Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Туберкулездің патоморфозы



 

Соңғы жылдарда экономикасы өркендеген елдердегі туберкулездің клиникалық және морфологиялық бейнесі айтарлықтай өзгерді. Бұл өзгерістер негізінен әлеуметтік прогрестің, дәрі-дәрмектер мен антибактериялық емді қолданудың нәтижесі. Сондықтан олар табиғи және индукциялық патоморфоздың бейнесі деп есептеледі. Қазір біріншілік туберкулездің, гематогендік туберкулездің, казеозды пневмонияның өршімелі нысандары күрт азайып, тіпті толық жойылуға жақын. Сонымен қатар, қазірігі туберкулездің барлық клиника-анатомиялық нысандарына ортақ ерекшеліктері де бар: спецификалы экссудатты өзгерістер бәсеңдеп, үдерістің жалпы жайылуы кеміді және туберкулездің бейспецификалық компоненті мен фибропластикалы өзгерістер үдей түсті.

 

 

Сифилис

Сифилис(syphilis; бұл аталым дәрігер Дж. Фракастороның поэмасындағы кейіпкер Сифилиус деген бақташының есімінен шыққан; грекше: sys- шошқа + philos - дос; синонимы: люес, қазақша: мерез) – созылмалы ағымды инфекциялық ауру; негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғып, даму кезеңдері (периодтары) біртіндеп жалғасып, теріні, шырышты қабықшаны, ішкі мүшелерді, сүйекті және жүйке жүйесін зақымдайды.

Этиологиясыменпатогенезі. Сифилисті боз трепонема (treponema palladium) қоздырады. Оны 1905 жылы Ф. Шоудин мен Гоффман ашқан. Ол бактерияларға да, қарапайымдарға да ұқсайтын анаэроб. Трепонеманың L-нысаны бар, кейбір науқастарда байқалатын серорезистенттілікті сол туындататын сияқты. Қоздырушы организмге эпидермис немесе шырышты қабықшаның зақымды эпийтелийі арқылы өтеді. Көбінесе жыныстық жолмен кейде басқа да жолмен (тұрмыстық және кәсіптік сифилис) жұғады. Бұл жүре болған сифилис. Кейде ауру құрсақтағы ұрыққа жұғып, тума сифилис дамиды. Морфологиялық және клиникалық бейнесі көрініс берерден бұрын жүре болған сифилис инкубациялық кезеңнен өтеді. Бұл кезеңнің мерзімі 3 апта. Трепонема тез арада лимфалық тамырлар мен сол аймақтың (егер жыныстық жолмен жұқса, шаптың) лимфалық түйіндеріне өтіп, қан арқылы бүкіл организмге жайылады. Сифилистің 3 даму кезеңі (периоды) бар: біріншілік кезең, екіншілік және үшіншілік (гуммалы) кезең. Организмнің сезімталдығы әр кезеңге сәйкес өзгеріп, тіндер де соған сәйкес жауап өрістетіп отырады. Сифилистің біріншілік кезеңі организмнің сенсибилизациялану барысында дамыса, екіншілік кезеңде ауру гиперергиялық негізде жалпы жайылады, ал соңғы үшіншілік кезеңде, иммунитет пен сезімталдық артуының баяу нысаны қалыптасып, жеке мүшелер (жүйелер) зақымдалады.

Патологиялық анатомиясы. Сифилистің даму барысында алуан түрлі өзгерістер дамып, ол аурудың әр кезеңіне сәйкес болады.

Біріншілік кезеңде трепонеманың кірген жері қатаяды. Көп кешікпей ол жерде түбі тегіс әрі май жаққандай жылтыр, шеміршектей қатты, жиегі біркелкі тегіс, дөңгелек пішінді, басқанда ауырмайтын ойық жара пайда болады. Бұл - сифилистік алғашқы аффект, яғни қатты шанкр деп аталатын ойық жара (ulcus durum). Бұл ауру жыныстық жолмен жұқса, ол жыныс мүшелерінде (еркектің жыныс мүшесінің басында, әйелдің жыныс мүшесінің кіші немесе үлкен ернеуінде), ал басқа жолмен жұқса, - ауыздың шырышты қабықшасында, саусақта (акушерлер мен патологанатомдар) қалыптасады. Үдерісс тез арада лимфа әкететін тамырлар мен сол аймақтың лимфалық түйіндеріне жайылып, алғашқы аффектімен қосылып, сифилистік біріншілік кешен түзеді. Оның құрамындағы лимфалық түйіндер ұлғайып, қатаяды. Қатты шанкрдың жиегі мен түбіне лимфоциттер мен плазмоциттер, бірен-саран нейтрофилді лейкоциттер шоғырланады. Бұл жасушалардың арасында трепонемалар көп болады. Жасушалар көбіне тамырлардың төңірегіне жиналады. Эндотелий көбейіп, кейде тамырлардың саңылауы бітеліп те қалады. Жасушалар біртіндеп толыса келе, талшықты дәнекер тіндік жолақтар өрістеп, 2-3 айдан соң алғашқы эффектінің орнын пигментсіз, кішірек тыртық басады. Лимфалық түйіндердің фолликулдары ұлғайып, синустары мен тамырларының эндотелийі түлеп, сыдырылады; өздері ақырында шорланады.

Сифилистің екіншілік кезеңі – аурудың гиперергиялық негізде жалпы жайылған кезеңі. Ол қоздырушы жұққаннан соң 6-10 аптадан кейін басталады. Тері мен шырышты қабықшалар қабынып, сифилидтер пайда болады. Қабыну үдерісінің қарқынына, оның экссудациялы не некробиозды болуына қарай, олар да әр түрлі болып, көбіне розеолалы, папулалы немесе пустулалы сифилидтер байқалады. Сифилидтің қандай нысаны дамыса да, ол жердің терісі немесе шырышты қабықшасы су сіңіп ісініп, жамылғы эпителийі күлдірейді, тамырларының саңылауына қан толып, қабырғасын некроз шарпып, төңірегіне жасушалар шоғырланады. Сифилидтерге трепонемалар өте көп жиналады. Егер папула немесе пустула жарылып, ойық жараға айналса, трепонемалар кейде қоршаған ортаға шашырайды, сондықтан да сифилис бұл кезеңінде өте жұқпалы. Лимфалық түйіндер су сіңіп ісініп, ұлғаяды, тінінде некрозды ошақтар мен трепонемалар шоғыры болады. Жазылған сифилидтердің (бөрте бастағаннан 3-6 аптадан соң) орнын ақшыл түсті, кішірек тыртық басады.

Үшіншілік кезең ауру жұққаннан соң 3-6 жылдан кейін дамиды, созылмалы интерстицийлік қабыну өрістейді және гуммалар қалыптасады.

Бауырды, өкпені, қолқаның қабырғасын, енді созылмалы диффузды интерстицийлік қабыну жайлайды. Тамырлардың өне бойына негізінен лимфоциттер мен плазмоциттер шоғырланып, пролиферациялы эндартериит пен лимфангит орын алады. Кейін мүшелерде сифилистік цирроз дамиды; көбіне ол бауырда айқын болып, оны бөлшектеп, сиқын бұзады.

Гумма – сифилистік гранулема; шектелген пролиферациялы - некрозды қабыну үдерісіне негізделеді. Гумма жеке (солитарлы) немесе көп болады. Көбінесе бауырда, теріде, жұмсақ тіндерде қалыптасады. Уақыт өте келе, гуммадағы некрозды қойыртпақ тыртықтанады, кейде ізбестенеді.



Просмотров 1941

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!