![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
VІІ БӨЛІМ. РИККЕТСИОЗДАР
КУ-ҚЫЗБАСЫ Ку – қызба - (коксиеллез) риккетсиялармен шақырылатын, әр түрлі жолдармен берілетін қызбамен, интоксикациялық синдроммен, әр түрлі мүшелер мен жүйелердің жедел, жеделдеу және созылмалы ағыммен сипатталатын табиғи ошақты зоонозды инфекциялы ауру. Этиологиясы: Қоздырғышы – Coxiella burneti (Бернет риккетсиясы), 2 антигенді компоненті бар (беткейлі және терең), клеткаішілік паразитарлы қабілеті бар, құрамында эндотоксині бар, сыртқы ортаға тұрақты. Эпидемиологиясы: Табиғи және антропургиялық ошақпен сипатталады. Инфекция көзі: -ұсақ қоректілер (шамамен 80 түр, көбінесе кемірушілер) -құстар (шамамен 50 түр) -үй жануарлары (ірі және ұсақ мүйізді малдар, шошқалар, жылқы, есек және т.б.) -қосымша табиғи қор (шамамен 70 түр кенелер) -ауру адам (айқын пневмониямен ауыратын адамдар, ана сүтімен нәрестелерге беріледі) Қоздырғыштың берілу жолы: -фекальды-оральды -аспирациялық -контактілі -трансмиссивті Берілу жолдары: -алиментарлы (сүт, сүт тағамдары) -қарым-қатынас -ауа-шаң -су арқылы -трансмиссивті (кенелермен) Профессионалды фактор маңызды роль атқарады, көбінесе мал бағатын адамдар және малдардан жасалған азық түлікті қабылдағаннан ауру пайда болуы мүмкін. Маусымдылығы:көктем – жаз Қабылдаушылығы: жоғары Иммунитеті:кернеген және ұзарған. Патогенезі: Риккетсиялар адам ағзасына енеді: - тыныс алу жолдарының кілегей қабаттары арқылы -асқазан – ішек жолдарының кілегейлі қабаттары арқылы -зақымдалған тері жабындылары арқылы Патогенез фазалары (Лобан К.М. бойынша) 1. Жұғу фазасы – ену 2. 1-ші кезең не аз риккетсиялар фазасы (қоздырғыштар қан арқылы, паренхиматозды органдарға түсіп, онда көбейіп, көбінесе макрофагтарда, тамырлар эндотелиінде және цистоцисттерде шоғырланады. Осы 2 фаза инкубациялық кезеңге сәйкес келеді. 3. 2-ші кезең – риккетсиялар фазасы (токсинемия). Зақымдалған клеткалардың бірнеше рет зақымдалып бұзылуы, экссудативті компонентті интерстициальды қабынумен көптеген мүшелер мен тіндердегі гемодинамикалық бұзылыстарға әкеледі. Осы мүшелер мен жүйелердің зақымдалуы клиникалық симптомдарын анықтайды. 4 фаза. Қайталама риккетсиемия мен организмнің аллергизациясы. Гемодинамикалық өршімелі бұзылыстары паренхиматозды мүшелерде дистрофия дамуына әкеледі. Патологиялық аномалиялар, көбінесе интерстициальды пневмония, миокардит, гепатит, спленит, жедел неврит, генерализденген лимфаденопатия дамуы мүмкін. Клиникасы: Қу қызбасының клиникалық жіктелуі. 1. Типті немесе тұмау тәрізді 2. Бронхопневмониялық 3. Тиф тәрізді 4. Бруцеллезді 5. Нервті Ағымның ауырлық дәрежесіне байланысты: -жеңіл -орташа -ауыр Ағымына байланысты: -жедел (1 айға дейін) -жеделдеу не созылыңқы (1-ден 3 айға дейін) -созылмалы (3 айдан 1 жылға дейін) Қу қызбасының клиникалық симптомы: 1. Жедел қалтыраумен басталады, дене температурасының 39-400С-ке жоғарылауы және интоксикация симптомдары. 2. Қызба тұрақты, ремиттирлеуші, интермиттирлеуші және толқын тәрізді типтегі, ұзақтығы 5-30 күн (созылыңқы ағымында 2 айға дейін) және қалтырау, тершеңдік болады. 3. Бет, мойын терілерінің қызаруы, склера тамырлары, коньюнктива және көмейдің кілегей қабатының иньекциясы. 4. ОНЖ өзгерістері: бас ауру, ұйқысыздық, аяғының бұлшық еттерінің ауырсынуы, белдің ауырсынуы. Ауыр ағымда менингиальды – серозды менингит, менингоэнцефалит, сандырақ және галлюцинациялар, психоз дамуы мүмкін. 5. Аэрогенді жолдармен зақымданғанда науқастардың 70-90%-да тыныс алу жолдары зақымдалады. Бронхит, құрғақ және экссудативті плеврит тән. Клиникалық және рентгенологиялық өзгерістер тән. 6. Жүрек – қантамыр жүйесі жағынан болуы мүмкін: -шамалы салыстырмалы кардия фазасы -жүрек тондарының тұйықталуы -эндокардит дамуы мүмкін 7. Ас қорыту жолдарының зақымдану белгілері: -тәбетінің төмендеуі -тілдің жабынмен жабылуы -әр түрлі жиіліктегі және локализациядағы іштегі ауырсыну -жүрек айну, құсу (ауыр ағымында) -гепатолиенальды синдром -реактивті гепатит болуы мүмкін Қу – қызбасы кезінде рецидивті және созылмалы ағымы жоққа шығарылмайды. Асқынулары: Өкпе инфаркты, пиелонефрит, панкреатит, эпидидимит, эндокардит, миокардит, энцефалопатия дамуы мүмкін. Диагностикасы: Клиникалық көріністердің полиморфизмі Қу – қызбасының диагностикасын қиындатады. Сондықтан негізінен лабораторлы зерттеулер жүргізіледі: КТР және АР. Салыстырмалы диагностикасы: Іш сүзегі және паратифпен, бруцеллез, тұмау, энтеровирусты инфекция және т.б. аурулар. Емі: -этиотропты ем (тетрациклин, доксициклин, рифампицин, эритромицин, бактрин жеке не аралас түрде 8-10 мг); -антигистаминді препараттар; -патогенетикалық ем (дезинтоксикациялық, қабынуға қарсы препараттар); -симптоматикалық ем. Болжамы: -жазылу (негізгі) -созылмалы ағымдағы фозгмирлеу -летальды нәтиже (өте сирек) Шығару құжатын толтыру ережесі: Қу – қызбамен ауырған адамдардың клиникалық сауығуымен байланысты толтырылады. Диспансеризация: науқастың жағдайына байланысты 6 айдан кеш емес, 3-6 ай. Профилактикасы: 1. Санитарлы – гигиеналық шаралар, жұқтыруды алдын алатын шаралар. 2. Вакцинация (эпидемиялық көрсеткіштер).
![]() |