![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Одонтогенді және риногенді гаймориттердің ажыратпалы клиникалық белгілері
12 кесте
Тәжрибе жүзінде одонтогенді және ринеогенді гаймориттерді ажырату бірсыпыра қиындық тудырады, сол себептен клиницистер гаймориттің тағыда бір түрін атап көрсетеді – риноодонтогенді гайморит.Тимофе-евтің мәліметтерібойынша аталмыш гайморит барлық гаймориттердің 13% құрады. Емі. Одонтогенді гаймориттің ка-зіргі кезеңдегі емінің негізгі ұстанымы - жиі асқынулар тудыратын гаймо-ротомия операциясын, реті келсе жасамауға тырысу (Г.В. Кручинский және т.б.,1998). Гайморитпен ауырған науқастарды тек операциялық жолмен ғана айықтыруға алуға болады деген ұғым, бұл күнде ескіргенге ұқсайды. Өкінішке орай, гаймор қойнауының шырышты қабығының патологиялық өзгерісін үнемі қайтымсыз деген желеумен гайморотомия операциясын жаппай жасауды және шырышты қабығын түгелдей қарып алып тастауды, әлі де болса қолдайтын хирургтар жоқ емес. Эксперименттік және клиникалық зерттеулер нәтиже-леріне сүйенетін болсақ, созылмалы одонтогенді гайморитте
қойнаудың шырышты қабығының өзіндік регенерациялық қабілеті толық жойылмайтыны, қабыну процесінің ұзаққа созылуына қарамастан, түр сипаты едәуір өзгеріске енсе де, атқаратын қызметі сақталатыны дә-лелденген. Созылмалы одонтогенді гайморит-тің емінде көзделетін негізгі мақ-саттар: гаймор қойнауына инфекцияның енуін тоқтату (одонтогенді гайморитті тудырушы себепші тісті жұлу); гаймор қойнауының полипозды өзгеріске енген шырышты қабығын алып тастау, сау және өзгермеген шырышты қабығын қалдыру; гаймор қойнауында жинақталған жалқық кедергісіз шығуын қамту. Ол үшін мұрын қуысының төменгі жолынан қойнаудың медиальды қа-бырғасын Куликов инесімен (сурет) тесіп (пункциялап), жасанда қатынас жасау (егер жұлынған «себепші» тіс ұяшығынан гаймор қойнауының түбі тесілмесе немесе жыланкөз болмаса); жасалған жасанды тесік арқылы гаймор қойнауына жіңішке полихлор-винильді түтік енгізіп, жергілікті ем ретінде антибиотиктермен немесе антисептикалық ерітінділермен өңдеп, инфекциямен күресізу. Осы ретте, гаймор қойнауында жинақталған жалқықтың шығуын қамту мақса-тымен мұрынға шырышты қабығының қан тамырларын тарылтатын дәрі-дәрмектер тамызу қажет. Мұндай ем нәтиже бермесе, гайморотомия опе-рациясын жасап, патологиялық өзгерістегі (полипозды) шырышты қабығын қырып алып тастау қажет. Гаймор қойнауында жинақталған жалқық кедергісіз шығып тұру үшін, мұрын қуысының төменгі жолынан гаймор қойнауына ашылатын жасанды қатынас (тесік) жасалады. Гайморо-томия операциясы, әдетте жалпы наркозбен немесе премедикациямен қоса жергілікті өткізгіштік жансыз-дандыру әдістерімен орындалады. Операцияның орындалу реттілігі. Клиникалық тәжірибеде гайморо-томия операциялары арасында жиі Калдвелл-Люк әдісі орындалады. Ол үшін жоғарғы жақсүйектің өтпелі қатпары бойымен, екінші күрек тістен бірінші немесе екінші үлкен азу тістеріне дейін шырышты қабығы сүйекқабымен бірге тілінеді (143 сурет). Қырғышпен (распатор) гаймор қойнауының алдыңғы сүйек қабыр-ғасының беті ашылады. Содан кейін диаметрі кіші бұрғымен сүйір тіс ойығы тұсынан сүйек табақшасы дөнгелек пішінді етіліп, диаметрі орта шамамен 1,5×1,5 см тесіледі (144 сурет). Тесіктер өзара біріктіріліп, босатылған сүйек табақша алынып тасталады. (Мишенькин әдісі бойын-ша, сүйек табақша сүйекқабынан ажыратылмай бірге босатылады). Гаймор қойнауының алдыңғы қабыр-ғасын шапқымен немесе Г.Н. Марченко ұсынған арнайы цилиндрлі тескішпен (трепан) тесуге де болады (145 сурет). Егер гайморит жоғарғы жақсүйектің созылмалы остеомие-литінен дамитын болса, гайморотомия операциясымен бірге секвестрэк-томия операциясы Нейман-Заславский (1966) әдісі бойыншы тіндер трапеция тәрізді тілінеді (146 сурет). Одон-тогенді гайморитте патологиялық процесі негізінен гаймор қойнауының түбінде өтетіндіктен және операция барысында себепші тістің айнала-сындағы патологиялық тіндер (өлі сүйек тіндері - секвестрлер, тіс түбірінің сынықтары, грануляциялық тіндер немесе ұраның қабы) алынып тасталатындықтан, трапеция тәрізді тілік жасау тиімді.
а ә
143 сурет. а – Кальдвел-Люк бойынша гайморотомия операциясын-да өтпелі қатпардан жасалатын шырышты қабықтың тілігі;ә- гаймор қойнауының алдыңғы қабырғасы ашылған.
144 сурет. Гаймор қойнауын А.И. Евдокимов бойынша тесу: сүйек табақшасын бірнеше жерден дөнгелек пішінді етіп тескен соң, тесіктер өзара біріктіріліп, босаған сүйек табақшасы алынады.
145 сурет. Гайморотомия операция-сы секвестрэктомия операциясымен бірге жасалғанда шырышты қабығы тілігінің жүргізілу бағыты (Н.И. Заславский бойынша).
а ә 146 сурет. Кальдвел-Люк және Денкер бойынша гайморотомия операциясы. а - Кальдевль-Люк гаймо-ротомия операциясы бойынша гаймор қойнауының алдыңғы қабырғасы алынған; ә - Денкер бойынша гай-моротомия операциясы гаймор қойнауының алдынғы қабырғасымен қоса мұрын тесігінің сыртқы жиегі кесіп алынады;
![]() |