Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ЭПИДЕМИЯЛЫҚ БӨРТПЕ СУЗЕК



 

Провачек риккетсиялары тудыратын, бит арқылы тарайтын, қызба, интоксикация, бөртпе белгілерімен және орталық нерв жүйе мен басқа жүйе мүшелерді зақымдауымен өтетін антропонозды ауру.

Эпидемиялық бөртпе сүзек – адамзат тарихында із қалдырған аурудың бірі. Соғыс, әлеуметтік апаттар кезінде ауру сырқаулық өте жоғары болып, кей кезде осы аурудан болған өлім соғыстың өлімінен асқан жағдайлар белгілі. Мысалы: Қырым соғысында қаза тапқан 30 мың әскерлер болса, бөртпе сүзектен өлгендердің саны 800 мың. І-ші және ІІ-ші дүние жүзілік соғыстарда да ауру-сырқаулық пен өлім өте жоғары болған. 1918-1919 жылдары жаңа құрылған Совет мемлекетінде 6 млн. адам бөртпе сүзекпен науқастанған. Эпидемиялар кезінде өлім көрсеткіші 6-24% кейде 50% дейін жететін.

Қазіргі уақытта эпидемиялық бөртпе сүзектің оқиғалары бірен-саран болып кездеседі. Бірақ та, әлеуметтік, санитарлы-гигиеналық жағдай (педикулез кең тараған) төмендеген кезде – осы ауру жайылу үшін қолайлы жағдайлар туады.

Этиологиясы:

Ricketsia Prowazekii - басқа риккетсияларға қарағанда ірі; грамм бойынша теріс болады, оптимальды сақталу температурасы 3-4С, (төмен температураларды жақсы көтереді), жоғары температурада лезде жойылады, клетка ішінде паразиттік тіршілік етеді.

Эпидемиологиясы:Қан арқылы тарайтын анропонозды инфекция. Аурудың көзі сырқаттанған адам; Жұқтыру қабілеті инкубацияның ақырғы 1-2 күнінен 21 күн бойы сақталады. Жұқтырушы қызметін – биттер атқарады (көбінесе көйлектік, сиректеу бас биттері таратады). Биттер осы сырқатты ауырған адамдардың өздеріне жұқтырып, сау адамға тері арқылы қасыған кезде енгізеді. Биттер өздері де осы инфекциядан жойылады. Сырқат шаң арқылы (көрпе, жастық арқылы) және қан құйған кезде де жұқтыру қаупі бар. Адам баласының сырқатты қабылдау қабілеттілігі жоғары болып табылады. Мысалы: ауру даму үшін бит личинкасының 1/5000 жеткілікті екен. Мерзімі: қыс-көктем айлары

Патогенезі: Ricketsia Prowazekii қанға түскеннен кейін ұсақ тамырлардың (капиллярлар, прекапиллялар) қабырғаларының – эндотелиальды клеткаларына енеді- көбейеді- қабыну процессін тудырады. Риккетсемия токсинемия пайда болады. Қан айналумен басқа ұсақ тамырларға жетіп, олардың да эндотелидеріне еніп, зақымға ұшыратады. Организмде кең жайылған васкулит пайда болады.Токсині тамыр кеңітетін әсерімен осы капиллялардың ішінде қан бағытын бәсеңдетіп, қан ұюға жағдай туғызады, нәтижесінде гиалинді тромбтар пайда болады. Қан жүрісіне кедергі болғандықтан- гипоксия, ацидоз, микроциркуляцияның бұзылуы үдей түседі. Тамыр эндотелийлерінде деструкция процесстері дамып-гранулемалар немесе тромбтар пайда болады. Тромб ішкі қабырғасында орналасқан кезде эндоваскулит,қуысында немесе сыртқы қабырғаларының зақымдануы кезінде тромбоваскулит, периваскулит дамиды. Кейде тромбтар тамырдың ішін толық бітеп жіберуі мүмкін - панваскулит.

Бұл процесс бүкіл организмге жайылады, бірақта айқын түрде орталық нерв жүйесінде, яғни мида, жүрек бұлшық еттерінде, бүйрек үстіндегі бездерде, теріде, көкбауырда өтеді. Негізінде мида пайда болатын өзгерістер – менингоэнцефалит өзгерістеріне сәйкес өтеді. Жүректегі өзгерістер - интерстициальды миокардит; бүйректе - диффузды гломерулонефрит түрде қалыптасады. Тері ішіне қан құйылу себебінен геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Эпидемиялық бөртпе сүзегінің патогенезінде 2 негізгі фактор роль атқарады: арнайы, риккетсиозды интоксикация (риккетсемия, эндотоксинемия себебінен дамитын) және жүйелік түрде өтетін десквамативті-пролиферативті васкулит,қосымша аллергиялық факторлардың да зор маңызы бар (васкулит-себептерінен ішінде аллергиялық реакциялар). Морфологиялық өзгерістердің қалыптасу процесі сырқаттың 20-шы күнінен 4 аптаға дейін созылады.

Сырқаттан кейін қалыптасатын иммунитет тұрақты болады, бірақ та бірқатар адамдарда стерильді болмай, риккетсиялар организмде көп жылдар сақталып қалуы мүмкін, иммунитет төмендеген жағдайда өршіп, Брилль аурудың себебі болады

Патоморфологиялық өзгерістер:

көбінесе ОЖЖ тамырлары қабынған түрде,

ми қабатары мен ми ісіну белгілерімен қан құйылу ошақтары табылады.

Бүйрек үстіндегі бездерде де жиі қан құйылулары болады.

Клиникасы:

сырқат циклді түрде өтеді:

инкубациялық мерзім 12-14 күн (6-21)

бастапқы

өршу

реконвалесценция кезеңдер.

Бастапқы кезең:

бастапқы кезең сырқаттың алғашқы көріністерінен бөртпе шыққан күніне дейін (4-5 күн).

Сырқат көбінесе жедел басталып,

дене ыстығы 39-40С-қа дейін көтеріледі.

Интоксикация белгілері үдей түседі:

бас ауру,

ұйқысы бұзылуы,

тәбеті жоғалуы,

Қараған кезде:

қозу белгілері (мазасыздық, сандырақтау, елестету, гиперестезиялар)

көзі қызарған

ісінген

жиі-жиі дем алады

склера тамырлары мен коньюктивалары айқын гиперемияланған,

коньюктиваларында гиперемияланған дақтар (Киари-Авцын белгісі).

жұмсақ таңдай мен тілшенің шырыш қабаттарында Розенберг энантемасы -ұсақ петехийлар- айқындалады. (90% науқастарда кездеседі).

денесін шымшып көргенде немесе жгут салған кезде-геморрагиялық дақтар пайда болады.

ОЖЖ зақымынан Говоров-Годелье белгісін анықтауға болады: тілін тіс кедергісінен қиыншылықпен кедергіленіп шығарады.

Сырқаттың 3-4 күнінен көкбауыр ұлғая бастайды. Бауыр кейінірек шамалы түрде үлкейеді.

Өршу кезеңі:

сырқаттың 4-5 күнінде денесіне бөртпе пайда болуынан есептеледі.

дене қызуы, интоксикация белгілері жоғары деңгейге жетеді.

қызба көбінесе тұрақты немесе қайталанбалы түрде болып 14-16 күнге дейін сақталынады.

сырқаттың 3-4 және 8-10 күндері дене қызуы аяқ астынан төмендеп, тағыда үдей түсуі тән.

бөртпе 4-5 күнінде бетінен басқа бүкіл денеге таралады, бөртпе көп мөлшерде полиморфты, розеолезді петехиалды түрде болады.

мөлшері, көлемі әр түрлі болуына тиісті. 11-13 күнге дейін көп мөлшерде қыр жағында, кеуде, арқасында жайылады.

Реконвалесценция кезеңі14-16 күннен басталады.

Астено-вегативті өзгерістер көпке дейін сақталынып қалады.

Дифференциальды диагностикасы

Эпидемиялық бөртпе сүзегін жоғары интоксикациямен және бөртпемен өтетін аурулармен салыстыру керек,

басқа сүзек аурулары: іш сүзек, қайталамалы сүзек, кенелік бөртпе сүзегі, грипп, менингококкцемия, геморрагиялық қызбалар, геморрагиялық васкулиттермен.

Диагнозы: айқын клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты қойылады.

Асқынулары

Токсико-инфекциялық шок (ТИШ)

Тромбоз

Эмболия

Некроз

Лабораторлы диагностикасы

ЖҚА-нейтрофильді лейкоцитоз, таяқшалар-33-50%-ке дейін.

Тюрк клеткалары анықталады

Серологиялық реакциялар: КБР,ТГАР

Емі

Міндетті түрінде госпитализациялау

Төсектік режим

Антибактериалды ем: тетрациклин, левомицетин, ауыр ағымда парентеральды түрінде

Дезинтоксикация жеткілікті түрінде

Брилль ауруы- бұл көп жылдар бұрын эпидемиялық бөртпе сүзегімен ауырған адамның организмінде Провачек риккетсиялары жасырын түрінде сақталынып, иммунитет төмендеген кезінде белсенділігі жоғарлап, аурудың қайталау себебі болып, эпидемиялық бөртпе сүзек тәрізді клиникалық көріністерімен жеңілдеу түрінде өтеді.

КЕНЕ БӨРТПЕ СҮЗЕГІ.

 

Солтүстік Азиялық кене риккетсиозы.

Кенелік бөртпе сүзек (Солтүстік Азиялық кене риккетсиозы) қызбамен, интоксикациямен, біріншілік аффекттің болуымен, аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюымен және полиморфты бөртпемен сипатталатын, қоздырғышы трансмиссивті жолмен таралатын, зоонозды табиғи ошақты жедел инфекциялық ауру.

Этиологиясы: Қоздырғышы – Rikettsia sibirica, эндотелий тропты әсері бар, клеткаішілік паразиттерге жатады, құрамында эндотоксині бар.

Эпидемиологиясы: Солтүстік Азиялық кенелік риккетсиозы – табиғи-ошақты ауру. Спорадикалық түрінде көрінеді.

Инфекция көздері: ұсақ кемірушілер, суырлар, дала және үй тышқандары, сұр егеуқұйрықтар және т.б. Қосымша резервуар – қоздырғышы трансовариальді искод кенелері.

Таралу жолдары: Трансмиссивті (жұқтырылған искод кенелері, тістеу арқылы).

Маусымдылығы: Көктем-жаз айлары.

Қабылдаушылығы: Төмен.

Иммунитеті: Аурумен ауырғаннан кейін ұзақ, тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенезі: Риккетсиялар кене тістеген жерде І-лік аффект құрап, аймақтық лимфа түйіндерінде көбейеді. Кейін қанға түсіп, қантамырлар эндотелийіне еніп, көбейіп, қайтадан қанға түсіп, риккетсемия және токсинемия туғызады, осыған байланысты клиникалық көріністер көрінеді.

Патологиялық анатомиясы: Кенелік бөртпе сүзек кезінде патоморфологиялық өзгерістері жағынан эпидемиялық бөртпе сүзекке өте ұқсас. Тек кейбір ерекшеліктері бар: кенелік бөртпе сүзек кезінде деструкциялық процестерден гөрі пролиферациялық процестер басым және тері қантамырларындағы өзгерістер өте айқын, ал бас миы және басқа мүшелерде өзгерістер азырақ болады.

Клиникасы:

Инкубациялық кезеңі 3-7 күн.

Ауру жеңіл, орташа және ауыр түрде өтуі мүмкін. Жиі орташа ауырлықта болады. Клиникалық ағымын 3 кезеңге бөледі:

1. Бастапқы кезең (аурудың алғашқы 2-4 күні бөртпе пайда болғанға дейін).

2. Қызу кезеңі (бөртпе пайда болғаннан температура төмендегенге дейін 4-7 күн, сирек ұзағырақ болады).

3. Жазылу кезеңі (температура төмендегеннен толық жазылғанға дейін).

Аурудың басталуы негізінен жедел, қалтыраумен, дене температурасының жоғарлауымен, әлсіздік, бас ауру, ұйқының бұзылуы, барлық денеде ауырсыну, буындардың, бұлшықеттердің қақсауынан, тәбетінің төмендеуінен басталады. Бұл симптомдар біртіндеп көбейіп, барлық қызба кезеңінде сақталады. Дене температурасы 2 күн ішінде 39-400С дейін жоғарлайды, тұрақты немесе ремиттирлеуші түрімен сипатталады. Температура кризді түрде төмендейді. Науқастың өзіне тән бет-әлпеті болады: аурудың 2-3 күннен бастап, беті қызарып, бірақ ісіну болмайды.

Аурудың ең тән және тұрақты белгілеріне жатады: біріншілік аффект аймағында лимфааденит және полиморфты бөртпенің пайда болуы. І-лік аффект – кене тістеген жерде пайда болатын, әр түрлі мөлшердегі гиперемия аймағымен шектелген, ауырсынатын және 11-58 күн ішінде жоғалатын қабынулық некрозды ошақ.

І-лік аффектпен қатар аймақтық лимфаденит пайда болады, лимфа түйіндері ұлғайған, біраз ауырсынады, қозғалмалы 15-18 күн ішінде жоғалады.

Аурудың 2-4 күні кейде 5-ші күні алғашқы күндері розеолезді сипатта болатын, сосын папулаға айналатын және өте сирек петехияға айналатын бөртпелер пайда болады. Бөртпе табан мен алақаннан басқа дененің барлық жерінде болады. Бөртпе аурудың 12-14-ші күні қатаяды.

Интоксикация шыңында науқастарда әр түрлі мүшелер мен жүйелер жағынан өзгерістер пайда болады.

Жүрек – қан тамыр жүйеісінің зақымдалуы салыстырмалы брадикардиямен, кейде дикротикалық пулсьпен, гипотониямен жүрек тондарының тұйықталуымен көрінеді.

ОНЖ жағынан диффузды бас ауруы, ұйқысыздық немесе үзбелі ұйқы, сирек саңдырақтау, барлық кезде негізінен тыныш адинамиялы тежелген болуы мүмкін.

Асқорыту жолының зақымдалуы белгілеріне тәбетінің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, іші өту, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы жатады.

Кенелік бөртпе сүзек кезінде жазылу эпидемиялық бөртпе сүзекпен салыстырғанда тезірек болады.

Асқынулары: Кенелік бөртпе сүзек кезінде пневмония, бронхит, отит, синусит түрінде асқынулар болуы мүмкін.

Диагностикасы: Диагноз клиникалық белгілерге, эпидемиологиялық және лабораторлы мәліметтерге негізделеді. Диагнозды дәлелдеу үшін динамикада серологиялық әдістер – РСК, РПГА қолданылады.

Салыстырмалы диагностикасы: Кенелік бөртпе сүзегінің салыстырмалы диагностикасын эпидемиялық бөртпе сүзек, басқа кенелік риккетсиялармен, экзантемамен өтетін және т.б. аурулармен жүргізу керек.

Емі: стационарлық жағдайдажүргізіледі. Оған кіреді:

-тәртіп (қалыпты дене температурасы 5 күн болғанша қатал төсектік тәртіп)

-толық құнды диета (ерекше шектеусіз)

-этиотропты препараттар (тетрациклин қатары 3-5 күн бойы)

-патогенетикалық ем (дезинтоксикациялық)

-симптоматикалық ем.

Болжамы: қолайлы.

Шығару ережесі: Дене температурасы қалыпты болғаннан 10 күннен кейін шығарылады.

Диспансеризациясы: Кенелік бөртпе сүзекпен ауырған адамдар диспансеризацияға жатпайды.

Профилактикасы: Адамдардың кенелерден сақтануынан тұрады.

 



Просмотров 7316

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!