![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Туляремияның клиникалық жіктелуі (Г.П.Руднев, 1960 жыл)
Клиникалық түрі: бубонды түрі, жаралы – бубонды, көз – бубонды, ангинозды – бубонды, өкпелік (бронхиттік және пневмониялық варианттар), генерализденген немесе біріншілік – септикалық түрі. Ағым ұзақтығы бойынша бөлінеді: - жедел (3 апға дейін) - жеделдеу (6 ай және ұзақ) - рецидивті Ағым ауырлығы бойынша: - жеңіл - орташа - ауыр Туляремия клиникасында 2 синдром бар. Әр түрлі мүше мен жүйенің зақымдануына байланысты улану және жергілікті өзгерістер синдромы. Клиникалық формасына тәуелсіз ауру жедел улану синдромынан басталады: қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, бұлшық еттердегі ауырсыну (аяқ, бел, арқа бұлшық еттері), ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, тершеңдік т.б. ауыр ағымында құсу, галлюцинация болады. Қызба түрі: ремиттирлеуші, дұрыс емес интермиттирлеуші, үнемі немесе толқын тәрізді сипатты болады, ұзақтығы жиі 2-3 апта, сирек 30 күн және одан ұзақ. Аурудың бірінші күнінен бетінің, коньюктива, ауыздың шырышты қабаты, жұтқыншақтың бозаруы және гиперемиясы және склера тамырларының иньекциясы байқалады. Ауру бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен жүреді. Кейбір науқастарда (жеделдеу ағымында) эритема, розеола, петехия немесе папула түрінде бөртпелер болады, симметриялық аудандарда кездеседі (“шұлық”, “қолғап” т.б.). Бөртпе 8-12 күн сақталады, кейін түлейді, пигментация қалады. Бөртпелер қайталануы мүмкін. Улану синдромы негізінде туляремияның басқа формаларына тән симптомдар кездеседі. Бубонды түрінде ауру басталғаннан 2-3 күні біріншілік бубон түзіледі. Жиі қолтық асты, мойын, жақ асты бубондары болады, қоздырғыш жиі алиментарлы және қол терісі арқылы түседі. Лимфа түйіндері қатты, аурсынбайды, қозғалмалы және шеті анық болады. Бубон мөлшері әр түрлі, біреу немесе көп болады. Бубондардың жазылуы: сіңірілуі, іріңдеуі және ойылып, тыртықтануы және склерозға ұшырауы мүмкін. Сіңірілуі мен склероздануы (тіннің дәнекер тінімен алмасуы) бубондарда баяу жүреді, іріңдесе бубон 3-4 аптада тесіліп, қою, кілегей тәрізді зат шығады (тыртықтануы баяу жүреді). Жаралы – бубонды түрі қарым – қатынас және трансмиссивті жолмен жұққанда дамиды. Қоздырғыш енген орнында дақ түзіледі (біртіндеп 6-8 күнде папулаға айналады, везикула, одан пустула), терең емес жара түзіледі (5-15мм), жара маңайында аздаған қабыну өзгерістері болады. Жара баяу, тыртықтанып жазылады. Сонымен қоса біріншілік бубон түзіледі. Көз – бубонды түрі коньюктива арқылы түскенде 1-2% жағдайда кездеседі. Біржақты зақымдалу тән. Коньюктиваның айқын қызаруы тән, одан кейін папула жараға айналады, қабықтың ісінуі, алдыңғы мойын, құлақ маңы, жақ асты лимфа түйіндерінің үлғаюы тән. Процесс бірнеше аптадан бірнеше айға созылады. Ангинозды – бубонды түрі: Алиментарлы жолмен жұққанда кездеседі. Науқастарда тамағында аздап ауырсыну болды, аурудың 4-5 күні бадамша безінің ұлғаюы (жиі бір жақтан), кір – сұр тот жабындымен жабылуы, біртіндеп жазылатын терең жараның түзілуі тән. Сирек жаралы процесс ауыздың шырышты қабатында, таңдай және жұтқыншақта болады. Баспамен бірге біржақты лимфаденит болады. Ішекті түрі. Алиментарлы жолмен қоздырғыш түскенде болады және мензентериальді лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталады. Науқастар іштегі қатты аурсынуға, құсу, іш өтуге шағымданады. Кейде пальпацияда қолға ұлғайған лимфа түйіндері сезіледі. Өкпелік түрі. Бронхтық және пневмониялық вариантпен жүреді. Бронхтық (тұмау тәрізді) түрі катаральды белгілерімен көрінеді: құрғақ жөтел, кеуде артындағы ауырсыну, өкпеде құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі, субфебрильді дене қызуы тән. Ауру ұзақтығы 8-12 күн. Пневмониялық түрінде – өкпеде қабыну процесімен қоса ұзақ және ауыр ағыммен сипатталады. Интоксикация белгілерімен қоса кеудедегі аурсыну, жиі құрғақ жөтел, сирек шырышты – іріңді немесе қанды қақырық болуы тән. Бұл түрге рецидив болуы (бірнеше айдан жылға дейін), асқынулар (абцесстер, коверналар т.б.) тән. Жайылған (генерализденген) түрі. Әр түрлі жолмен қоздырғыш түскенде кездеседі. Ауыр ағыммен, тиф тәрізді немесе септикалық вариантпен жүреді, біріншілік аффект және регионарлы лимфаденит тән емес. Жиі бөртпе, эксудивті полиморфты эритемамен, бауыр және көкбауыр ұлғаюымен жүреді. Ағымы ұзақ, баяу жазылады, рецидивтер болуы тән. Асқынулары: - екіншілік туляремиялық пневмония - менигит, менингоэнцефалит - миокардиодистрофия, перикардит - жедел өкпе немесе жүрек-қантамыр жетіспеушілігі (пневмония кезінде) Диагностикасы: Туляремия диагнозын клиникалық, эпидемиологиялық немесе зертханалық деректерге сүйеніп қояды. Диагнозды дәлелдеу үшін келесі зерттеу әдістерін қолданады: - биологиялық (жануарларға жұқтыру арқылы қоздырғышты бөліп алу, сирек қолданылады) - серологиялық (РА және РПГА) - аллергиялық (тері – аллергиялық сынама) Салыстырмалы диагностикасы: Клиникалық түрін ескере отырып, оба, сібір жарасы, туберкулез, крупозды пневмониямен жүргіземіз, сирек бөртпе сүзегімен, жедел бруцеллезбен, Ку – қызбамен, безгек және сепсиспен жүргіземіз. Емдеу: Комплексті болады: - этиотропты препараттар (стрептомицин, тетрациклин, левомицетин, гентамицин ) 5-6 күн дене қызуы N-ға келгенше - патогенетикалық ем – дезинтоксикациялық заттар - физиотерапия Болжамы: - сауығу
![]() |