![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Инфекцияның тарау жолдары. Төменгі жақсүйекасты аймағына, жұтқыншақ маңы кеңістігіне
Төменгі жақсүйекасты аймағына, жұтқыншақ маңы кеңістігіне, мойын-ның қан тамыр-жүйке шоғырының қы-набына (78,А,Ә суреттер). Жақсүйекарты шұңқырының абс-цесі мен флегмонасының хирургия-лық емі Жақсүйекарты шұңқырының іріңді қабыну ошағын тіліп ашу үшін төменгі жақсүйек бұтағының артқы қыры мен m. sternoclaidomasteideus аралығынан тері тілігі жүргізіледі. Құлақ маңы сілекей безін жара-қаттамау үшін тері және шандыр табақшасы тілінгеннен кейін, жараның жиектері қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ажыратылып, кеңейтіледі. Содан соң жұмсақ тіндер қантоқ-татқыш қысқышпен іріңді ошаққа қарай түйық тереңдетіле ажыратылып, ірің шығарылады. Іріңді жарада қалташықтар қалмауы үшін, саусақпен шандыр табақшаларының бойымен шел кеңістіктері мен ашылмаған жерлері тексеріледі. Ашылған жараға ірің өткізгіш ретінде бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтіктер енгізіледі. Іріңді процесс жұтқыншақ маңы кеңістігінде бірлесіп өтуінде, тері тілігі төменгі жақсүйек бұрышынан жақсүйек астының үшбұрышына қарай жалғастырылады. Содан соң, тұйық аспаппен жұтқыншақ маңы кеңістігінен ірің шығарылады. Іріңді ошақты антисептикалық ерітінді-лермен өңдеп тұру үшін контра-пертуралық тілік жасап, оны негізгі ашылған жарамен байланыстырады. Жақсүйек арты шұнқырының абс-цесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі: • жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық) неме-се жергілікті инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия Берше-М.Б. Дубов, В.М. Уваров,А.В.Вишневский бойынша; • төменгі жақсүйек астының қыры бойымен, одан 1,5 см төмен алшақ-тықта, жақсүйекарты аймағына жал-ғастырылып тері, тері астының шел тіндері тілінеді (78,Б,В суреттер); • құлақ маңы сілекей безінің жоға-рғы бөлімі ашылғанша жараның жоғарғы жиегі тері астының шел тіндерінен босатылады (78,Г сурет);
78 сурет. Жақсүйекарты шұң-қырының абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу кезеңдері
• құлақ маңының сілекей безінің шандыры (fascia parotidea) сілекей бездің төменгі бөлімінен, мойынның беткей шандырына (fascia colli superficialis) жалғасатын жерінде тілінеді. Гемостаз. (78Д,Е,Ж сурет-тер); • иқантоқтатқыш қысқышпен жақ-сүйекарты шұңқырының шел тіндері құлақ маңы сілекей безінің сыртқы және ішкі беті бойымен тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (78,З сурет). Түбегейлі гемостаз; • іріңді жараға резеңке жолақ не-месе бірнеше жерден тесілген полихлорвинвильді түтік енгізіледі (78,И сурет); • гипертониялық немесе антисеп-тикті ерітінділермен дымқылданған асептикалық дәке танғыш салынады.
6.6.3.5. Құлақ маңы-шайнау аймағының бірнеше шел кеңістіктерін қамтитын флегмона Құлақ маңы-шайнау аймағы төрт шел кеңістіктерін (теріасты, шанды-расты, меншікті шайнау бұлшықе-тасты және төменгі жақсүйекарты) қамтиды (79 сурет), сол себептен осы аймақта өтетін іріңді қабыну аурулары әркелкі клиникалық белгілерімен сипатталуы мүмкін.
79 сурет. Құлақ маңы-шайнау айма-ғының шел кеңістіктерінде іріңді ошақтарының шоғырлануы: А – теріасты мен бұлшықетасты; Ә - теріасты мен шандырасты; Б – шандырасты мен жақсүйек арты; В – құлақ маңы шайнау аймағының шел кеңістіктері түгелдей іріңді процеспен зақымдануы.
![]() |