Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Инфекцияның тарау жолдары. Инфекциялық қабыну процесі ұйқы үшбұрышынан қан тамыр айнала-сының spatium vasonervorum шел тіндері бойымен



Инфекциялық қабыну процесі ұйқы үшбұрышынан қан тамыр айнала-сының spatium vasonervorum шел тіндері бойымен төмен, одан әрі алдыңғы көкірек аралығына және бұғана үсті мен бұғана асты аймақ-тарына өтуі мүмкін.

Мойынның ұйқы үшбұрышының абсцесі мен флегмонасынтіліп ашу операциясының орындалу реттілігі:

Іріңді ошақ ұйқы үшбұрышында шоғырланғанда жансыздандыру – жалпы наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық), премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық анес-тезия;

• төменгі жақсүйектің бұрышы денгейінен m. sternoceidomastoideus алдыңғы қыры бойымен тері тілінеді;

• әрі қарайтері астының майлы шел тіндері, мойынның беткей шан-дыры (fascia colli superficialis) және аралығынан өтетін тері астының бұлшықеті (m. platysma) қабат-қабатымен тілінеді;

• ілмекпен жараның жиектері жандарына қарай ығыстырылып, қан-тоқтатқыш қысқышпен мойынның меншікті шандырының беткей табақ-шасынан ажыратылып, m.sternocei-domastoideus-тің алдыңғы шеті ашы-лады;

m. sternoceidomastoideus таяу 4 – 5 мм ұзындықта lamina superficialis fasciae colli propriae тілінеді, осы жерден қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, соның бойымен шандыр табақша кесіледі;

• астында жатқан шел тіндер қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ажыратылып, ілмекпен m.sternocei-domastoideus жоғары және артқа қарай ығыстырылады, төртінші шандырдан (fascia endocervicalis) құралған мойын-ның қан тамыр-жүйке шоғырының шандыр қынабының сыртқы қабыр-ғасы ашылады;

• қан тамыр-жүйке шоғырының шандыр қынабының сыртқы қабыр-ғасы 3 – 4 мм ұзындықта тілінеді; осы жерден шандыр мен ішкі мойындырық көктамыр (v.jugularis interna) аралы-ғына қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, соның бойымен қынаптың шандыр қабырғасы тілінеді;

• қан тамыр айналасының (па-равазальді) шел тіндері тұйық ажыра-тылып, қабыну ошағынан ірің шыға-рылады. Түбегейлі гемостаз;

spatium vasonervorum - нан ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвиниль түтік енгізіледі;

• антисептикалық немесегиперто-ниялық ерітінділермен дымқылданған асептикті дәке таңғыш салынады.

 

7.2.6. Мойынның бүйір бөлімінің(region cervicalis lateralis)және төс-бұғана-емізік бұлшықеті аймағының(region sternocleidomastoidea)абсцестері мен флегмоналары.

Мойынның алдыңғы бөлімінің сыртқы жағында жатқан төс-бұғана-емізік бұлшықеті өзімен аттас аймақты (regio sternocleidomastoidea) қамтиды. Аталмыш аймақтың ерек-шелігі: бұл жерде мойынның екінші шандыр табақшасынан құралған, қабырғалары тығыз және тұйық төс-бұғана-емізік бұлшықетінің шандыр қынабы жатады. M. sternoclei-domastoidea артқы жағынан қиғаш сыртқы мойындырық көктамыры өтеді (v. jugularis externa). Аймақтың төменгі бөлімінің бұлшықеті астынан мойынның негізгі қан тамыр-жүйке шоғыры (a. carotis communis, v. jugu-laris interna, n. vagus) шығады. Қан тамыр-жүйке шоғырына жақын, мойынның бесінші шандыр табақша-сының астында симпатикалық жүйке бағанасы (truncus sympaticus) жатады.

Мойынның бүйір бөлімінің (trigonum colli laterale) шекаралары: алдынан – төс-бұғана-емізік бұлшық-етінің артқы шеті; артынан – трапеция тәрізді бұлшықет; төменнен – бұғана сүйегі. Жауырын-тіл асты бұлшықеті trigonum colli laterale екі үшбұрышқа бөледі: trigonum omocla-viculare және trigonum omotrapezo-ideus.

Аймақтың анатомиялық құрылы-мы: терісі жұқа, беткей шандыр табақшасы аралығын m. platysma өтеді. Шандырдың астында жатқан майлы шел тіндерінен аймақтың терісін жүйкелендіретін nn. supraclavi-cularis (мойын өрімінен құралған жүйке тармақтары), сондай-ақ бұғана және m. sternocei-domastoideus қиылы-сының бұры-шында шандыр табақ-шасын жаншып, сыртқы мойындырық көктамыры бұ-ғана асты көктамырына қосылады. Мойынның екінші шан-дыры бүйір үшбұрышы тұсында, әсіресе, бұғананың үстінде, тығыз табақшаға ауысып, бұғананың үстіңгі қырына бекиді. М. omohyoideus қап-тайтын үшінші шандыр табақша тек бұғана үсті аймағының бүйір үшбұ-рышына дейін жетеді.

Үшінші шандырдың астында, артқы жағы мойынның омыртқа алдының шандырымен (бесінші) тұйықталған шел кеңістігі жатады. Шандырдың өзі баспалдақ бұлшықеттерін (mm. scalene anterior, medius et posterior) қаптайды. Бұғана үстінің тұсында бесінші шандыр табақша астынан бұғана асты артерия мен иық жүйке өрімі өтеді; олар алдыңғы және ортаңғы баспалдақ бұлшықеттері аралығынан өтетін саңылау арқылы (spatum inter-scalenum) бұғана үсті аймағымен байланысады. Осы жерде бұғана асты артериясының төменгі қабырғасы плевраның күмбезіне тиіп жатады. Артериядан ілгері, бұғананың артында бұғана астының көктамыры өтеді. Алдыңғы баспалдақ бұлшықеті бе-тінен тік бағытта диафрагмальді жүйке (n. phrenicus) өтеді. Артерия мен көктамыр бойымен бұғана үстінің шел кеңістігі алдыңғы және баспалдақ бұлшықеті аралығының шел кеңістігі арқылы мойынның алдыңғы бөлімімен және алдыңғы көкірек аралығымен қатынасады. Латеральді бағытта бұ-ғана және бірінші қабырға аралы-ғынан өтетін саңылау арқылы қан тамыр айналасының шел тіндері қол-тыққа жалғасады. Бұғананың үстінде a. subclavia-дан a. thoracica interna, a. vertebralis, tr. thyreocervicalis бөлініп шығады. Бұғана астының көк-тамырына сыртқы мойындырық көк-тамыры, ал ішкі мойындырық және бұғана асты көктамырларынан құрал-ған көктамыр бұрышының сол жағына ductus thoracicus `(кеуделік лимфа бағанасы) қосылады.

Мойынның бүйір бөлімінен, жо-ғарыда көрсетілгендей, бірнеше шан-дыр аралық және бұлшықет аралық саңылаулары өтеді: 1) төс-бұғана-емізік қынабының тұйық шандыр қынабы; 2) бұғана үсті аймағының терең шандыр аралық кеңістігі (бұғана асты артерия және көктамыр бойымен мойынның алдыңғы аймағының шел тіндері көкірек аралығымен, қол-тықпен, жалпы ұйқы артерия және ішкі мойындырық көктамыр айнала-сының шел тіндерімен қатынасады); 3) екінші және бесінші мойын шандыр-лары аралығында жатқан мойынның жоғарғы бөлімінің бүйір үшбұры-шының шел кеңістігі (tr. omotrape-zoideum). M. sternoceidomastoideus қы-набының артқы қабырғасы іріңдіпроцеспен ыдырайтын болса, мой-ынның негізгі қан тамыр-жүйке шоғы-ры кеңістігінде, spatium vasonervorum (a. carotis communis, v. jugularis inter-na, n. vagus) іріңді қалта қалыптасуы мүмкін.

 

7.2.6.1.Төс-бұғана-емізік бұлшықеті (m. sternoceidomastoideus) шандыр қынабының абсцесі мен флегмонасы.



Просмотров 1584

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!