Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Төменгі жақсүйекасты аймағы абсцесі мен флегмонасының хирур-гиялық емі



Инфекциялық процесін тудырушы тісті жұлумен қоса, іріңді ошақты тіліп ашу операциясы жасалуы тиіс. Ол үшін төменгі жақсүйектің астыңғы қырынан 1 - 2 см алшақтықта, ұзын-дығы 4 - 6 см тері тілігі жүргізіледі. Тері, теріасты шел қабаты, беткей шандыр табақшасы қабат-қабатімен тілінген соң, қантоқтатқыш қысқыш-пен жұмсақ тіндер тұйық тереңдетіле ажыратылып (108 сурет), ірің шыға-рылады. Ашылған жараның жанда-рында іріңді қалталар қалмау үшін, тіндерді саусақпен мұқият тексеріп, іріңнің кедергісіз шығуына көз жеткізу қажет. Егер флегмона төменгі жақсүйекасты және иекасты аймақтарын бірге қамтитын болса, иек астынан қосымша тілік жасап, оны негізгі тілікпен біріктіреді (109 сурет).

Ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіп, асептиктікалық дәке таңғыш салынады.

108 сурет. Төменгі жақсүйекасты аймағының флегмонасын тіліп ашу әдісі. (Andre, Neuman, 1971).

 

109 сурет.Төменгі жақсүйекасты және иекасты аймақтарының флегмо-наларын бірге тіліп ашу операциясы және ірің өткізгіш түтігін енгізу әдісі (Andre, Neuman, 1971) .

Төменгі жақсүйекасты аймағы-ның абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу кезең-дері (110 сурет):

• жансыздандыру – жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаляци-ялық) немесе премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия (Берше-Дубов, В.М.Уваров, А.В.Вишневский бойын-ша);

• бұл аймақтың абсцесі мен флегмонасын (110, А сурет) тіліп ашу үшін төменгі жақсүйек денесінің астыңғы қырынан 1,5 - 2 см төмен (бет жүйкесінің шеткері тармақтарын жарақаттамау үшін) бұрышына дейін іріңді инфильтрат үстінің терісі тілінеді (110,Ә,Б суреттер);

• тілінген жараның үстіңгі жиегі (тері, тері астының шел тіндері) мойынның беткей шандырынан (fascia colli superficialis) қантоқтатқыш қыс-қышпен немесе Купер қайшысымен төменгі жақсүйектің бұрышы ашыл-ғанша тұйық ажыратылады. Тері ас-тының шел тіндерімен бірге бет жүйкесінің шеткері тармақтары жоға-ры көтеріледі;

• мойынның теріасты бұлшықеті (m. platysma) мен меншікті шан-дырдың беткей табақшасы (fascia colli propria lamina superficialis) 8 – 10 мм ұзындықта тілінеді (110,В сурет);

• теріасты бұлшықетінің астында жатқан мойынның меншікті шанды-рының беткей табақшасы (fascia colli propria lamina superficialis) қантоқ-татқыш қысқышпен тұйық ажыраты-лады. Егер іріңді ошақ мойынның беткей және меншікті шандыр табақшалары аралығында шоғырлан-са, сол жерден ірің шығарылады;

• қантоқтатқыш қысқыштың бой-ымен мойынның беткей бұлшықеті тері тілігінің ұзындығына сәйкес тілінеді (110,Г сурет) Гемостаз;

• төменгі жақсүйек астының меншікті шел кеңістігінің абсцесінде – мойынның меншікті шандырының беткей табақшасы (fascia colli propria lamina superficialis) 1,5–2 см ұзын-дықта тілінеді, қантоқтатқыш қыс-қышпен төменгі жақсүйекасты сілекей безінің айналасында жатқан шел тіндері тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (110,З,И суреттер) Ге-мостаз;

 

 

110 сурет. Төменгі жақсүйекасты аймағының флегмонасы мен абсцесін тіліп ашу операциясының кезеңдері.

• төменгі жақсүйекасты шел кеңістігінің флегмонасында, әсіресе, шірікті-өлеттенген флегмонасында, мойынның меншікті шандырының беткей табақшасы тері тілігінің ұзындығына сәйкес тілінеді;

• төменгі жақсүйек пен жақ-сүйекасты сілекей безі аралығында a. facialis, v.facialis байлам салып, қан тамырлары кесіледі (110, Д, Е, Ж су-реттер);

• төменгі жақсүйекасты сілекей безін ілмекпен төмен қарай ығыс-тырып, жақсүйек астының шел ке-ңістігі тексеріледі, қантоқтатқыш қысқышпен сілекей безінің айнала-сында жатқан жұмсақ тіндер тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (110, З, И суреттер);

• іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі (110,К сурет);

• гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке таңғыш салынады.

 

7.1.3.Ауыз қуысы түбінің абсцесі мен флегмонасы.

Ауыз қуысы түбінің флегмонасы – ауыз қуыс түбі диафрагмасының (m. mylohyoideus) үстінде және астында жатқан екі немесе бірнеше шел кеңістіктерін қамтитын жайылмалы іріңді қабыну процесі. Ауыз қуысы түбінің көптеген бұлшықеттері мен шандыр табақшалары аралықтарынан саңылаулар мен табиғи тесіктер, сілекей бездерінің түтіктері, қан тамырлары мен жүйке тармақтары өтуі, аймақтың көптеген кеңістіктерін өзара байланысып жатуына себеп болады.

 

111 сурет. Ауыз қуысы түбінің бұлшықеттері. 1 - жақсүйек-тіласты бұлшықеті, m. mylohyoideus ; 2 - иек-тіласты бұлшықеті, m. genioglossus; 3 - spіna mentalіs.

Ауыз қуысы түбінің шекаралары: жоғарғы - ауыз қуысының шырышты қабығы, төменгі – жақсүйек-тіласты бұлшықеті мен ауыз қуысы түбінің терісі, алдыңғы және екі жақ бүйірі - төменгі жақсүйек денесінің ішкі беті, артқы - біз тәрізді өсіндіге бекитін бұлшықеттер мен қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы. Ауыз қуысы түбіның шекаралары айқын емес, сөйте тұра олар бір-бірімен тығыз байланысы бар бірнеше шел кеңістіктерінен тұрады. Бұл аймақтың іріңді қабыну аурулары ілкіден бастп-ақ бірнеше шел кеңістіктерінде өтуі мүмкін. Ауыз қуысының түбі ди-афрагма деп те аталады, оның өзі бірнеше бұлшықеттерден құралған. Негізгі құрылымын тіласты сүйектен төменгі жақсүйектің ішкі кортикалы табақшасынан өтетін жақсүйек-тіл асты сызығына (linea mylohyoidea)бекитін mm. mylohyoideus құрайды (111,112 сурет).

 

112 сурет. Төменгі жақсүйек бұрышы тұсынан тілдің түбірінен өткендегі ауыз қуысы түбінің алдынғы кесіндісі (Н.И.Пирогов бойыншы).

1 - тілдің жоғарғы ұзнабойнғы бұл-шықеті; 2 - тілдің тік бұлшықеті; 3 - тіласты-тіл бұлшықеті; 4 - иекасты-тіл бұлшықеті; 5 – біз-тіласты бұлшықеті; 6 – ауыз қуыс түбінің шел тіндері; 7 – төменгі жақсүйектің денесі; 8 – жақсүйек-тіласты бұлшықеті; 9 – қосқарыншалы бұлшықет; 11- тіласты сілекей безі; 12 - тіласты артериясы;13 – тіласты жүйкесі; 14 – терең тіл артериясы; 15 – тілдің көлденен бұлшықеті; 16 – тіл бездері.

 

Бұлшықет төменгі жақсүйектің ортаңғы деңгейінен басталып, үшінші үлкен азу тіске дейінгі жерге жетеді. Бұлшықеттің астында жатқан тіласты және төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктері аралығында нақты шекара жоқ деуге болады. Ауыз қуысының түбіндегі жақсүйек-тіласты және тіласты-тіл бұлшықеттері, m. myloyhoideus et m. hyoglossus, аралығынан бірінші саңылау өтеді. Екі m. myloyhoideus-тің талшықтары ауыз қуысы түбінің ортаңғы деңгейінде бір-бірімен қосылып жік, raphe mylohoidea, құрайды. Төменгі жақсүйектің алдыңғы бес тістерінің түбірлері осы сызықтан төмен, ал үлкен азу тістердің түбірлері, керісінше, одан жоғары орналасады. Пішіні төрт қырлы табақшаға ұқсас m. myloyhoideus тілдің үстінде жатады. Аталмыш бұлшықет жиырылғанда, тіл жоғары көтеріледі. Жақсүйек-тіл бұлшықет талшықтары аралықтарын-дағы саңылаулардан иекасты және тіл артерияларының анастомозы өтеді. Осы саңылаулардың бойымен іріңді қабыну процестері тіласты және жақсүйекасты шел кеңістіктеріне жалғасып, одан әрі аймақтарға тарауы мүмкін.

Ауыз қуысы түбінің қабыну процесі негізінен төменгі үлкен және кіші азу тістері ауруларының асқынуларынан дамиды. М.В. Мухинаның (1974) мәліметтері бойынша, егер инфекция күрек немесе кіші азу тістерінен туындаса, қабыну процесі тіласты, иекасты кеңістіктерінде немесе тілдің түбірінде, ал үлкен азу тістерінен - іріңді процесс бастапқы кезеңнен-ақ төменгі жақсүйекасты үшбұрышында өтеді. Мұның себебін кеңістіктің мына анатомиялық ерекшеліктерімен түсін-діруге болады. Төменгі күрек (алдың-ғы) тістердің түбір ұштары жақсүйек-тіласты бұлшықеттің сүйекке бекитін деңгейінен жоғары, ал үлкен азу тістердің түбір ұштары, керісінше - аталмыш бұлшықеттен төмен орна-ласады. Сондықтан, үлкен азу тістері ауруларының асқынуларынан туын-дайтын іріңді қабыну процестері төменгі жақсүйекасты сілекей безінің орнында өтуі мүмкін (113 сурет).

Ауыз қуысы түбінің ортаңғы бөлімінен инфекциялық процесс жан-жаққа кедергісіз тарауының бірден-бір себебі - бұл аймақты тұйық шектейтін шандыр табақшаларының болмауы. Тіласты сүйекке бекитін шандыр табақшалар іріңді қабыну процесінен ыдырайтын болса, ірің мойынның шандыр аралықтарымен төмен қарай өтеді. Кейін ірің қан тамыр-жүйке шоғыры бойымен немесе төсбұғана-емізік бұлшықетінің терең шандыр табақшасын ыдыратып, көкірек аралық кеңістігінің алдыңғы бөліміне жетеді.

 

113 сурет. Жақсүйек-тіласты бұл-шықеті мен тіс түбір ұштарының деңгейі. 1 – жақсүйек-тіласты бұл-шықеттің артқы бөлімі үлкен азу тіс түбірлері ұшынан жоғары бекиді; 2 – бұлшықеттің алдынғы бөлімі алдыңғы тіс түбірлері ұштарынан төмен бекиді.

Қабыну процестері жиі жақсүйек-асты сілекей безінің түтігі немесе қан тамырлары бойымен тарайды. Кейде іріңді қабыну процесі m.mylohyoideus талшықтары аралығынан өтетін тіласты сілекей безінің диафрагмалық өсіндісі (бөлшегі) бойымен де тарауы ықтимал.

Бұл аймақтың флегмоналары төменгі жақсүйек денесінің астыңғы қырына параллельді бағытта, одан 1,5 - 2 см төмен тілік жүргізіліп ашылады. Тіндерді тілгенде бет артериясы меншікті шайнау бұлшықеттің алдың-ғы жиегінен 5 - 12 мм ілгері немесе 2 - 5 мм артта және төменгі жақсүйектің астынғы қырын иіп өтетінін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, төменгі жақсүйектің астынғы қыры бойымен бет жүйкенің шеткері тармақтары өтетіні естен шығарылмауы тиіс. Әдетте, олардың өту бағыты әркелкі: төменгі жақсүйектің астынғы қыры-нан 4 - 8 мм төмен немесе одан 3 - 6 мм жоғары өтуі ықтимал (Смирнов В. Г., 1970).

Ауыз қуысы диафрагмасының үс-тінгі бөлімінде осы аймақтың негізгі шел кеңістігі жатады. Жандарындағы екі шел кеңістіктің түбін m. mylohyoideus құрайды, ішкі жағын – тіл бұлшықеттері, бүйірін – төменгі жақсүйектің денесі, үстін – тіл және кызыл иек аралықтарын құрайтын шырышты қабық шектейді. Аталмыш кеңістіктер негізінен тіласты сілекей бездері жайғасатын орын болып табылады. Иек-тіл және иек-тіласты бұлшықеттері, m genioglossus et m. geniohyoideus, аралығынан жұп бұлшықет аралық саңылауы өтеді. Сонымен қоса, диафрагманың үстіндегі иекасты-тіл бұлшықет аралығында дара шел кеңістігі жататынын білген жөн.

Ауыз қуысы түбіндегі іріңді қабыну аурулары мына шел кеңістіктерде өтуі ықтимал (114 сурет):

• екі жақ тіласты шел кеңістігін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы (мұндай флег-монада инфекциялық қабыну процесі иекасты шел кеңістігінде бірге өтуі мүмкін) (114,А сурет);

• бір жағының өзімен аттас тө-менгі жақсүйекасты және тіласты шел кеңістіктерін қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы (114,Ә сурет);

• екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы (ин-фекциялық қабыну процесі иекасты шел кеңістігінде бірге өтуі мүмкін) (114,Б сурет);

• екі жақ төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарының шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы (114,В сурет);

• ауыз қуысы түбінің барлық шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын флегмона (114,Г сурет).

 

114 сурет.Ауыз қуысы түбінің флегмоналарында іріңді қабыну ошақ-тарының шоғырлану орындары: А – оң және сол жақ тіласты аймағы, Ә – бір жағының тіласты және төменгі жақсүйекасты аймақтары, Б - оң және сол жақ жақсүйекасты аймақтары, В - оң және сол жақ тіласты және жақсүйекасты аймақтары, Г – ауыз қуысы түбінің барлық шел кеңіс-тіктерін түгелдей қамтитын іріңді қабыну процесі.



Просмотров 1610

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!