаның детоксикациялық (уларды бейтараптау) қасиетін, бауыр, бүйрек және тыныс алу жүйелерінің қызмет-терін тежеп, микроциркуляциялық қан айналымын бұзады.

Катоболиялық кезеңінде сепсис-тің клиникалық белгілері біртіндеп айқындала бастайды. Сепсистің бұл кезеңінде ағзаның қуаттық шығыны артып, мүшелері мен жүйелерінің қызметтері декомпенсациялық күй кешеді. Ақуыздардың, көмір сутегі мен майлардың катаболизмі артып, су-электролиттік және қышқыл-сілтілі тепе-теңдігі бұзылады, жергілікті инфекциялық ошақтың жаңа орынға тарау шеңбері кеңейеді. Осындай патофизиологиялық процестердің нә-тижесінде ағзадағы бұзылыстар жү-йелі түрде өтеді (жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі, өкпенің зақымдану синдромы, бауыр мен бүйрек қызмет-терінің жетіспеушілік синдромы және т.б.).

Анаболиялық кезеңінде ағзаның бұзылған барлық жүйесінің қызмет-тері қайта қалпына келе бастайды. Катаболиялық кезеңі анаболиялық кезеңге біртіндеп немесе тез ауысуы, жалпы тітіркенуін тудырып, қан қысымы төмендеуімен, жүйке жүйе-сінің вегетативті бұзылыстарымен жүреді.

Сөйтіп, сепсиске диагноз қойыл-ғанда, инфекцияның алғашқы көзі, ағымының сипаты, қоздырғыштардың түрі, процестің кезеңі ескерілуі инфекцияның этипатогенездік негізін анықтауға және тиімді емін тағай-ындауға мүмкіндік береді.

Клиникасы. Сепсистің клиникалық белгілерінің айқындылығы үш жағ-дайға байланысты:

1. Сепсистің клиникалық ағымына (найзағайлы, жедел, созылмалы, қай-таланбалы, метастазды, метастаз-сыз);

2. Науқастың барлық жүйелері мен мүшелері қызметтерінің үстемді де-компенсациялануына;

3. Сепсистің барлық клиникалық белгілері үнемі толық байқалуы шарт-ты еместігі.

Найзағайлы сепсистің ағымы үс-темді ағымда өтіп, бірнеше сағаттан кейін-ақ барлық клиникалық белгілері айқындала бастайды. Сепсистің бұл түрінде (1 - 4 тәулік аралығында бактеремия дамуы) ағзада қайтымсыз бұзылыстар тудырады. Егер бакте-ремия 4 күннен ұзақ уақытта дамыса (жедел сепсис), науқастың жалпы жағдайына және ағзаның уыттану дәрежелігіне қарамастан сепсисті емдемейінше өздігінен жазылуы тіптен мүмкін емес. В. Багориш-вилидің (1998) мәліметі бойынша найзағайлы сепсис үш басты клиникалық белгімен сипатталады:

1. Лезде қызба дамуы;

2. Жүректің оң жақ қарыншасында жетіспеушілік белгісі байқалуы (жү-ректік демікпе - астма);

3. Дерттің ағашқы тәуліктерінде науқасты өлім қорқынышы баурауы.

Жедел сепсисте жалпы іріңді инфекцияның клиникалық белгілерін толық байқау үшін бірнеше күн қажет.

Жеделденгенсепсис баяу ағымда өтеді, оның клиникалық белгілерін толық анықтау едәуір қиындық ту-дырады, ағымы бірнеше айларға созылуы мүмкін.

Қайталамалы (рецидивті) сепсис-те жалпы инфекциялық процестің өршу және кері даму кезеңдері ауысып тұратындықтан, тұрақты кли-никалық белгілері болмауы мүмкін.

Метастазды сепсисте (сепсисті-пиемия) мүшелерде және жүйелерде көптеген іріңдіктер қалыптасып, ин-фекциялық процесс әлсін-әлсін өршіген сайын, негізгі клиникалық белгілері айқындала бастайды. Іріңдік-терді тіліп ашқаннан кейін, науқас біраз айығып, клиникалық белгілері қайтады (дене қызуы төмендейді, жалпы жағдайы жақсарады және т. б.). Егер іріңдіктер басқа жерлерде жаңадан қалыптасатын болса, сепсис-тің негізгі клиникалық белгілері қайтадан айқындала түседі.

Сепсистің метастазсыз(септи-цемия) түрінде инфекциялық про-цестің ауырлық дәрежелігіне байла-нысты, клиникалық белгілері тұрақты сипат алады. Науқас уақытша болса да айығуында, клиникалық белгілері қері қайта бастайды.

Сепсистің клиникалық белгілері айқын болуы, ағзаның қорғаныс күшіне, мүшелер мен жүйелерінің декомпенсациялану деңгейіне және ағзаның сенсибилизациялану дәреже-лігіне байланысты.

Шетелдік ғалымдар сепсис-син-дром атауын сепсистің диагнозын нақтылауға қолданған. Сепсис-син-дромын құрайтын клиникалық белгілер:

Ÿ дене қызуының көтерілуі (39С жоғары) немесе төмендеуі (36С тө-мен);

Ÿ лейкоцитоз немесе лейкопения;

Ÿ тыныс алу жиілігі мин 30 жоғары;

Ÿ жүрек соғу жиілігі мин 90 жоғары.

Бірсыпыра авторлар жоғарыда келтірілген тек екі-ақ белгі сепсистің диагнозын қоюға жеткілікті деп санайды.

Сепсис жалпы және біріншілік ин-фекция ошағынның жергілікті клини-калық белгілерімен сипатталады.

Жергілікті клиникасы.Сепсистік жарадан бозғылт түсті, солғын грану-ляциялық тіндерді көруге болады, аздаған лас сұйықтық бөлінеді немесе тіптен бөлінбеуі де мүмкін. Кейде шіріген иіс шығады. Қан тамыр-ларының тромбозы немесе лимфа-дениттер байқалады.

Жалпы клиникасы. Ағзаның жал-пы улануын және орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарын си-паттайтын сепсистің жалпы клини-калық белгілерін байқауға болады. Науқас басы ауыруына, ұйқысының бұзылуына, әлсіздік пайда болуына шағымданады. Сепсистің тұрақты клиникалық белгілерінің бірі – дене қызуының көтерілуі. Сепсистің ме-тастазсыз кезеңінде таңертеңгілік және кешкілік дене қызуының аралығы үлкен тербелісті көрсетеді. Сепсистің айрықша патогноматикті белгілерінің бірі – қалтырау жене және денесінен бұршақтап тер шығу. Іріңді процестің емі дұрыс жүргізіл-геннің өзінде, науқастың жалпы жағдайы нашарлайтын болса, дене салмағы күрт төмендесе, сепсистің дамуы күмән тудырмауы тиіс. Кейде науқастың терісінің бетінен қанта-лаған дақтарды немесе бөртпелерді көруге болады.

Науқастың қан тамыр соғуы жиі-леніп, ырғақтылығы бұзылады, оның дене қызуы көрсеткішіне қайшы келуі, ағзаның жоғары дәрежелі уыттануын байқатады. Қан тамырларының қан-мен толысуы, артериялық және көктамыр қан қысымын төмендетеді. Кейін жүректің қызметі нашарлау-ынан трофикалық және қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылыстары (тромбофлебит, тромбоз, ойық жара, тіндердің домбығып ісінуі) дамиды.

Сепсисте үстемді анемия дамып, ЭТЖ төмендейді, лейкоциттер саны өседі, лейкоциттік формуласы солға ығысады. Лимфациттер саны азаяды немесе мүлдем жоғалады, тромбоцит-тер саны 40 - 45% төмендейді. Кейбір науқастарда сепсистік бактеремия дамиды. Паренхималық мүшелерінің жұмысы едәуір зардап шегеді. Мысалы, сепсисте бүйректің қызметі бұзылуынан, зәрдің тығыздығы төмен-деп, құрамында ақуыз және қан түйіршіктері пайда болады. Бауырдың қызметі нашарлап, кейде тері жамылғысы сарғыш түстенеді, гепатит дамиды, көкбауырдың өлшемі ұлға-яды.

Науқастың тәбеті бұзылады немесе мүлдем болмайды, тілі құрғап, бетін өңез басады, сепсистік іш өту, лоқсу және құсу сияқты белгілер байқалуы мүмкін.

Жалпы іріңді инфекцияның әр кезеңі тек өзіне ғана тән патогно-матикті белгілермен сипатталуы мүмкін.

Іріңді-резорбтивті қалтыраукезеңінің жалпы клиникалық белгіле-рінің айқындылығы микробтардың улары мен ыдыраған тіндердің өнімдері қан арнасына енуіне байла-нысты. И.В. Давыдовскийдің (1963) мәліметтері бойынша, іріңді резорб-тивті қалтыраудың ұзақтығы ағзаның жалпы және спецификалық реак-тивтілігін төмендетеді. Егер жергілікті іріңді ошаққа уақытылы және толық хирургиялық өңдеу жүргізіліп (іріңді ошақты тіліп ашу операциясын жасау, іріңді қалташықтар қалдырмау, ашылған іріңді жараға тиімді өткізгіштік қалдыру), этиотропты және патогенетикалық ем тағай-ындалғанның өзінде, іріңді-резорб-тивті қалтыраудың клиникалық белгілері қайтпаса, қанның бактерио-логиялық зерттеулерінен патогенді микробтар табылса, сепсистің бастап-қы сатысы (септицемия) дамығаны күмән тудырмайды. Сепсистің бұл сатысы 15 - 20 күндей дұрыс емделсе, науқасты айықтырып алуға болады. Егер қанға қайтадан жүргізілген бактериологиялық зерттеулерінен па-тогенді микробтар табылмаса, жүргі-зілген ем нәтижелі деп есептеуге болады.

Егер науқастың жалпы жағдайы ауыр қалпында өзгеріссіз қалса (дене қызуы 38ºС жоғары, қалтырау, бас ауыруы, ұйқысының бұзылуы, тәбеті-нің жоқтығы және т.б.), екіншілік іріңді ошақтар қалыптаспай жатып қанның бактериологиялық зерттеу-лерінен патогенді микробтар табылып жатса, септицемия диагнозын қоюға болады (токсикалық фазасы).

Сепсистің келесі кезеңі – сепсисті-пиемия. Әлгіде айтылғандай, бұл кезеңде науқастың қалтырауымен, ағзаның жалпы уыттану белгілерінің өте жоғары дәрежеде өтуімен сипатталады. Біріншілік іріңді ошақ-тан микробтар гематогенді жолмен (қан арнасымен) тарауында кейбір мүшелер мен тіндерде метастазды іріңдіктер немесе абсцестер қалып-тасады.

Сепсисті-пиемияның клиникалық белгілері: дене қызуы 38ºС жоғары, қан тамыр соғуының жиіленуі (тахи-кардия 1 мин. 100 жоғары), анемия, гемоглобин саны 140 гр\л төмен, лейкоциттік формуланың солға ығысуы, ЭТЖ - 60 мм\сағ, гипопро-тейнемия (жалпы ақуыз саны 6 гр\л төмен), токсикалық гепатит, нефрит және қанның микробиологиялық зеріттеулерінен патогенді микробтар-ды табылады (Кузин М.И., 1979).

Сепсисті-пиемияның осы клиника-лық белгілерінің бәрі бірдей байқала бермейді. Мысалы, А.И. Неробеевтің (1977) мәліметтері бойынша, өлген науқастардың қан себіндісінен үнемі микробтар анықтала бермейді. Мұның басты себебін науқастардың бұрында антибиотиктерді және сульфанила-мидтерді ретсіз, дәрігердің бақылау-ынсызқабылдауымен, микробтардың антибиотиктерге резистенттілігі жо-ғарлауымен байланыстырады. Сепсис-тің сепсисті-пиемиялық кезеңінде бактериологиялық зерттеуін жасау үшін қанды қалтыраудан кейін алған тиімді.

Сепсистің басқа түрлерімен салыс-тырғанда, одонтогенді сепсисте дерт-тің бастапқы кезеңінен-ақ өкпеде бактериялық метастаз байқалады. Одонтогенді сепсисте өкпедегі метас-тазды ошақтар тыныс жолдарын тарылтып, жөтелгенде қақырық шы-ғады. Дене қызуы кезеңділікпен (интерметирующий) көтеріледі, жал-пы инфекция метастаз бергенде, дене қызуы аз уақыт ғана төмендеп, кейін қайтадан көтеріледі. Дене қызуының осындай ауытқымалы көрсеткіші науқастың қалтырау белгісін (безгек) тудырады.

Сепсистің ауыр, өмірге қауіпті асқынуларының бірі – токсика-инфекциялық шок. Оның дамуы мына үш фактордың бірлесуінен туындайды: сепсистік ошақтың (іріңдіктің) болуы, ағзаның жалпы қорғаныс күші төмендуі және микроб-тардың немесе олардың улы өнімдері-нің ошағы «кіру қақпасы» сақталуы (Лыткин М.И. және т. б., 1980).

Сепсистік шок микробтар немесе олардың улы өнімдері бірден немесе бірнеше мәрте көп мөлшерде қан арнасына енуінде дамиды. Сепсистік шокта зақымдаушы фактордың әсері-нен орталық жүйке жүйесінің қызме-ті, өкпенің газ алмастыру қабілеті, шеткері және орталық қан айналымы күрт бұзылады. Қоздырғыштың түріне, науқастың жасына, ілеспе ауруларының бар-жоқтығына, дерттің ауырлық дәрежелігіне қарай, сепсистік шоктың ақыры өліммен аяқталу жиілігі 50% немесе одан да жоғары болуы мүмкін (Лыткин М.И. және т. б., 1980).

• М.А. Губиннің (1980) мәліметтері бойынша, одонтогенді инфекциядан туындаған сепсистік шоктың ерекше-лігі – гипоксиямен, токсемиямен және тыныс жолдарының бітелуімен, пневмониямен байланысты лезде дамитын үстемді тыныс жетіспеуші-лігімен өтуі;

• Кей жағдайларда жалпы іріңді инфекцияның метастазында сепсиске диагноз қою аса қиындық тудыр-майды. Сөйте тұра, сепсисті іріңді интоксикациядан немесе инфекциялық аурулардан ажыратудың өзіндік қиындықтары болып тұратынын естен шығармаған жөн. Сепсиске диагноз қойғанда мына клиникалық белгілері және зертханалық мәліметтері ескері-луі тиіс:

- сепсис әдетте жедел немесе жеделдемелі ағымда өтеді;

- сепсисті тудырушы біріншілік инфекция ошағынның жергілікті клиникалық белгілерімен салыс-тырғанда, инфекциялық процестің жалпы клиникалық белгілері басым-дылықпен өтіп, науқастың жалпы жағдайы үдемелі түрде нашарлайды;

• Дене қызуы өте жоғары, ұзақ уақыт (гектикті дене қызуы – hecticus) бір деңгейде сақталады, қалтырау белгісі байқалады;

• Қарқынды ем жүргізгеннің өзінде, науқастың жалпы жағдайы үдемелі нашарлайды;

• Жүрек-қантамыр жүйесі қызметі-нің нашарлауы (қан тамыр соғуының әлсіздеуі, тахикардия, қан қысымының төмендеуі және т. б.);

• Қан тамырының соғуы және дене қызуы көрсеткіштерінің қайшы келуі (әдетте дене

қызуы 1 градуске көтірлгенде қан тамыры соғуы 10 санға жиілейді);

• Дене салмағының үдемелі төмен-деуі, науқастың арықтауы (кахексия);

• Сепсистік жараның сипаты өзгеруі (бозғылт түсті, қанағыш және солғын

грануляиялық тіндермен жабылған, жарадан бөлінетін жалқықтан шіріген иіс шығуы);

• Лейкоциттер саны сәл көбейгенде, ЭТЖ көрсеткіші өте төмен болуы;

• Бүйректің қызметі бұзылуы (зәрдің тығыздығы төмендеуі, құра-мында қан түйіршіктері, ақуыздар, эпителийлер және т. б. заттар болуы);

• Тері және көз алмасының ақ қабығы сарғаюы, бауырдың өлшемі ұлғаюы;

• Әлсін - әлсін іш өтуі;

• Трофикалық бұзылыстар (ойық жаралар, қанталау және т. б.);

• Бактериемия (микробтардың қанға енуі);

• Сепсистік аэрозивті кан кетуі.

В.Багорошвили (1998) сепсиске диагноз қою үшін нақты 4 клиникалық белгі және 1 зертханалық көрсеткіш жеткілікті деп есептейді. Олар мыналар:

• Сепсисті тудырушы біріншілік инфекция ошағының өлшемі мен жоғарғы көрсеткішті қызба (немесе ағзаның қызбасыз уыттану белгілері) аралығында сәйкестік болмауы;

• Сепсистің біріншілік инфекция ошағы өңделгеннен кейін де қызба (немесе ағзаның қызбасыз уттану белгілері) қайтпауы;

• Алшақ жатқан аймақтарда гематогенді іріңді метастаз ошақтары қалыптасуы;

• Іріңді-резорбтивті қызбада көк бауырдың ұлғаюы;

• Шартты патогенді микробтардан бактеремия дамуы, яғни зертханалық зерттеулерінде қаннан микробтар табылуы.



Просмотров 2159

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!