![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Бет-жақсүйек аймағының тө-менгі бөлімінің абсцестері мен флегмоналары
Инфекциялық процестің клиникасы, диагностикасы, ағымының болжамы мен хирургиялық емнің түрі, іріңді процестің шоғырлану орнынына және 1. Беткей шел кеңістіктерінің (меншікті шайнау бұлшықетасты, төменгі жақсүйекасты, иекасты, төменгі жақсүйекарты) абсцестері мен флегмоналары. 2. Терең шел кеңістіктерінің (жұтқыншақмаңы және қанат-жақсүйек кеңістіктері, ауыз қуысының түбі мен тіл түбірінің) абсцестері мен флегмоналары. б. Іріңді қабыну процестерінің патоморфологиялық түрлеріне байла-нысты жіктелуі: 1. Экссудативті (жалқықты); 2. Деструктивті в. Ағзаның қорғаныс күштерінің және орталық жүйке жүйесінің жағдайына байланысты қабыну процестерінің ағымы: 1. Нормергиялық; 2. Гипоергиялық; 3. Гиперергиялық;
Бастың және мойынның абсцестері мен флегмоналарының жіктелуі негізінен іріңді инфекциялық процестің анатомиялық шел кеңістіктерінде шоғырлануына негізделіп құрастырылған. Айталық, бастың ми бөлімі төбесінің орта шамасында маңдай-шеке-шүйде аймағы (regio frontо-parietоoccipitalis), ал жандарында - самай аймағы (regio temporalis) орналасуын мысал ретінде келтіруге болады. Мойында тіласты сүйек үстінің (region suprahyoidea) және тіласты сүйек астының (region infrahyoidea) аймақтары жатады. Мұндағы абсцестер мен флегмоналар мойынның тіласты сүйек үстінің немесе тіласты сүйек астының алдыңғы немесе бүйір бөлімдерінде өтулері мүмкін. Мойынның тіласты сүйек үстін ауыз қуысының түбі құрайды. Сондай-ақ, трапеция тәрізді бұл-шықеттің (m. trapezius) орны мойынның артқы аймағы ретінде қа-растырылады. Бастың және мойынның жеке бөлімдерінің анатомиялық аймақ-тарында немесе кеңістіктерінің шел тіндерінде (1 сурет) жайылмалы (флегмона) немесе шектелген (абсцесс) іріңді қабыну аурулары өтуі мүмкін. Инфекциялық процестің клиникасы, диагностикасы, ағымының болжамы мен хирургиялық емінің түрі, іріңді процестің шоғырлану орныны мен тереңдігіне байланысты. Сол себептен, бастың бет бөлімінің бүйір жақтары беткей және терең аймақтарға бөлінеді. Беттің алдынғы (ортанғы) бөлімінде бет сүйек қаңқасы мен сүйекқабының сыртында (алдында) беткей анатомиялық аймақтары мен құрылымдары жатады (қабақ, мұрын, еріндер, иек аймағы). Беттің терең бөлімдерінде жақ-сүйектері, көзұялары, ауыз бен мұрын қуыстары және т.б. анатомиялық құрылымдар жатады.
1 сурет. Беттің және мойынның анатомиялық және топографиялық аймақтары. 1 - самай аймағы, regio temporalis; 2 - маңдай-төбе-шүйде аймағы ; 3 - көзұя аймағы, regio orbitalis; 4 - мұрын аймағы; 5 - бетсүйек аймағы, regio zуgomatica; 6 - көзұяасты аймағы, region infraorbitalis; 7 – ауыздың айналасы; 8 – ұрт аймағы, regio buccalis; 9 - құлақмаңы-шайнау аймағы; 10 - иек аймағы, regio mentalis; 11 - төменгі жақсүйекасты аймағы, regio submandibularis; 12 – иекасты аймағы, regio submentalis; 13 - ұйқы үшбұрышы; 14 - төс-бұғана-емізік бұлшықет аймағы, regio m.sternocleidomastoideus; 15 – жауырын-кеңірдек үшбұрышы, trigonum omotracheale
2 сурет. Бастың бүйір аймақтары-ның абсцестер мен флегмоналары: А - беткей аймағы: 1 - regio parotidеa; 2 – меншікті шайнау бұлшықетасты кеңістігі, spatum submasseterica. Ә - терең аймағы: 3 – самайасты шұнқыры, fossa infratemporalis; 4 – қанат-жақсүйек кеңістігі, spatum pterigomandibulare; 5 – жұтқыншақмаңы кеңістігі, spatum parafaringeum.
Төменгі жақсүйек бұтағының сырт-қы (латеральды) жағында беттің бүйір бөлімінің беткей, ал ішкі жағында - терең аймақтарының анатомиялық құрылымдары мен кеңістіктері жатады (2 сурет). Осы айтылғандарға негізделіп құ-растырылған бастың және мойынның абсцестері мен флегмо-наларының анатомиялық жіктелуі (1 кесте) көрсетілген.
![]() |