Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Самай аймағының абсцесі мен флегмонасының хирургиялық емі



Жоғарыда айтылып кеткендей, самай аймағының анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне бай-ланысты, бұл аймақтың флегмона-ларын үнемі белгілі бір орыннан ашып, іріңді ошаққа жету мүмкін емес. Себебі, аймақтың әр жер-леріндегі флегмоналар тек белгілі бір жерден ашылатын болса, операция нәтиже бермеуі мүмкін. Флегмонаны тіліп ашу операциясын таңдау, іріңді ошақтың шоғырлану орнына бай-ланысты - беткей (тері және апоневроз аралығы) немесе терең (апоневроз және самай бұлшықеті немесе самай бұлшықеті мен самай сүйек аралығы). Жайылмалы флегмонада іріңді процесс аймақтың барлық бөлімдерін қамтиды. Мұндай флегмонада самай бұлшықеттің алдыңғы деңгейі және бетсүйегі мен доғасының үстіңгі қырының терісі тілік жүргізілетін нысана орны болып табылады. Мұндайда тері, тері астының шел тіндері, самай апоневрозы қабат-қабатымен тілініп, астында жатқан жұмсақ тіндер қантоқтатқыш қысқыш-пен іріңді ошаққа қарай тұйық тереңдетіле ажыратылып, ірің шыға-рылады.

Самай аймағының жайылмалы флегмонасында самай бұлшықеті мен апоневрозы самай сүйегінің linea temporalis-ке бекитін денгейде, a. temporalis бұтақтары зақымдалмай-тындай етіліп 2 - 3 жерден доға тәрізді тілінеді. Самай артериясының өту бағытын саусақпен тері бетінен сипап анықтауға болады.

Іріңнің кедергісіз шығуын қамту үшін, бетсүйектің үстіңгі қырынан контрапертуралық тілік жасап, ашылған жараларға бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді ірің өткізгіш (дренаж) енгізіледі.

Н.А. Груздев (1978) іріңнің кедер-гісіз шығуын қамтамасыз ету мақсатымен ауыз қуысы кіреберісінен қосымша тілік жасауды (жоғарғы жақсүйектің төмпешігі бойымен), оны самай аймағының шел кеңістігімен байланыстырып, бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік қалдыруды ұсынады.

Тереңде жатқан іріңдікті самай бұлшықетінің талшықтары бойымен тік немесе желкен тәрізді тілік жасап, тіндер сүйек табақшасына дейін тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (27 сурет).

 

 

27 сурет. Самай аймағының жайыл-малы және терең флегмоналарын тіліп ашуының үш бағыты.

 

Самай аймағының теріасты шел тіндерінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясының орын-далуы реттілігі (28, А сурет)

• жансыздандыру – премеди-кациямен қоса жергілікті инфиль-трациялық анестезия немесе жалпы наркоз;

• іріңді қабыну инфильтраттың өлшеміне сәйкес самай аймағының терісі радиальді бағытта тілінеді (28,Ә сурет);

• тілінген жараның бойында а. et v. temporalis superficialis бұтақтары жатса, қан кетудің алдын алу үшін, олар тіндерден босатылып, байлам салынғаннан кейін кесіледі (28, Б,В,Г суреттер);

• тері астының шел тіндерін қан тоқтатқыш қысқышпен іріңді ошаққа қарай тереңдете тұйық ажыратып, ірің шығарылады (28,Д сурет);

• ашылған іріңді жараға резеңке жолақ енгізіледі (28,Е сурет);

• гипертониялық немесе анти-септикалық ерітінділермен ыл-ғалданған асептикті дәке таңғыш салынады.

Самай аймағының апоневроз аралық кеңістігінің абсцесін тіліп ашу операциясының орындалу рет-тілігі(29 сурет)

 

 

28 сурет. Самай аймағының аб-сцесін (флегмонасын) тіліп ашу опера-циясының орындалу реттілігі.

 

• жансыздандыру – премеди-кациямен қоса жергілікті инфильтра-циялық анестезия немесе жалпы наркоз;

• бетсүйек доғасының үстіңгі қыры бойымен тері тілінеді(29,А,Ә суреттер);

 

29 сурет. Самай аймағының апоневроз аралық шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операци-ясының реттілігі

 

• қантоқтатқыш қысқышпен тері астының майлы шел тіндері самай апоневрозының сыртқы бетінен бетсүйек доғасының қырынан жо-ғарықарай 0,5 - 1 см дейін ажыратылады (29,Б сурет);

• самай апоневрозының беткей табақшасы самай доғасына бекитін жерінде 1,5 - 2 см ұзындықта тілінеді (29,В сурет);

• тілінген жерден апоневроз астына қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, тіндер тұйық тереңдете ажыратылып, ірің шығарылады (29, Г су-рет);

• іріңді жараға резенке жолақ енгізіледі (29,Д сурет);

• гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке таңғыш салынады.

Самай аймағының апоневрозасты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу опера-циясының орындалуы(30, А сурет)

• жансыздандыру – премеди-кациямен қоса жергілікті инфильтра-циялық анестезия немесе жалпы наркоз;

• қабыну инфильтратының өлше-міне сәйкес самай аймағының терісі радиальді бағытта тілінеді (30, Ә сурет);

• ашылған жарада а. et v. temporalis superficialis жатса, оларды тіндерден босатып, байлам салған соң кесіледі; (30,Б,В,Гсуреттер);

• самай апоневрозын қысқышпен (пинцет) көтеріп 0,5 - 0,7 см ұзын-дықта тіледі (30,Д сурет);

• тілінген жерден апоневрозасты шел кеңістігіне қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, соның бойымен самай апо-неврозын тері тілігінің ұзындығына сәйкес тіліп, ірің шығарылады (30,Е сурет);

• іріңді ошақ толық ашылуы үшін самай апоневрозына қосымша көлденең бағытта тілік жасалады

(30,Ж сурет);

• ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік (30,И сурет) енгізіледі;

• гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке таңғыш салынады.

Самай аймағының бұлшық-етасты шел кеңістігінің абсцесін тіліп ашу операциясы(31,А сурет)

• жансыздандыру - наркоз немесе премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық анестезия;

 

30 сурет. Самай аймағының апоне-врозасты шел кеңістігінің абсцесін (флегмонасын) тіліп ашу операци-ясының кезеңдері.

 

• қабыну инфильтратының өл-шеміне сәйкес самай аймағының терісі радиальді бағытта тілінеді (31,Ә сурет);

• ашылған жарада а. et v. temporalis superficialis бұтақтары жатса, қан кетудің алдын алу үшін, олар тіндерден босатылып, байлам салынған соң кесіледі (31,Б,В,Г суреттер);

• самай апоневрозын екі қыс-қышпен ұстап, 0,5 - 0,7 см ұзындықта тіледі (31,Д сурет);

 

31 сурет. Самай аймағының бұл-шықетасты шел кеңістігінің абсцесін тіліп ашу операциясы

 

• тілінген жерден қантоқтатқыш қыс-қыш апоневроз астына енгізіліп, соның бойымен самай апоневрозы тері тілігінің ұзындығына сәйкес ті-лінеді (30,Е сурет);

• іріңді ошақ жақсы ашылуы үшін самай апоневрозы қосымша көлденең бағытта тілінеді (31,Ж сурет);

• қабыну инфильтраты үстінен самай бұлшықетінің талшықтары қантоқтатқыш қысқышпен жандарына қарай ығыстырылады, тіндер түйық ажыратылып, бұлшықет астының шел кеңістігінен ірің шығарылады (31,З сурет);

• тері тілігінен бұлшықет астының шел кеңістігіне бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі (31,И сурет);

• гипертониялық немесе анти-септикалық ерітінділермен ылғал-данған асептикті дәке таңғыш салынады.

32 сурет. Самай аймағының бұл-шықет асты шел кеңістігінің абсцесін және флегмонасын тіліп ашу опера-циясы.

Самай аймағының бұлшықета-сты шел кеңістігінің флегмона-сын тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі(32,А сурет)

• жансыздандыру - жалпы наркоз немесе премедикациямен қоса жер-гілікті инфильтрациялық анестезия;

• самай бұлшықеті самай сүйегіне бекитін жерінен сәл жоғары жерде доға тәрізді тері тілігі жұргізіледі (32,Ә сурет);

• жараның төменгі жиегін ілмек-пен астына қарай ығыстырып, а. et v. temporalis superficialis бұтақтары тіндерден босатылады, байлам салған соң кесіледі, тігіс салынады (32,Б,Всуреттер);

• самай апоневрозы мен самай бұлшықеті lin. temporalis superior бойымен тілінеді (32,Г сурет);

• самай бұлшықеті қырғышпен (распатор) самай сүйегінен боса-тылып, бұлшықет астының шел кеңістігінен ірің шығарылады (32,Д сурет);

• бұлшықет астының шел кеңістігін антибиотик ерітінділерімен, ферменттермен өңдеп, іріңді жараға бірнеше жерден тесілген поли-хлорвинильді түтік енгізіледі (32,Е сурет);

• гипертониялық немесе антисептикалық ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке таңғыш алынады.

 

6.4. БЕТТІҢ АЛДЫҢҒЫ (ОРТАҢҒЫ) БӨЛІМІНІҢ БЕТКЕЙ АЙМАҚТАРЫ

6.4.1. Қабақтардың абсцесі мен флегмонасы (regio palpebra)

Қабақтың маңдай аймағына қарасты жағына жалғасатын терісінде қалың шаш - қас (supercilium) өседі. Жоғарғы және төменгі қабақтардың бос жиектері аралықтарынан көз саңы-лауы (rima palpebrarum) ашылады. Көз саңылауының ішкі дөңгелек-тенген бұрышына көзжас өзегі (lacus lacrimalis) ашылады. Қабақтардың алдыңғы бос жиектерінде бірнеше қатар қатайыңқы шаш - кірпік (cilia) өседі.

Аймақтың анатомиялық құры-лымы. Терісі жұқа, астында жатқан бұлшықет (m. orbicularis oculi) пен шеміршектерге (tarsus) қатысты қоз-ғалмалы. Қабақтың тығыз дәнекер тінді шеміршектік табақшасының (tarsus) тереңдігінде май бездері (glandulae tarsalis) жатады, олардың өзектері қабақтың бос жиектерінен ашылады. Шеміршекпен тығыз бітісіп жататын қабақтың ішкі беті шырышты қабықпен (conjunctiva) астарланып, көз алмасына жалғасады. Қабақты қанмен қамтитын артериялар (arcus palpebralis superior et inferior) a. ophthаlmica шеміршектің үстінде доға құрып өтеді. Қабақтан көктамыр қаны v. facialis, v. temporalis superficialis, v. ophthalmicae барып құйылады.



Просмотров 1710

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!