Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



II. Іріңді қабыну процесінің өту орнына, ағымының сипатына мен жайылу аумағына қарай балмен бағалау




Жедел іріңді қабыну процесінің ағымын болжау. Зерттеулер жүргізу

7 кесте  
барысында дәрігер науқастың қан тамыр соғу жиілігін және дене қызуын өлшейді (термометрия). Науқастың шағымы, клиникалық тексеруден кейінгі және қосымша зерттеулер (пункция, ультрадыбыс және рентген)

мәліметтері ескеріліп, іріңді қабыну процесінің сипаты және өту орны анықталады. Сонымен қоса, қанның зертханалық көрсеткіштері мен ағ-заның іріңді қабыну процесіне қайырған жалпы реакциялық белгілері ескеріліп , әрқайсысы жеке балға айналдырылады және ағымының болжамы анықталады (8 кесте).


 

III. Ағымының болжамы

 

8 кесте

90 балға дейін 91 ден 160 балға дейін 160 балдан жоғары ағымы қатерсіз ағымы күмәнді ағымы қатерлі


Егер есептелген балдың жалпы саны 160-тан асса, іріңді қабыну процесінің болжамы қатерлідеп қарастырылады. Мұнда іріңді қабыну процесінің ағымы қарқынды өтуі және оның тек көршілес аймақтарға ғана емес, сондай-ақ алшақта жатқан анато-миялық құрылымдары мен кеңістік-теріне тарайтыны да есепке алынады.

Ағымының болжамы қатерсіз (балы 90 аспайтын) іріңді инфекциялық процестерінің негізгі емі – іріңді ошақты тіліп ашу және ірің өткізгіш (дренаж) ретінде қосымша «себепші» тіс жұлу.

Ілеспе аурулары жоқ, ағымының болжамы қатерсіз іріңді инфекциялық процестермен ауырған науқастарға жалпы ем ретінде антибиотиктер және десенсибилизациялау дәрі-дәрмектер мен аналгетиктер тағайындау жақсы нәтиже береді. Солардың ішінде ацетилсалицил қышқылы (аспирин) және соның қатарындағы препарат-тарды (аскофен, асфен, цитромон, индометацин, ибупрофен) тағайындау тиімді болып саналады.

Іріңді қабыну процесінің аяқталуын жеделдетуге, жараның іріңнен тез тазаруына және бітісуіне оңтайлы жағдай тудыру мақсатымен физиоте-рапиялық ем тағайындалады.

Болжамы күмәнді (балдың жалпы саны 91 - 160 дейін) инфекциялық қабыну ауруларында жақсүйектердегі және жұмсақ тіндердегі іріңді ошаққа хирургиялық ем жүргізіп, ашылған жараға ірің өткізгіш енгізіледі және орташа мөлшерлі антибиотиктер тағайындалады. Емнің алғашқы кезеңінде кең спекторлы анти-биотиктер тағайындалса, кейін бак-териологиялық зерттеулерге (іріңді ошақтан табылған микробтардың түрлері мен олардың антибиотиктерге сезімталдығы) негізделіп тағайын-далады.

Инфекциялық қабыну процесінің болжамы күмәнді науқастарға, негізінен ағзаның иммундық қорғаныс күшін реттеуге бағытталған пато-генетикалық ем тағайындалады. Мұн-дай емнің үш түрі жүргізіледі:

Біріншісі - науқастың иммундық жүйесін реттеуге және қабыну процесінің үстемділігін тежеуге, сонымен қоса, ағзаның инфекцияға қайырған гиперергиялық реакциясын басуға десенсибилизацияландыру емі жүргізіледі. Осы мақсатпен мына дәрі-дәрмектер тағайындалады: аналгетик-антипиритиктер (антипирин, ами-допирин, аналгин, фенацитин, пара-цетамол), салицилаттар (аспирин), фенилпропион және фенилуксусты қышқылдардың түзілістері (ибупро-фен, индометацин), антигистаминді препараттар (димедрол, супрастин, тавегил).

Іріңді инфекцияға ағзаның гипе-рергиялық реакциясы мына клини-калық белгілермен сипатталады:

• қабыну процесі жедел басталып, қарқынды ағымда өтеді (1 - 3 тәулік аралығында);

• қабыну процесінің жергілікті кли-никалық белгілері айқын сипатта-лады;

• дене қызуы (қолтықтан өлшен-гендегі) 38°С жоғары - гипертер-миялық реакция;

• дене қызуы мен қан тамыр соғуы аралығында «қайшылық» болуы: та-мыр соғуы жиілегенде, дене қызуы арта түсуі (нормергиялық реакция-сында дене қызуының 1°С көтерілуі, 1 минуттық тамыр соғуын 10 санға жиілетеді);

• гиперлейкоцитоз (1 мкл қанда лейкоциттер саны 12,0 мыңнан астам);

• лимфоциттер саны қалыпты көрсеткіште немесе сәл көбейгенде, нейтрофилез дамиды;

• эритроциттердің тұну жылдам-дығы (ЭТЖ) 40 мм/сағ жоғары.

Екіншісі - инфекциялық қабыну процесіне ағза гипоергиялық реак-циямен жауап қайырғанда (иммундық тапшылығында), иммундық жүйе қызметін реттеуге және баяу ағымдағы қабыну процесінің реак-циясын жоғарылатуға бағыттал-ған ем жүргізіледі. Осы мақсатпен орталық жүйке жүйесінің кызметін реттейтін (кофеин, фенамин және осы сияқты дәрі-дәрмектер: аскофен, асфен, ново-мигрофен, пирамеин, циркофен, цитрамон), иммундық жүйе қызметін үстемдейтін (продигиозан, пирогенал, левомизол, жалпы УКС, қуаты төмен жиіліктегі гелий-неонды лазер) дәрі-дәрмектер мен физиотерапиялық ем тағайындалады.

Іріңді инфекцияға ағзаның гипо-ергиялық реакциясы мына клини-калық белгілерімен сипатталады:

• қабыну процесі баяу басталып, саябырлы ағымда өтеді. Соған байланысты, науқастардың басым көпшілігі инфекцияның алғашқы белгілері байқалғаннан кейін 3 - 5 тәулік кешеуілдетіп дәрігерге қара-лады;

• қабыну процесінің жергілікті клиникалық белгілері саябырлы ағымда өтеді немесе көмескіленіп сипатталады: қабыну инфильтраты үстінің терісі немесе өзгеріссіз немесе сәл қызарады, ауырсыну сезімі бо-лар-болмас;

• инфекциялық қабыну процесінің аумағы мен дене қызуы көрсеткіштері аралығында сәйкестік болмауы (жайылмалы іріңді қабыну процесінде дене қызуы субфебрильді немесе қалыпты көрсеткіште);

• дене қызуы мен қан тамыр соғуы аралығындағы «қайшылық» болуы - қан тамыр соғуы жиілегенде дене қызуы да жоғарылайды (нормер-гиялық реакцияда дене қызуының 1°С көтерілуі 1 минут аралығындағы тамыр соғуын 10 санға жиілетеді);

• инфекциялық қабыну процесінің аумағы мен лейкоциттік реакция аралығында сәйкестік болмауы; (мұндай сәйкессіздіктің аса айқын түрі - жедел іріңді қабыну процесімен ауырған науқаста лейкопения да-муы);

• лимфоциттер саны азаюы;

• эритроциттердің тұну жылдам-дығы (ЭТЖ) 40 мм/сағ жоғары;

Іріңді қабыну процесінің иммундық тапшылықта өтуі иммунологиялық және биохимиялық зерттеулер қор-тындысынан анықтауға болады.

Үшінші жолы - инфекциялық процеске науқастың ағзасы қандай да болсын реакциялық жауап қайырса да, иммундық жүйе қызметін реттеуге адаптогендер тағайындалады. Ин-фекцияға ағза гиперергиялық реакциясымен жауап қайтарғанда, адоптогендер қабыну процесінің белсенділігін нормоергиялық ағымына бұрады, ал гипоергиялық реакциясын - керісінше, үстемдейді. Осындай қасиетке ие адаптогендер қатарына жататындар: женьшень, элеутерококк, қытай лимонкасы, сондай-ақ дибазол 0,005 г тәулігіне 2 - 3 рет тағайын-далады.

Ағзаның улану белгілері айқын-далғанда (гипертермиялық реакция, гиперлейкоцитоз), антибактериялық және иммундық жүйенің қызметін реттейтін дәрі-дәрмектермен бірге уыттануға қарсы ем жүргізілуі тиіс. Іріңді қабыну процесінің болжамы қатерлі науқастарға антибиотиктер өте жоғары мөлшерде тағайындалып, олар парентеральді жолмен енгізген тиімді.

 

6.3. БАСТЫҢ МИ БӨЛІМІНІҢ ТӨБЕСІ

 

6.3.1. Бастың төбесінің бүйір бөлімінің (самай аймағының) абсцесі

мен флегмонасы (region temporalis)

 



Просмотров 1615

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!