Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



V БӨЛІМ. АУА-ТАМШЫЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР



ГРИПП ЖӘНЕ т.б. ЖРВИ

Грипп - ауа-тамшылы жолмен, эпидемия және пандемия түрінде таралуға бейім, клиникасында жоғары улану синдромымен және катаральды белгілерімен (ларинготрахеит) жедел өтетін респираторлы инфекция.

Грипп бүкіл дүние жүзінде кездесетін, «басқарылмайтын» инфекцияларға жатады.

Этиологиясы. Грипп вирусының 3 серотобы белгілі. Вирустың құрамында РНК бар, А,В,С серотиптары анықталған. Антигендік құрамында екі антиген кіреді: Н-гемагглютинин, N-нейроаминидаза. Бұл антигендер өзгеріп отырады да, эпидемия және пандемия себебі болады.

Эпидемиология. Дүние жүзінде таралған ауру. Сырқат көзі-ауру адам. Тарау жолдары: Негізгі – ауа – тамшы арқылы. Тұрмыстық заттар арқылы да жұғуы мүмкін. Гриптің жұғу қабілеттілігі өте жоғары.

Сырқат: - бірен-саран оқиға ретінде (эпидемия болмаған кезде)

- топталып ауру ретінде

- эпидемия (2-3-4 жыл сайын)

- пандемия (25-40 жылда)

түрлерінде өтеді.

Эпидемия мен пандемияларды вирустың А типі тудырады. Вирустың В түрінің антигендік құрамы тұрақтылау, сондықтан пандемиялардың себебі болмайды; кейде болар-болмас эпидемияларды тудыруы мүмкін. С түрі тек қана бірен саран оқиғалардың себепкері болады.

Иммунитет: сырқаттан кейін 1-2 жыл сақталатын типті иммунитет құрылады.

Патогенез: Гриптің вирусы – клетканың ішінде паразиттік тіршілік ететін қоздырғыш. Вирус организмге көбінесе мұрын арқылы еніп, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының эпителиальды клеткаларын зақымға ұшыратады. Грипп вирусының нейроаминидаза ферменті эпителиальды клекаларының қабықшаларындағы нейроминды қышқылын азайтып, олардың тегістігін бұзып, вирустың клетка ішіне кіруіне жол ашады. Эпителиальды клеткалар ішіне вирус көбейіп, көп мөлшерде жинақталып, бір кезде осы клеткаларды жарып, маңайындағы ортаға шығып, аз уақытта басқа клеткаларға зақым келтіріп, бүкіл тыныс алу жолдарының эпителиальды қабатын сыпырып түсіреді. Жалпы грипп вирусының орналасатын ағзасы – трахея, сондықтан катаральды белгілер ішінде грипке тән трахеит болады. Тыныс алу жолдарының тамырлары арқылы вирус қанға тарап – вирусемия және токсинемияны тудырады. Организмде вирустың және гриптің токсиндері алдымен тамырға әсер етеді, әсіресе орталық нерв жүйесінің тамырларына. Сондықтан клиникалық белгілердің ішінде бас ауыру бірінші қатарда. Вегетативті нерв жүйесінің зақымынан келесі өзгерістер туады – тамырлардың кеңеюі мен өтімділіктерінің жоғарылауы: беттің гиперемиясы мен ісінуі, шырышты қабаттардың гиперемиясы, гемодинамикалық өзгерістер.

Гриптің патоморфологиялық суреттерінде көбінесе тыныс алу жолдарында – эпителидің дистрофиялық және некрозды өзгерістер. Басқа ағзаларында тек қана гемодинамикалық өзгерістер байқалуда.

Клиника:Жіктелуі төмендегідей түрлеріне бөлінеді:

1. Типтік

2. Атиптік

Атиптік түрі :

жеңіл

- акатаральды

- афебрильды

Ауыр

- «найзағай» тәріздес

- гемморагиялық

Типтік формасының клиникасында 2 синдром байқалады:

1. Токсикоз синдромы

2. Тыныс алу жолдарының зақымдалу синдромы

Токсикоз синдромының клиникалық көріністері:

- қалтырау (кейбір жағдайларда)

- сырқаттың бірінші күндерінен бастап бас айналу

- бас ауыру күштірек болады, бастың алдыңғы жарытысында орналасады(көздің үстіңгі аймағында, самайда, шеке аймағында)

- қызба, оның ерекшеліктері: температураның көтерілуі жылдам және бірінші тәулікте өте жоғары сандарға жетеді; қызба өте қысқа уақытта аяқталады, ал егер 5-6 күннен ұзақ болса, онда екіншілік инфекцияның қосылуының әсерінен деп ойлау керек; қызба, көбінесе әлсіреген түрде;

- шаршағыштық, денесінің барлық бұлшық еттерінің сырқырап ауыруы

- адинамия – жалпы әлсіздік, кейде сырқаттың бірінші күнінен бастап

- гипотония

- қатты тершеңдік – сырқаттың бірінші күндерінен бастап.

Көз симптомдары төмендегідей басталады:

- көз аймағының ауырсынуы

- көзінен жас ағу

- жарықтан қорқу

- конъюктиваның қызаруы

Кейбір қатты түрде өтетін токсикозда мынадай көріністердің болуы мүмкін:

- естен тану

- сандырақтау

- дірілдеу – бұлшық еттердің тартылуы

- менингиальды көріністер

- кейде жүрек айну және құсу

Катаральды синдром сырқатының басынан бастап болады, кейде біраз кешігірінкіреп (12-24 сағаттан кейін). Оған тән белгілер:

- тамағының жыбырлау

- жұтынғанда ауырсыну

- мұрынның шырышты қабатының қызаруы және ісінуі

- мұрынның бітелуі

- мұрыннан су ағу

- дауысының қарлығуы

- «құрғақ», қысқа түрдегі жөтел

Науқасты қараған уақытта: бет әлпеті өткірленген, аздап қызарған. Жүрек-тамыр жүйелері жағынан – тахикардия (температурасына пульсы сәйкес), аздаған гипотония, жүрек тондары тұйықталған. Жүрек – тамыр жүйелері жағынан болған өзгерістер функциональды болып табылады.

Атиптік түрлер: акатаральды түрлерінде интоксикация синдромының белгілері басым түрде болып, катаральды синдром болмайды. Афебрильды түрлерінде температурадан басқа белгілердің барлығы болады, бірақ әлсіз түрде. «Найзағай» тәріздес түрлерінде ауыр ағымды және летальды аяқталу болады.

2 түрдегі асқыну:

1. Екіншілік инфекцияның қосылуы: отиттер, гаймориттер, пневмония және т.б. коккты этиологиялы инфекциялар. Бұлардың болу себебі кіру қақпасының (жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты эпителилерінің ) зақымдануы және грипп вирусының өмір сүруі үшін бөлетін заттардың әсерінен фагоцитоздың әлсіреуі.

2. Қатты токсикоздың әсерінен болатын асқынулар (диэнцефальды синдром, гриптен кейінгі психоз және т.б.)

Диагностикасы: Гриптің диагностикасының негізделуі:

- клиникалық мәліметтерге

- эпидемиологиялық мәліметтерге

- лабороториялық мәліметтерге

Лабороториялық әдістердің ішінен қолданылатын:

- вирусологиялық (қан, мұрын бөліністерін қоректік ортаға егу)

- вирусты табу үшін – гемаглютинацияреакциясын тежеу(гемаглютинині бар грипп вирусы қойдың эритроциттерін өзіне байланыстырады ), ал арнайы сарысу қосқанда реакция жүрмейді (гемаглютинацияның тежелуі әсерінен)

- иммунофюоресцентті әдіс (экспресс әдіс).

Серологиялық әдістер – жұпталған сарысу әдісі (1-ші сарысу сырқатының басында алынады , ал екіншісі 10-12 күннен кейін алынады, екуінің бір уақытта зерттеген кезде антиденелердің титрлері 4 есе және одан да көп өсуі–гриптің бар екенін дәлелдейді ). РСК және РПГА әдістері қолданылады.

Емі: Гриппен аурғанды көбінесе үйінде емдейді. Ауруханаға теқ қана ауыр формалармен немесе асқынған жағдайларда жатқызады.

Ем комплексті және индивидуальды түрде жүргізіледі.

1. Күн тәртібін сырқат бойы дұрыс сақтау жөн.

2. Диета – жеңіл: сүт, өсімдік тағамдары.

3. Этиотропты ем – ремантадин (тек қана вирустың А типіне әсер етеді). Оны сырқаттың алғашқы күндері қабылдаған жөн, 2-3 күннен кейін әсері шамалы. Ремантадинді қолдану схемаларыәр түрлі. Көбінесе келесі түрде қолданылуда: 1 күні – 0,1*3 рет (тәулік дозасы 300мг), 2-3 күндері – 0,1*2 рет (200 мг), 4- күні – 0,1*1 рет.

Этиотропты препарат ретінде келесі препараттарды қолдануға болады:

– адапролин 0,025*2-3 рет 5,7 күн бойы

– рибаверин (виразол) – 0,1*3 рет

– лейкоцитарлы интерферон 2-3 күн 1-2 сағат сайын, мұрынға 3-5 тамшыдан

Ауыр формаларында грипке қарсы әсер ететін донорлық гаммаглобулин – 3,0 б/е; кейде 6-12 сағаттан кейін қайталап енгізуге болады. Балаларға 0,15-0,2 мл/кг салмаққа

Антибактериальды препараттар қолдану қажет жағдайлар:

- созылмалы өкпе ауруымен сырқаттанған адам гриптің ауыр формасымен ауырғанда

- екі жасқа дейінгі балаларға, екі қабат әйелдерге, соматикалық патологиясы бар үлкен адамдармен қарияларға.

- әр түрлі бактериальды асқынулар

- өршу бейімі жоғары әр түрлі солзылмалы аурулармен ауырғанда.

Сырқаттың ауырлығына және клиникалық белгілеріне байланысты – патогенетикалық (дезинтоксикациялық) ем, кейбір жағдайларда – гормондар (преднизолон және т.б.) симптоматикалық және басқа емдер.

Профилактика:Сырқаттануға алдын-ала болжау жүогізіледі.

Негізгі серовар анықталып, вакцинопрофилактика туралы сұрақтар шешіледі. Арнайы профилактикасында қолданылады:

- тірі вакциналар(оларды интронозальды және переоральды)

- инактивирленген вакциналарды тері асты және тері ішіне енгізеді.

Вакцина мерзімі – сырқаттану мерзімінің көтерілуіне байланысты.Гриптің жедел профилактикасын төмендегі препараттармен жүргізеді:

- ремантадин 0,05 г тәулігіне, 5 күн

- лейкоцитарлы интерферон мұрнына 5 тамшыдан күніне 2-3 рет 1-2 апта бойы.

Грипке қарсы гаммаглобулин: 3 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, әлсіз адамдарға 3 мл-ден 2 инъекция 2-3 аптаның арасында.

 

ПАРАГРИПП

Парагрипп – ауа-тамшы жолымен жұғатын, клиникасында уланумен өтетін жоғарғы тыныс алу жолдарын, көбінесе көмейді зақымдап ларингит синдромымен өтетін жедел вирусты инфекция.

Этиологиясы. Қоздырғышы-парамиксовирустар тұқымдасқа кіретін, құрамында РНК-сы бар вирус. 4 серовары белгілі. жасушаға цитолитикалық әсер етеді. Сыртқы ортада төзімді.

Эпидемиологиясы. Таралымы өте кең. Бірен саран оқиғалар және шамалы эпидемиялық өршулер түрінде кездеседі. Жалпы ЖРВИ тобына үлес салмағы 16-30%.

Инфекция көзі-ауру адам (вирусты 7-10 күн бойы шығарады).

Тарау жолы-ауа тамшылы.

Мерзімі күз-қыс айлары.

Ауыратындар көбінесе балалар, әсіресе 1 жасқа дейін. Инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі жоғары.

Иммунитет-қысқа мерзімді.

Патогенезі. Вирус көмейдің шырышты қабаттарына тропты. Вирус ауамен көмейдегі эпителиальды жасушаларында көбейеді де, оларды қабындырып деструкциядан кейін вирус қанға өтіп, қысқа мерзімді вирусемия және токсинемия шақырып, соның әсерінен қызба мен улануды шақырады.

Патанатомиясы. Тыныс алу жолдарының (әсіресе көмейдің) шырышты қабаттарында лейкоцитарлы инфильтративті деструкциялық ошақтар қалыптасады.

Клиникасы. Парагрипп келесі клиникалық түрлерінде өтеді:

1. грипп тәріздес

2. ларингит, ларинготрахеобронхит

3. пневмония

Ауырлығы бойынша:

1. жеңіл

2. орташа

3. ауыр ағымда

- Инкубациялық мерзім 1-7 күн. Орташа 2-3 күн. Клиникасында айқын 2 синдром:

- улану

- катаральды (ларингит)

Улану синдром парагрипте әлсіз түрінде өтеді. Сырқат көбіне біртіндеп катаральды белгілерден басталады-біраз мұрны бітеліп, немесе суы ағып, құрғақ жөтел мазалай бастайды. Одан кейін дауысы қарлығып, жөтел де қарлыққан түрге айналады. Жалпы тыныс ал жолдарының барлық бөліктері зақымданады, яғни трахеит, бронхит, бронхлоит, пневмония болуына тиісті.

Асқынулары:

- көмей стенозы (жалған круп)

- екіншілік инфекция қосылуы (пневмония, сиусит, отит, ангина т.б.)

Диагностика:

- серологиялық әдістер ГАТР, КБР, НР-жұпты сарысу арқылы қойылады

- иммунофлюресцентті әдіс (ИФӘ) – вирус антигенін эпителиальды клеткалардан анықтау үшін.

Салыстырмалы диагнозы: гриппен және басқа ЖРВИ.

Емдеу:

- симптоматикалық

- патогенетикалық

- дезинтоксикациялық

Аурудың соңы сауығу.

Алдын алу. Дене шынықтыру. Спецификалық профилактикасы жоқ.

 



Просмотров 3958

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!