Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Одонтогенді созылмалы инфекцияның өршу себептері



 

Одонтогенді созылмалы инфек-циялық ошақтың және науқастың ағзасы аралығында тұрақтылы тепе-теңдік қалыптасуына, ошақты шектейтін дәнекертінді шеңбер түзілуі өте маңызды. Ол микробтар мен уыттардың айналасындағы тіндерге тарауына және қан арнасына енуіне тосқауыл қояды. Сонымен қоса, дәнекертінді шеңбер инфекциялық ошаққа иммунитеттің гуморальдық және жасушалық факторлары өтуіне де мүмкіндік бермейді. Осылайша қалыптасқан тепе-теңдіктің тұрақ-тылығын, инфекциялық ошақтан микробтардың және тіндердің ыдырауынан кейінгі өнімдердің тіс түбір өзегімен, кейде жыланкөзімен және периодонт саңылауымен ауыз қуысына элиминациялануымен түсін-діруге болады.

Инфекциялық ошақ пен науқастың ағзасы аралығында қалыптасатын тепе-теңдіктің бұзылуын, соның салдарынан қабыну процесі өршуінің және инфекциялық процестің алғашқы шоғырланған орнынан басқа аймақ-тарға таралуының себептерін түсіну, іріңді қабыну процестері дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Инфекциялық процестің қабыну ошақтан айналасындағы тіндерге тарауы және өршуі, тіс түбір өзегі тағаммен немесе бітекпен (пломба) бітеліп, соның салдарынан жалқықтың шығуына кедергі болуы, микроб-тардың патогенділігін арттырады.

Тіс түбір аймақтарында ұзақ уақыт шоғырланған созылмалы одонтогенді инфекцияның (созылмалы периодон-титтің) төрт өршу себебін атап көрсетуге болады:

• тіске түскен күш (тісжегі қуысын емдегенде биік қойылған бітек, тістің жарақаттануы және т.б.) тіс түбір ұшы аймағында шоғырланған инфекциялық ошақты шектейтін дәнекертінді қаптаманың бүтіндігін бұзып, инфекцияның көршілес аймақтарға тарауы.

Дәнекертінді қаптамамен шектелген созылмалы инфекция (патогенді микробтар мен олардың тіршілігіндегі өнімдері) грануляциялық тінде ұзақ уақыт «мүлгіген» күйінде сақталады. Тістің оқыс жарақаттануында (тіске түскен салмақтан, күштен) қаптама ішінің қысымы артып, Паскальдің «осмос» заңы бойынша жан-жаққа тең тарайды. Осының нәтижесінде, дәнекертінді қаптаманың бүтіндігі бұзылып, инфекция сыртқа шығады. Кейін дәнекертінді қаптаманың ішіне (инфекциялық ошаққа) ағзаның жасушалық және гуморальді қорғаныс күштерін атқаратын жасушалар енуінен, антиген-антидене кешенін түзіліп, қабыну медиаторлары босап шығады. Кейде «себепші» тіс жұлынғанда, инфекциялық ошақты шектейтін дәнекертінді қаптама тіс түбірімен бірге алынып, қабыну процестің дамуына мүмкіндік тумайды.

• созылмалы қабыну процесі өршуінің келесі себебі - инфекцияның шоғырланған орнындағы концен-трациясы және патогенділігі артуы. Әдетте, дәнекертінді қаптаманың ішінде шоғырланған инфекцияның әлсін-әлсін сыртқа шығып тұру мүмкіндігі болмаса (тіс қуысы немесе тіс түбір өзегі бітелуінде), микроб-тардың саны мен уыттарының концентрациясы артады. Осының нәтижесінде патогенді инфекцияның қатысуымен дәнекертінді қаптаманың қабырғасына антиген-антидене кешені бекіп, қабыну процесінің дамуына бастама береді.

• қалыпты жағдайда тіс түбір ұшы аймағында шоғырланған инфекциялық ошақты шектейтейтін дәнекертінді қаптама микробтар мен ағзаның аралығындағы қалыптасқан тепе-теңдікті сақтайды. Ағзаның иммундық күші уақытша жоғарылауында (ыстықтан, тоңғанда, науқастың көңіл-күйінің тұрақтылығы бұзылғанда және т.б.), қалыптасқан тепе-теңдік бұзы-лып, микробтардың және улы өнімдерінің концентрациясы артып, қабыну процесі дамиды.

• созылмалы одонтогенді инфек-цияның өршуіне жоғарыда көрсетілген үшінші себептің керісінше әсері (ағзаның иммундық күші уақытша төмендеуі) себеп болады. Мұндай жағдай жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша, баспа т.б.) жедел түрімен ауырған науқастарда байқалады. Осыған байланысты, инфекциялық ошақты шектейтін дәнекертінді қаптаманың өткізгіштік қасиеті артып, микробтар және олардың уыттары пародонт тіндерінде қабыну процесін тудырады.


 

2 ТАРАУ

 

БЕТ-ЖАҚСҮЙЕК АЙМАҒЫ МЕН МОЙЫННЫҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕНУІ

 


2.1. Бет-жақсүйек аймағы қабы-

Ну ауруларының жалпы жіктелуі

 

І. Периодонтит (жедел, созылмалы).

а. жедел периодонтит (сірлі, іріңді);

ә. созылмалы периодонтит (фиброз-

ды, гранулёматозды, гранулденун-

ші);

б. созылмалы периодонтиттің

өршуі;

ІІ. Жедел периостит (сірлі, іріңді);

ІІІ. Остеомелит (жедел, созылмалы,

созылмалы остеомиелиттің өршуі);

ІV. Целлюлит;

V. Абсцесс;

VІ.Флегмона;

VІІ.Лимфаденит (жедел,созылмалы)

VІІI. Созылмалы лимфадениттің

Өршуі;

ІХ. Аденофлегмона.

 

Анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне, патоморфологиялық өзгерістері мен ағымына байланысты бет-жақсүйек аймағы іріңді қабыну ауруларының жіктелуі.

а. Бет-жақсүйек аймағының жо-ғарғы бөлімінің абсцестері мен флегмоналары.

1. Беткей шел кеңістіктерінің (ұрт, көзұяасты және бетсүйек аймақ-тары, қатты таңдай) абсцестері мен флегмоналары;

2. Терең шел кеңістіктерінің (қанат-таңдай және самайасты шұңқырлары, көзұя, самай және құлақ маңы-шайнау аймақтары) абсцестері мен флегмоналары.



Просмотров 2591

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!