Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



II. Мойынның тіласты сүйек астының бөлімі



 

Алдыңғы бөлімі:

1. Жауырын-кеңірдектік үшбұрышы

(trigonum omotracheale)

2. Ұйқы үшбұрышы (trigonum cа-

roticum)

Бүйір бөлімі:

1. Төсбұғана-емізік бұлшықет

аймағы (regio m. sternocleido-

mastoideus)

2. Мойынның бүйір аймағы (regio

coli lateralis)

Артқы бөлімі:

1. Трапеция тәрізді бұлшықет

аймағы (regio m. trapezius)

2. Жауырын-кеңірдектік үшбұры-

шы (trigonum omotracheale)

2. Ұйқы үшбұрышы (trigonum

cаroticum)

 

Іріңді қабыну процестерінің пато-морфологиялық тұрғыдан абсцеске және флегмонаға бөлінулері, олардың даму кезеңдерінде айналасындағы анатомиялық құрылымдардан алғаш-қыда грануляциялық тінмен, кейін дәнекертінді қаптамамен шектелу-леріне немесе шектелмеулеріне не-гізделген. Әйтсе де, жедел іріңді қабы- ну процесінің алғашқы даму кезең- дерінде инфекциялық ошақты сау тіндерден шектейтін тосқауыл әлсіз, толық қалыптасып үлгермейді. Клин- ицистер абсцестің және флегмо-наның ажыратпалы диагнозын іріңді қабыну процестің тарау аумағына қарай жүрг- ізеді. Айталық, жедел іріңді инфекция кіші шел кеңістігінде (мысалы, сүйір тіс шұңқырында) немесе оның кіш- кене ғана бөлімінде өтуінде, оған абс-цесс деген диагноз қойылады. Жедел іріңді инфекция анатомиялық аймақ-тың бір немесе бірнеше шел кеңістіктерін қамтитын болса немесе көршілес аймақтарға және кеңістік-терге тарауында, флегмона деген диагноз қойылады.

М.Б. Фабрикант жақсүйектері айна-ласында өтетін іріңді қабыну про-цестерін теріасты және бұлшықет аралық флегмоналарына бөледі, себебі оның пайымдауынша, тері астының флегмоналары, әдетте шектеулі не-месе жайылмалы болса, бұлшықет аралық флегмоналары - үнемі дерлік жайылмалы түрде өтеді.

Қабыну процесі тек тіршілігі бар ортада ғана өтетіндіктен, мұнда табиғат заңына тән барлық құбы- лыстар жүреді. Солардың ішінде, механикалық (жалқықтың орын ауыс- тыру немесе жылжу заңдылығы), физикалық (гидравликалық заңы), химиялық (осмос заңы) және тіндерде өтетін биологиялық заңдары осы процеске қатысады. Осыған сәйкес, қабыну процесінің өнімдері, тек тіршілігі бар ортада ғана түзіледі, ал зат алмасу процесі тоқтасымен-ақ, қабынудың барлық сипаты жойылады.

Айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, қабыну процесінің түріне (даму себебіне), өту орнына (жұмсақ немесе сүйек тіні және т.б. анатомия-топографиялық ерекшеліктеріне) және аумағының өлшеміне (ошақты, жай- ылмалы, көршілес аймақтарға тара- луы, жайылуы), орталық жүйке жүйесінің жағдайына (нормо-, гипер- және гипоергиялық) байланысты, әр- келкі клиникалық белгілермен сипат- талады және соған сәйкес ем жүргізуді қажет етеді.

Бет-жақсүйек аймақтарының күрде-лі анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне байланысты, жедел одонтогенді қабыну ауруларының бәрін бір әдіспен емдеу - үлкен қателіктің белгісі. Себебі, әрбір одон- тогенді қабыну ауруларын диагнос- тикалау барысында, дәрігер өзіне зақымдаушы факторымен «сүйек тіні қаншалықты бұзылған» деген сауал қойуы тиіс. Мысалы, одонтогенді қабыну ауруларының кейбірінде, айталық жедел периодонтитте немесе флегмонада, сүйек тіндерінде қайтым- сыз бұзылыстар жүрмейді, патоло- гиялық процесс тек айнала- сындағы жұмсақ тіндерде ғана өтеді, ал остео- миелитте – пато-логиялық процесс сүйек тінін өліеттендіріп, қайтымсыз бұзылыстарын тудырады. Бет-жақсүйек аймақтарында өтетін қабыну ауруларының ерекшеліктерін осылай- ша түсіну, соған сәкес кешенді емін ұймдастыру, олардың асқынулары-ның алдын алуға мүмкіндік береді.

Жедел одонтогенді қабыну про-цестерінде жақсүйектері тіндерінің тіршілігін (қайтымдылығы немесе қайтымсыздылығы) ескеріп, диагно-зын қою, тиімді емін тағайындауға және асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді. Осы ретте, клини-калық тұрғыдан Н.Н.Бажановтың (1999), жедел одонтогенді қабыну ауруларын жүйелеу жобасын өте тиімді деп айтуға болады.

 

 

2.3.Жедел одонтогенді қабыну ауруларын жүйелеу(Н.Н. Бажанов, 1990)

1. Инфекциямен жақсүйектердің зақымдануы басымдылықпен өте-тін одонтогенді қабыну аурулары:

а) жедел, созылмалы және созыл-малы периодонтиттің өршуі;

ә) жедел одонтогенді остеомиелит.

2. Инфекциямен жұмсақ тіндердің зақымдануы басым жүретін одон-тогенді қабыну аурулары (қабыну процесінің аумағы бір тіс пародонты аумағымен шектелген):

а) жедел одонтогенді периостит;

ә) жедел перикоронарит;

б) одонтогенді абсцесс;

в) одонтогенді флегмона;

г) одонтогенді қабыну инфильтра-

ты.

3. Аймақтық лимфа түйіндерінің одонтогенді қабынуы:

а) жедел одонтогенді лимфаденит

(сірлі, іріңді);

ә) одонтогенді аденофлегмона.

4. Одонтогенді қабыну аурулар-ының асқынуларынан алшақта жатқан мүшелердің және анатомиялық құ-рылымдардың қабынуы:

а) медиастенит;

ә) бет көктамырларының тромбо-флебиті және кеуекті қойнауының тромбозы;

б) менингит, менингоэнцефалит, бас

миының абсцесі;

в) сепсис.

1. а) Жедел, созылмалы және со-зылмалы периодонтиттің өршуі – бір тіс периодонтында және айнала-сындағы сүйек пен жұмсақ тіндерде өтетін сірлі немесе іріңді қабынуы.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: перкуссия тек “себепші” тісте ғана ауырсыну сезімін тудырады. Жақсүйек аймағының жұмсақ тіндерінде патологиялық бұзылыстар байқалады.

ә) Жедел одонтогенді остео-миелит - бірнеше тіс пародонтында және жақсүйекте іріңді, іріңді-өлет-тенген инфекциялық қабынуымен бірге периостит, абсцесс немесе флегмона дамиды.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: бірнеше тістің пер-куссиясы ауырсыну сезімін туды-рады, олардың қозғалмалылығы, тістердің қызыл иегі астынан ірің шығуы, тығыз инфильтрат қалып-тасуы, Венсан белгісі байқалуы. Ағзаның жалпы уыттану дәрежесі жоғары, мүшелердің және жүйелердің қызметі бұзылады. Қанда С-реактивті ақуыз анықталады. Жедел одонтогенді остеомиелиттің асқынуында остео-флегмона дамиды.

2. а) Жедел одонтогенді периос-тит– сүйекқабының сірлі немесе іріңді инфекциялық қабынуы. Инфек-циялық қабыну процесі бір тіс пародонт аймағында өтеді.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: себепші тістен альвеолалық өсіндінің немесе жақ- сүйегі денесінің сүйекқабы астын-да сірлі немесе іріңді инфильтрат қалып- тасады; пальпация ауырсыну сезімін тудырып, жақсүйек айналасының жұ- мсақ тіндері ісінеді.

ә) Жедел перикоронарит – төменгі ақыл тістің кедергіленіп жарып шығуының сірлі, сірлі-іріңді немесе іріңді қабынуы.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: кедергіленіп шығып келетін төменгі ақыл тіс үстінің шырышты қабығы қызарып, ісінеді. Инфекциялық процесі жан-жаққа таралуында абсцесс немесе флегмона дамиды, оны перикоронариттің асқы- нуы ретінде қарастырады.

б) Одонтогенді абсцесс – жақсүй-ектері айналасының бір шел кеңіс-тігімен шектелген іріңді қабыну процесі. Инфекциялық ошақ бір тістің пародонтында ғана шоғырланған.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: іріңді процесс жақсүйек айналасының бір анато-миялық шел кеңістігімен шектелген, шекарасы айқын іріңді инфильтрат анықталады; пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Ағзаның улану дә- режесі төмен.

в) Одонтогенді флегмона - бет-жақсүйек аймақтарының немесе мой- ынның бірнеше шел кеңістіктерін қамтитын жайылмалы, шекарасы ай- қын емес іріңді қабыну процесі. Инфекциялық ошақ бір тіс паро-донтында шоғырланған және қабыну процесінің негізгі даму себебі болып табылады.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: шекарасы айқын емес, бірнеше анатомиялық шел кеңістіктерін қамтитын іріңді инфиль-трат анықталады. Ағзаның жалпы улану белгілері (дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, әлсіздік пайда болып, тер шығуы және т.б.) айқын. Жедел одонтогенді остеомиелитпен сырқаттанған науқаста одонтогенді флегмона (остеофлегмона) дамыса, оны остеомиелиттің асқынуы деп қарастырылуы тиіс. Бұл жағдайда, алдымен жедел одонтогенді остео- миелит диагнозы қойылып, содан соң себепші тіс және флегмона өтетін шел кеңістіктері көрсетіледі.

г) Одонтогенді қабыну инфиль-траты - целлюлит. Бұл жақсүйек аймағы жұмсақ тіндерінің сірлі немесе пролиферативті қабынуы. Инфек-циялық қабыну процесі бір тіс паро- донтында өтеді.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: бір немесе бірнеше анатомиялық шел кеңістіктерінен сірлі қабыну инфильтраты анықталады. Пальпация ауырсыну сезімін туды-рады. Егер одонтогенді қабыну инфильтраты остеомиелитпен байла-нысты болса, олардың әрқайсы жеке көрсетіліп, қойылатын диагнозда ин- фильтрат есепке алынбайды.

3. а) Жедел одонтогенді лимфа-денит – аймақтық лимфа түйіндерінің сірлі немесе іріңді қабынуы. Паль-пациялағанда ауырсыну сезімін ту-дыратын қозғалмалы, шекарасы айқын инфильтрат анықталады. Қабыну процесіне ұшыраған лимфа түйін-дерінің себепші тіске (инфекция ошағына) аймақтық қатысы бар.

ә) Одонтогенді аденофлегмона - аймақтық бірнеше лимфа түйіндерінің жайылмалы іріңді, іріңді-өліеттенген қабынуы.

Іріңді инфильтрат 2 - 3 немесе бірнеше анатомиялық шел кеңістік-терін қамтуы мүмкін. Қабыну проце- сінің себептері - тістердің немесе ауыз қуысы шырышты қабығы аурулары- ның асқынулары және т.б.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: жайылмалы, қоз-ғалысы шектелген, шекарасы айқын емес инфильтрат анықталады. Оның одонтогенді флегмонадан айырмашы-лығы - ағзаның жалпы уыттану дәре- жесі едәуір төмен. Науқастың жалпы жағдайы айтарлықтай зардап шекпей- ді. Дене қызуы аса жоғары көтері-

 


лмейді

 

3 ТАРАУ

 



Просмотров 1794

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!