Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ан орнына қолданылатын дезинтоксикациялық ерітінділер



Бет-жақсүйек аймағының іріңді қабыну ауруларын және олардың асқынуларын емдеуді ұйымдастыру алдында дезинтоксикалық емнің қажеттілігі анықталып, енгізуге арналған ерітінділердің құрамы және сапалық қасиеттері ескерілуі тиіс.

Дезинтоксикациялық емінің мақсаты:

дезинтоксикациялық қасиеттері бар қан орнына қолданылатын ері-тінділерді енгізу арқылы, ағзада жинақталған улы заттарды, метаболит процесінің улы өнімдері мен биоло-гиялық белсенділігі жоғары аминдерді қысқа мерзім аралығында сыртқа шығару;

улы заттарды сұйылтып, дереу шығару мақсатымен, ағзаны сусын-дандырғаннан кейін диуретиктерді қолдану арқылы оны дегидрата-циялау;

төмен молекулалы ерітінділерді енгізіп, қанның реологиялық қасиетін жоғарылату, гемоконцентрациясын төмендету;

ақуыз препараттарын енгізу арқылы ағзаның азоттық тепе-теңдігін реттеу.

Гемодез. Гемодездің дезинтоксика-циялық, адсорбенттік қасиеттері – улы заттарды өзіне тартып, оларды ағзадан шығару. Гемодез ағзадан, негізінен бүйрек, аз көлемде ішек арқылы сыртқа шығарылады. Сондай-ақ, ге-модез шеткері қан тамырларының стазын, эритроциттердің аггрега-циясын жояды. Гемодездің капилляр-лық стазын жоюы микроциркуляци-ялық қанайналымын жақсартуымен байланысты болса, оның жоғарғы коллойдты-осмостық қасиеті жасуша аралық сұйықтығын қан арнасына тартуымен бағалы. Гемодездің сор-бенттік қасиетіне тең ерітінділер қазірде жоқтың қасы. Ол өзінің осындай қасиеттерімен шетелдік препараттарынан (неокомпенсан және перистону-Н) артық болмаса, кем емес.

Гемодездің антигенді, улы, пиро-генді қасиеттері жоқ. Ол 100 мл, 200 мл және 450 мл көлемде құтыда шығарылады, 0 - 20ºС температурада 5 жылға дейін сақтауға болады.

Гемодез басқа препараттармен бірге дене салмағының 8 - 9 мл/кг есебімен, минутына 60 тамшы жылдамдықпен көктамырға енгізіледі.

Гемодездің 6% ерітіндісінің бір реттік ем мөлшері (дозасы) ересек адамдар үшін орта есеппен 400 мл құрайды.

Гемодез тек көктамырға ғана енгізілетін ерітінді. Оның көктамырға енгізілу жылдамдылығы мұқият қада-ғалануы тиіс. Инфузиялық ем ретінде 100 мл препаратты 20 минут аралығында енгізгенде (1 минут аралығында 50 - 60 тамшы) науқастың қан қысымы төмендеп, тыныс жолдары тарылады және терісі қызаруы мүмкін. Мұндай жағдайда гемодездің көктамырға енгізілуі 3 - 5 минуттай тоқтатылып, кейін 1 минутта 2 тамшы есебімен әрі қарай енгізілуі жалғастырылады. Артерия-лық қан қысымын әлсін- әлсін өлшеп тұру қажет.

Полидез.Төмен молекулалы поли-винилді (полидез 3%) полидез деп аталатын ерітінді инфузиялық және трансфузиялық ем ретінде жиі қолданылады. Ашық, сәл сарғыш түсті, молекулалық салмағы 10000 - 27000, құрамында поливинилді төмен молекулалы 5,5 гр натрий хлориді, 0,005 гр калий хлориді, 0,23 гр натрий гидрокарбонаты, 30 гр медициналық спирт, 1 литр апирогенді су қоспасы бар дезинтоксикалық препарат.

Гемодез сияқты, полидездің де дезинтоксикациялық қасиеті өте жоғары. Адсорбент ретінде улы заттарды өзіне байланыстырып, ағза-дан зәрмен шығарылады. Полидездің 60 - 80% ерітіндісі ағзаға енгізілгеннен кейін бірінші күні-ақ оны зәрден табуға болады. Оның көктамырға енгізілу жылдамдығы минутына 20 - 50 тамшы. Арасына бірнеше сағат өткізіп, ересек адамдарға қайтадан 250 мл енгізуге болады.

Бет-жақсүйек аймағының іріңді қабыну ауруларында, соның ішінде іріңді-сепсистік асқынуларында поли-дезді дезинтоксикалық ерітінді ретінде қолданылуы, оның диуретикті және дегидротациялық қасиеттерімен, ми-кроциркуляциялық арнасының және бауырдың экскреторлық қабілетін жақсаруымен байланысты.

Полидездің улы және пирогенді қасиеттері жоқ. Қолдану ережесі дұрыс орындалып, қан тамырға енгі-зілетін болса, асқынулар болмайды. Әйтсе де, көктамырға тез енгізгенде науқастың бас айналуы, жүрегі қағып, айнуы мүмкін.

Құтыда 150, 200 және 400 мл көлемінде өндірісте шығарылады. Препаратты сақтау температурасы 10°С төмен болуы тиіс. Мұздатуға және қатыруға болмайды.

 

Гемодинамикалық қасиеті бар ерітінділер.

 

Полиглюкин. Препарат мөлдір сарғыш түсті ерітінді, молекулалық салмағы 15000, тұтқырлығы 2,8 - 4,0; рН - 4,5 - 6,5 тең. Гемодинамикалық қасиеті басқа коллоидылы ерітін-ділерден едәуір жоғары, декстран қатарына жатады. Құрамында (100 мл ертіндіде) 5,5 - 6,5 гр орта моле-кулалы декстран (бактерия текті полисахарид), 0,3% этил спирті, 1 мг азот және 0,2 мг ауыр металлдар бар.

Полиглюкин күйікті және жа-рақаттық шокта, жедел қан кетуде, сырқаттан және операциядан кейінгі уланудан туындаған шокта немесе сепсистің алдын алуға қолданылады.

Көктамырға енгізілген коллоидты ерітінділердің барлығы өздерінің белсенді осмолярлы қасиетімен қан арасындағы сүйықтықтың көлемін арттырып, тін сұйықтығын қан арнасына тартады (сіңіреді). Қан тамырға енгізілген полиглюкин қан арнасында 3 - 4 күн бойы сақталса, оның 50% бірінші күні-ақ ағзадан шығып үлгереді. Полиглюкиннің негізгі бөлігі бүйрек арқылы, ал қалғаны – ішек - қарын (асқазан-ішек ) жолымен шығады.

Қан тамырға енгізілген полиглюкин қан арнасы айналымындағы сұйық-тықтың көлемін өз көлемінен бірнеше есе көбейтеді. Мұндай қасиет оның өте жоғары коллоидты -осмолярлық қысымына байланысты.

Полиглюкиннің құрамында төмен молекулалы компоненттердің болуы, оны дезинтоксикациялық ерітінді ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте, полиглюкинді қан тамырға енгізгенде, ағзада реакция болмайды. Кей жағдайларда полиглюкинді енгі-згеннен кейін (3 - 10 мл), науқастың тынысы тарылып, тахикардия дамиды, қан қысымы төмендеуі мүмкін. Мұндай асқынулардың алдын алу мақсатымен, полиглюкиннің бірінші 15 - 30 тамшысы енгізілгеннен кейін 2 - 3 мин тоқтатып, бақылау жасалуы тиіс. Егер препаратқа реакция болмаса, қантамырға енгізе беруге болады.

Реополиглюгликинтөмен мо-лекулалы коллоидты, жартылай гидролизделінген және тазартылған декстран. Молекулалық салмағы – 35000. Реополиглюкин өте жоғары гиперонкотикті коллоидты ерітінді болғандықтан, оны көктамырға енгі-згенде, қан айналымындағы сұйық-тықтың көлемі едәуір көбейеді. Оның қандағы әрбір 1 граммы 20 - 15 мл сумен байланысады. Айналымдағы қанның көлемі өскенде эритроцит-тердің дезагрегациясы төмендейді. Қан түйіршіктеріне дезаггрегациялық әсер етуі ескеріліп, оны іріңді қабыну процесінде ұсақ қан тамырларында өтетін микроциркуляциялық бұзылыс-тарын реттеу үшін қолданылады. Қан орнына қолданылатын басқа ері-тінділермен салыстырғанда, реополи-глюкиннің реологиялық әсері едәуір басым. Әсіресе, реополиглюкинді қан-ның гемоконцентрациялық және гиперкоагуляциялық бұзылыстарын реттеуге қолдану жақсы нәтиже береді.

Реополиглюкин қан арнасында 2 - 3 тәулік сақталғанының өзінде, оның негізгі көлемі бірінші күндері-ақ зәрмен шығып үлгереді.

Бірінші тәулікте реополиглюкиннің енгізілу көлемі 8 мл/кг, кейін - 6 мл/кг жеткізуге болады.

Желатинол.Құрамында көптеген амин қышқылдары (глицин, пролин, гидроксилпролин, аз мөлшерде мети-онин, цистин және т.б.) бар ақуыз препараты. Молекулалық салмағы 5000 және одан да жоғары, кәріптас (янтарь) түсті ерітінді. Тұтқырлығы 2,2 - 3,0; рН 6,8 - 7,4. Физикалық және химиялық қасиеті жағынан қанның плазмасына жақын.

Желатинольдың улылығы және пирогенділігі жоқ, антигенді ре-акциясын және эритроциттердің агглютинациясын тудырмайды, ағзада жинақталмайды. Айналымдағы плаз-маның көлемін өсіруі арқылы қан қысымын жоғарлатады немесе қал-пына келтіреді.

Геморрагиялық, операциялық, күй-ікті және жарақаттық шокта плазма-ның орнына, операцияға дайындық жүргізгенде, ағзаны дезинтокси-кациялауға қолданылады.

Жедел қан кетуден қансырағанда және геморрагиялық шокта көкта-мырға немесе артерияға енгізіледі. Бірден 2000 мл ерітінді енгізуге болады. Ағзаға енгізгеннен кейін 1 - 2 тәулік өткен соң зәрден ақуыз табуға болады. Препаратты жедел және созылмалы нефритте енгізуге болмайды. Ерітінді 250 мл немесе 500 мл көлемінде дайындалып шығары-лады, +4Сº - +6ºС температурада сақталуы тиіс. Ағзаға енгізудің кері көрсетілімі – бүйректің жедел ауру-лары

Айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, төмен молекулалы ерітінділер (реополиглюкин, реомакродекс, поли-глюкин) айналымдағы қанның көлемін толықтыруға, микроциркуляциялық қан айналымын, қанның тұтқырлығы мен реологиялық қасиетін реттеуге қолданылады. Декстрандардың деза-ггрегациялық (эритроциттердің жа-бысқақтығын болдырмау), диуретикті (бүйректің сүзгіштік қызметін жақ-сарту) және қан тамыр арнасына экстрацелюллярлы (жасуша сырты-ның) кеңістіктен сұйықтықты өзіне тарту қасиеттері ескеріліп, қабыну процестің кешенді емінде қолданы-лады.

Парентералді қоректендіру - (para - қасына, entero - ішек) ағзаны ішектен тыс жолдармен қоректендіру. Парен-тералды коректендіру - ағзаның метаболиттік процесінің бұзылыс-тарын реттеуге, көлемі мен сапасы, қасиеті (пластикалық және қуаттан-дыру) ескеріліп, құрамы минералды заттармен және дәрумендермен құнарландырып қолдануға арналған препараттарды көктамырға енгізу арқылы жүгізілетін жасанды қоректендіру.

Егер науқас өздігінен қоректене алмаса немесе қоректенуі жеткіліксіз болса, онда парентералді қоректендіру жүргізуге тура келеді.

Толық құнарлы парентералді қорек-тендіру, яғни қажетті ингре-диенттермен (құрамына қажетті заттармен) толықтырылған препа-ратты қолдану, ағзаның инфекцияға қарсы резистенттілігін арттырып, тіндердің репаративтік қабілетін жақ-сартады, өмірге маңызды мүшелердің бұзылған қызметтерін реттейді. Ағза азотпен, сумен, электролиттермен, дәрумендермен және каллориймен тәулігіне толық қамтамасыз етілсе, оны толық парентералді қорек-тендіру деп, ал егер ағза жоғары-дағылармен жартылай қамтылса, оны толық емес парентералді қоректен-діру деп атайды. Дене қызуы әдеттегі қалпынан 1°С жоғарылауы ағзаның 5 - 8% қуаттық шығынын тудырады. Құрамында аскарбин қышқылы, А дәрумені, сирек металлдар (Zn, Md және т.б.) мен ақуыздары бар, кө-мірсутегі ерітінділерімен және май-лармен толықтырылған парентералды қоректендіруін жүргізу, іріңді қабыну процестің асқынусыз өтуіне мүмкіндік береді. Ересек адамның ағзасы тәулігіне 1 кг дене салмағына 30 - 40 каллория қажет етеді.

Егер адамға дене салмағының 1 кг тәулігіне 1 гр ақуыз қажет екендігі және гидролизаттың 100 мл орта есеппен 5 гр ақуыз бары ескерілсе, салмағы 70 кг науқасқа тәулігіне 70×100 гидролизат ерітіндісін енгізуге тура келеді.

Парентералді қоректендіру ретінде амин қышқылды препараттар (ақуыз гидролизаттары, амин қышқыл-дарының ерітінділері), майлы эмуль-сиялар, көмірсутегінің ерітінділері, электролиттер, гормондар мен дәрумендер қолданылады.

Ақуыз гидролизаттары қанның ма-ңызды қызметтерінің бірін (қорек-тендіру) атқаратындары ескеріліп, оларды іріңді қабыну ауруларында жиі қолданған тиімді. Бет-жақсүйек аймағының терең бөлімдерінде өтетін іріңді қабыну ауруларында науқастың жұтынуы қиындауы, тәбеті жойылуы және ағзаның жалпы уыттануы ескеріліп, ақуыз гидролизаттарын парентералді қоректендіру ретінде қолдану жақсы нәтиже береді.

Парентералді қоректендіруге арна-лған ақуыз гидролизаттарының төрт түрі бар: казеин гидролизаты, гидро-лизин, аминопептид және амино-кровин.

Казеин гидролизаты– амин қыш-қылдары мен қарапайым пептиттердің қоспасы. Препарат мөлдір, сарғыш немесе сарғыш-қоңыр түсті ерітінді, өзіндік иісі бар. Стерилді, пирогенді және улы қасиетері мүлдем жоқ.

Казеин гидролизатының құрамында ақуыздар мен күрделі полипептидтер жоқ, ағзада анафилактикалық реакция және сенсебилизация тудырмайды, өте жеңіл қорытылады. В6 және В12 дәрумендерімен бірге енгізілгенде препараттың қорытылуы арта түседі. Өндірісте 200 және 400 мл мөлшерде шығарылады, дайын препарат 7 жылға дейін өзгеріссіз сақталады. Оны қатырып, қайнатуға және ысытуға болмайды, себебі химиялық және биологиялық қасиеттерін жояды.

Гидролизин. Амин қышқылдары мен қарапайым ақуыздар ерітін-ділерінің қоспасы. Құрамына глюкоза кіреді. Өндірісте 400 мл көлемді құтыда шығарылады.

Аминопептид. Амин қышқылдары мен төмен молекулалы пептидтердің қоспа ерітіндісі 200 және 400 мл көлемінде шығарылады. Стерильді, апирогенді (ағзада реакция тудыр-майтын), улы қасиеті жоқ.

Гидролизин және аминопептид ерітінділері ірі қара малдың қанынан ақуыздарды, фибрин сұйықтығын ферментативті гидролиздеу әдісімен ажыратылып дайындалады.

Бет-жақсүйек аймағының іріңді қабыну аурулары ұзаққа созылуында, науқастар әлсіреп арықтағанда, қан ақуыздарының құрамы бұзылғанда және анемиялық жағдайда гидро-лизаттарды енгізу өте жақсы нәтиже береді.

Іріңді қабыну ауруларында амин қышқылдарының қоспасынан тұратын 8% полиамин ерітіндісі парентералді қоректендіру ретінде жиі қолданы-лады. Оның құрамында 79,4 гр амин қышқылдары (8 алмастырылмайтын, 5 алмастырылатын амин қышқылдары), қуаттық компонент ретінде 50 гр көп атомды спирт Д-сорбиті, 1 литр апирогенді су бар. Препарат мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау ерітінді. Көлемі 200 және 450 мл құтыда шығарылады, 2 жылға дейін сақтауға болады. Көктамырға 1 минутта 25 - 35 тамшыдан, күн сайын 800 - 1200 мл, 5 - 10 тәулік енгізуге болады.

Май эмульсиялары - жоғарғы каллориялы, ағзаны қуаттандыру үшін қолданылатын препараттар. Аз кө-лемінің өзі ағзаның қуаттық күшін едәуір жоғарылатады. Клиникалық жағдайда май эмульсияларының енгізілу көлемі 1 - 2 гр (кг/тәулік) аспауы қажет.

Май эмульсияларының арасында интралипид клиникалық тәжрибеде жиі қолданылады. Әдетте, май эмульсияларының өзін жеке қолданғанда, ағзада кетондық денелер пайда болады. Сондықтан, олардың қорытылуын жеңілдету үшін көмірсутегі ертінділерін бірге енгізген жөн.

Көмірсутегі ерітінділері – клини-калық тәжірибеде жиі қолданылатын қуаттық қор. Сөйте тұра, оның қуаттық құндылығы тек 4 ккал/гр құрайды, сол себептен ағзаның бір тәулік қуаттық қажеттілігін қам-тамассыз ете алмайды. Ағзаның қуаттық қорын толықтыру үшін бұл ерітіндіні тәулігіне 7 - 10 л енгізуге тура келер еді. Жоғары концентратты көмірсутегі ерітіндісін енгізгенде, плазманың гиперосмостық қауіптілігі тууы мүмкін. Сонымен қоса, жоғары концентратты көмірсутегі ерітінділер тек катетер арқылы ірі көктамыр-ларына енгізуді қажет етеді.

Алкоголь. Жоғары каллориялы пре-парат. Алкогольді амин қышқылда-рымен және көмірсутегі ерітінді-лерімен бірге енгізген тиімді. Тәу-лігіне 1 гр спирт енгізуге болады. Енгізілген этил спирті, негізінен бауырмен қорытылады, сол себептен бауыры ауратын науқастарға өте сақтықпен тағайындалуы тиіс.

Электртолит ерітінділері. Парен-теральді қоректендіруде ағзаны сумен және электролиттермен қанықтыру әртүрлі ерітінділерді енгізу арқылы жүзеге асырылады: натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, электро-литтер (лактосоль және т.б. ). Электролиттік алмасу процесін реттеу мақсатымен ағзаға тәулігіне орта есеппен енгізілетін электролиттердің қажетті көлемі 10 кестеде келтірілген.

 



Просмотров 1730

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!