![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Ағзаның иммунитетін үстемдеуші және реттеуші дәрі-дәрмектер
Левамизоль 2,5 мг/кг дене салмағы есебімен аптасына 2 рет ішуге, 2 аптадан кейін қайталау қажет; Метилурацил 0,5 - 1,0 г аптасына 3 - 4 рет, тамақпен бірге немесе тамақтан кейін ішуге; тәулігіне 3 рет мұрынға тамызу; Називин Тизин Нокспрей тәуілігіне 2 рет мұрынға тамызу; Назол Ксилометазол 0,1% гель; Эфедрин 3% ерітінді мұрынға тамызу; Дикаин + адреналин (1% дикаиннің 1 мл 1% адреналин ерітіндісінің 1 тамшысы) Физиотерапиляқ ем (УЖЭТ, электрофорез, ультрадыбыс, магнитотерапия, лазертерапия)
Гидрокортизон суксинаты 0,25% ерітінді электрофорез ретінде қолданылады Жедел одонтогенді гаймориттің аяқталуы және асқынулары:
Асқынуларының алдын-алу мақ-сатымен «себепші» тіс және жедел гайморит уақытылы емделуі тиіс.
13.2. Созылмалы одонтогенді гайморит (Haigmoritis odontogenica сhronica).
Созылмалы одонтогенді гайморит жоғарғы тіс түбірлерінің инфекциялық ошақтарынан дамиды. Клиникасы. Созылмалы гайморит кейде жедел гайморит толық жа-зылмағанда немесе созылмалы пери-одонтиттің асқынуынан дамуы мүмкін. Әйтсе де, созылмалы гай-морит жедел сатысыз да жиі дамиды. Кей жағдайларда қабыну процесі латентті (ағымы жасырынды, клини-калық белгілері көмескіленген) түрде, клиникалық белгілері айқынсыз өтуінде, науқастың айтарлықтай шағымы болмайды. Әдетте, науқас басының бір жақ бөлімі ауруына, мұрны бітелуіне, иіс сезінуінің нашарлауына немесе мұрыннан жағымсыз иіс шығып тұруына және бір жақ бөлігінен әлсін-әлісін ірің бөлінуіне шағымданады. Ауруы анамнезінен «себепші» тіс бұрын емделгенін немесе жұлынғанын анықтап білуге болады. Созылмалы гайморитте науқастың жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді. Науқастың бет пішіні өзгерісіз, симметриялы, мұрнының бір жақ бөлігінен ірің бөлінуіне байланысты, кіреберісінің терісі дымқылданып, қызарады (мацерацияланады); кейде мұрын қуысы ішінің шырышты қабығы қызарып, домбығады; риногенді гайморитпен салыстыр-ғанда, одонтогенді гайморитте мұрын-ның шырышты қабығы едәуір патологиялық өзгеріске енбейді, сон-дықтан мұрынның ортаңғы жолынан ашылатын табиғи тесіктен (ostium maxillarae) жалқық кедергісіз шығуы мүмкін (А.М. Солнцев, 1969). Рентген көрінісінен ауырған жағының гаймор қойнауы, сау жағымен салыстырғанда, біркелкі бұлынғырланып тұрады (142 сурет), ірің жинақталса, оның деңгейі анықталуы мүмкін. Гаймор қойнауын-да полиптер болса, контрастылы зат енгізіп, түсірген рентген суретінен жекеленген, өлшемі әркелкі, қабырға-ларына таяу орналасқан патологиялық түзілістерді көруге болады.
141 сурет. Сол жақ гаймор қой-науының қабыну процесінен бұлын-ғырланып көрінуі.
Патологиялық анатомиясы. Пато-морфологиялық сипаты созылмалы гаймориттің түріне байланысты. Патоморфологиялық тұрғыдан созыл-малы гайморит келесі түрлерге бөлінеді: катаральді, іріңді, полипоз-ды. Осыған байланысты, гаймор қойнауының шырышты қабығынан созылмалы катаральді, созылмалы іріңді немесе полипозды-гиперпласти-калық бұзылыстарын көруге болады; қабыну процесінен жыпылықтағыш эпителийдің өлеттенуі және оның жалпақ көпқатарлы эпителиіне метаплазиялануы анықталады. В.Е. Шегельский (1979), патанатомиялық тұрғыдан созылмалы гайморитті катаральды, экссудативті және пролиферативті, ал Тимофеев поли-позды және полипозды емес түрлерін ажыратады. Гаймориттің полипозды түрінде шырышты қабықтың бетінен әйнек тәрізді, жуан аяқшалы, сұр-көкшіл түсті түзілістерді көруге болады. Оны алып тастағанда, ішінекн сірлі сүйықтық бөлінеді. А.М. Солонцевтің (1969) мәлімет-тері бойынша, одонтогенді созылмалы гайморитпен сырқатанған науқастар-дың 1/3 бөлігінде қабыну процесі қойнаудың шырышты қабығының жекеленген орындарында, негізінен алдыңғы және төменгі қабырға-ларында өтедіп, «себепші» тіс немесе остеомиелит процесі тұсының сүйек табақшасы зақынмдаады. Ван Гуан-Хэ (1958) мәліметтері бойынша, гаймор қойнауының шы-рышты қабығында полиптер қабыну процесі ұзақ уақытқа созылып өтуінде қалыптасады және сүйек тіндерінде, әсіресе қойнаудың алдыңғы сүйек қабырғасында едәуір патологиялық бұзылыстар тудырады. Сүйек тіні сорылуымен қоса, оның жаңадан қалыптасу процесі бірлесіп жүреді. Риногенді гайморитте мұндай процестер жүрмейтіні анықталған. Ажыратпалы диагнозы. Созылма-лы одонтогенді гайморитті соған ұқсас аурулардан ажыратылуы тиіс: тіс түбірлерінің және ретенциялық ұралардың гаймор қойнауына өсуінен, созылмалы риногенді және аллер-гиялық гаймориттен, жоғарғы жақ-сүйектің қатерсіз және қатерлі ісіктерінен. Тіс түбір маңының ұрасы гаймор қойнауы ішіне өсуінде, оның қабыр-ғасы едәуір деформацияланады. Кейін олар жұқарып, сорыла келе, Дюпетрен симптомы (пергамент қағазының сықыры) және іркілу (флюктуация) белгілері пайда болады. Жиі қойнаудың алдынғы-сыртқы және төмег-і қабырғалары зақымданады. Жоғарғы жақсүйектің алдынғы тістерінің гранулематозды перидонти-тінен дамыған тіс түбір маңының ұрасы мұрын қуысының ішіне қарай өседі. Мұндайда төменгі мұрын жолы томпайып тұрады (Гербер симптомы). Ұра гаймор қойнауының төменгі бөліміне қарай өсунде, альвеолалық өсінді деформацияланады, ал ортаңғы бөліміне – сүйір тістік ойығы томпайып, деформацияланады. Жоғар-ғы жақсүйектің ұрасына диагноз қою үшін пункция жасаған жөн. Әдетте, сорып алынған сұйықтық сары түсті, бетінде майлы түйіршіктер (холесте-рин) қалқып жүреді. Гаймор қойнауына өсетін ұралар шынайы (ретенциялық) және жалған (лимфангиэктатикті) түрлеріне бөліне-ді. Ретенциялық ұралар гаймор қойнауының шырышты қабығының түтікті-альвеолалық бездерінің түтік-тері бітелуінен дамиды. Лимфангиэк-татикті ұралар өсуі тінішілік домбығуымен байланысты (аллергия-лық жағдайында). Мұнда шырышты қабықтың лимфа тамырлары қабыр-ғаларының керілуінен ұра тәрізді түзілістер қалыптасады. Өлшемі едауір ұралар науқастың тыныс алуына кедергі тыдыры, жоғарғы жақсүйегінде ауырсыну сезімі пайда болады, науқас басын төмен еңкейткенде ауыр сезінеді. Осындай ұралар кездейсоқта өздігінен жарыла-тын болса, бір жақ мұрын жолынан жалқықты сұйықтық бөлінеді. Осылайша жылына 1 - 2 рет қайталанып тұруы мүмкін. Гаймор қойнауы ұраларынның диагностика-сын екі тұстан (мұрын-иек бағытында және жанынан) жасалған рентгеноло-гиялық зерттеу жасау арқылы нақтылауға болады. Созылмалы одонтогенді гайморитті гаймор қойнауының шырышты қабы-ғының созылмалы аллергиялық қабы-нуынан ажырату қажет. Аллергиялық гаймориттерді одон-тогенді гаймориттермен салыстыр-ғанда, біріншіден, олардың жедел немесе созылмалы периодонтиттермен байланысы жоқтығы, екіншіден, олар ұзаққа созылып, жиі өршіп және баслып түратындығы (мезгілдік сипаты бар), сонымен қоса мұрын айналасының басқа қойнаулары да қабыну процесімен зақымдануы, мұрын жолдарынан көп сұйық жалқық бөлінуі ескерілуі тиіс. Қан тамырта-рылтқыш дәрі-дәрмектер аса тиімді нәтиже бермейді. Ғылыми әдебиеттерінде мұрын қуысының аллергиялық аурулары жөнінде көп жарияланған. Клини-калық тәжірибеде созылмалы аллер-гиялық гайморит 70% жағдайда кездесетіні мәлім, оның дамуында ағзаның сенсибилизациялануы басты орын алады. Созылмалы аллергиялық гайморитпен ауыратын науқастардың анамнезінен аллергиялық теміреткі (экзема) немесе нейродерматиттер, аллергиялық конъюктивит, Квинке ісігі, жалқықтық диатез, кейбір дәрі-дәрмектерге немесе тағамдарға реакциялар болуы және туысқан-дарының анамнезінен де аллергиялық аурулар анықталған. Негізгі айырмашылықтары: - әдетте, аллергиялық гайморит екі жақтылы; - аллергиялық гайморитте, одон-тогенді гаймориттегідей, «себепші» тістермен байланысы болмайды; - науқастың ауру анамнезінен және клиникалық белгілерінен аллер-гиялық гайморитті сипаттайтын мәлі-меттер анықталуы: - аллергиялық гайморит ұзаққа созылатын сырқат; - жыл мезгіліне байланысты өр-шіп, кері дамитын (ремиссия) процесс; - аллергиялық қабыну процесі гаймор және басқа да мұрын айналасы қойнауларының шырышты қабығында бірлесіп өтуі; - мұрыннан ашық түсті, созылған сұйықтық бөлінеді; - мұрынның шырышты қабығы солғынданып, көкшіл түстенеуі; - мұрын қуысында полиптер түзілуі; - мұрынға қан тамыртарылтқыш дәрі-дәрмектер тамызғанда нәтиже бермеді. Е.Д. Лисициннің (1964) мәліметтері бойынша, аллергиялық гайморитте мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың құрамында эозинофильдер саны көбеюі және бактериялық аллерген-дерге оң мәнді реакция (әсіресе жоғарғы жақсүйек қойнауының шырышты қабығы полиппен зақым-данса және этмоидит дамыса) беруі, аллергиялық гайморитке тән белгі.
![]() |