![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
РЕСПИРАТОРЛЫҚ-СИНЦИТИАЛДЫ ИНФЕКЦИЯ
Респираторлық – синтициалдық инфекция (РС-инфекция) – ауа-тамшы арқылы жұғатын, клиникасында шамалы интоксикациямен және тыныс алу жолдарының зақымдалуымен өтетін, көбінесе бронхиолитпен, пневмониямен өтетін жедел вирусты антропонозды инфекция. Этиологиясы: Қоздырғышы Paramyxovirus тұқымдасына, Pneumovirus түріне жататын, құрамында РНК-сы бар вирус. 2-антигеннен қалыптасады, клеткаларға ерекше цитопатогенді әсерімен сипатталады. Сыртқы ортада төзімсіз. Эпидемиологиясы: РС-инфекция бірен-саран оқиғалар және эпидемиялық өршу ретінде тарайды. ЖРВИ-лар ішінде РС-инфекцияның үлес салмағы 8-10%. Инфекция көздері: - ауру адам (вирусты 10-14 күн бойыбөледі) - вирустасымалдаушылар (мүмкін). Таралу жолдары: ауа-тамшы. Маусымдылығы: қыс-көктем айлары. Қабылдаушылығы: көбінесе балалар арасында жоғары. Иммунитеті: Тұрақсыз, реинфекцияның даму мүмкіншілігі бар. Патогенезі: Вирус тыныс алу жолдарына түсіп, шырышты қабаттардың эпителиальді клеткаларына еніп көбейеді. Қабыну процессін тудырып, жедел түрде тыныс алу жолдарының төменгі бөліктеріне түсіп, ұсақ бронхтар мен бронхиолаларға тарайды. РС-вирус эпителиальды клеткаларының гиперплазиясын тудырып, гиперсекрецияның себебі болды. Нәтижесінде ұсақ бронхтар мен бронхиолалар қуыстары тарылып, кейде қою созылмалы кілегеймен, сыпырылған эпителиймен және лейкоциттермен бітеліп қалады. Бронхтардың дреннажды функциясы бұзылады, стаздар, ұсақ ателектаздар қалыптасады, альвеолалар арасындағы қоршаулар ісіп қалыңдайды да, нәтижесінде оттегі алмасу процесстері бұзылып, оттегі жетіспеушілігі дамиды. Жиі эмфиземалық өзгерістер қалыптасып, демікпе және тахикардияны тудырады. РС-инфекцияның болжамы тыныс алу жетіспеушілігінің деңгейімен және екіншілік инфекция қосылуымен анықталады. Патологиялық анатомиясы: РС-инфекцияда айқын патоморфологиялық өзгерістер ұсақ бронхтар, бронхиолалар мен альвеолаларда табылады. Вирустың эпителиальды клеткаларға әсер етуінен пролиферация, некроз, перибронхиальды лимфоцитарлы инфильтрация; симпатобласттармен псевдогигантты клеткалар қалыптасу өзгерістері анықталады. Клиникасы: Инкубациялық мерзім: 2-7 күн аралығында. Тыныс алу жолдарының зақымдалған бөлігіне байланысты РС-инфекция келесі клиникалық түрлерінде өтеді: - назофарингит - бронхит - бронхиолит - пневмония Ересек адамдар мен жасөспірімдер арасында сырқат көбінесе жеңіл респираторлы ауру түрінде өтеді. Бұл кезде интоксикация белгілері (қызба, бас ауру, әлсіздік) және катаральды синдром (назофарингит) айқын өтеді. Кішкентай балаларда қабыну процессі басынан тыныс алу жолдарының төменгі бөліктеріне түсіп, жедел тыныс алу жетіспеушілігімен өтеді. Сырқаттың 2-7 күндерінде обструктивті синдром пайда болады да, 3-7 күн бойы сақталады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаюы мүмкін. Сырқаттың 5-ші күніне дейін пайда болған пневмония РС-вирусты этиологиялы, 5-ші күнінен кейін – бактериальды асқыну деп есептеледі. Қалыптасқан пневмонияның мүмкін болатын түрлері: - интерстициальды - ошақты - сегментті (көбінесе өкпенің төменгі бөліктерінде) Асқынулары: Бактериальды флора қосылу себебінен туатын пневмония, отит, синусит т.б. болуы мүмкін. Диагностикасы: Егер де вирусты инфекцияның бірінші күндерінен бронхиолит немесе пневмония қалыптасса, бұл көбінесе РС-инфекция деп ойлауға болады. Лабораторлы зерттеу: - вирусологиялық - иммунофлюоресцентті - серологиялық (жұпты сарысу әдісі арқылы) - ИФА Салыстырмалы диагностикасы: тұмаумен және басқа ЖРВИ-мен жүргізіледі. Емдеу: Жеңіл ағымда науқастар үйлерінде клиникалық белгілеріне сәйкес емделеді. Ауыр ағымда және асқынулар қосылған жағдайда ауруханаға жатқызылады. Болжамы: кішкентай балалар ортасында өлім көрсеткіші 0,5%. Профилактиткасы: спецификалық профилактика жоқ.
ГЕРПЕС ИНФЕКЦИЯСЫ Herpesviridae тұқымдасы вирустарымен шақырылатын контактілі, аэрогенды және жыныстық қатынас арқылы жұғатын, көбінесе тері мен шырышты қабаттарды зақымдап, латентты, локальды және жайылған клиникалық түрлерінде өтетін, кең тараған антропонозды инфекциялық ауру. Қазіргі күнде анықталған герпес вирустардың саны 80-нен астам, оның ішінде сегізі адам ағзасынан бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан табылған. Адамдардың инфекциялану көрсеткіші 80-90%-ға дейін жетеді. Көбінде латентты түрінде өтеді (антиденелер анықталады). HSV-антиденелер 70-100% адамдарда, Эпштейн-Бар - вирусқа 95%; CMV-қа 60%. АИВ ауруда герпесты инфекция ең жиі кездесетін, оппортунисттік инфекция. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың ішінде ІІ-ІІІ орын алады. Герпесвирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: олардың ішінде вирустар типі бойынша бөлінеді. Адамдар арасында кең таралған: І, ІІ типтері -HSV-I ; HSV-2 (simpleх-қарапайым); ІІІ-типі – VZV (zoster) – желшешек пен белдеуленген теміреткі тудыратын вирус; ІV типі – Эпштейн-Барр вирусты (EBV) – инфекциялық мононуклеоздың қоздырғышы; V типі – цитомегаловирус (ZMV) (В) цитомегаловирусты инфекцияны тудырады; VІ-VІІ типтері – лимфа жүйеcіне өтіп, иммунитеті төмен адамдарды келесі жағдайларға ұшыратады: - жайылған түрлеріне - энцефалитке - пневмонияға - лимфаденопатия VІІ типі – созылмалы шаршағыштық синдромының себепшісі деген ғылыми пкірлер бар. VІІІ типы (1994ж ашылған). Тудыратын аурулары (иммунды жетіспеушілік кезінде) - Капоши саркомасы - біріншілік лимфома - Кастлеманн ауру Қарапайым герпес (HSV І-ІІ типы) көбінесе тері және шырышты қабаттарының зақымымен өтеді, кейде ОНЖ, көз, ішкі ағзаларға түсіп өршуі мүмкін. Инфекция рецидивтермен араласып, латентті түрінде өтеді. Этиологиясы: HSV I HSV II-Alphaherpes – Viridae тұқымдасқа кіреді. Зақымдайтын жасушаларды лезде жоюмен, қысқа мерзімді репродуктивті циклмен, жүке жүйесінің ганглийларында латентті түрінде ұзақ сақталуымен сипатталады. Жоғары температурада лезде жойылады (50-52С-30), төмен темпертураларда ұзақ сақталады. Эпидемиологиясы: Инфекция көзі: - әр түрлі клиникалық түрлерімен ауыратындар - вирус тасымалдаушылар Таралу жолдары: - тұрмыстық қатынас - ауа-тамшылы - жыныс қатынас арқылы - вертикальды жолмен (берілуі мүмкін) - интранатальды жолмен (көп жағдайда) Патогенезі мен патологиялық анатомиясы: Вирус ағзаға тері және шырышты қабаттар арқылы түседі. Орналасатын жері: паравертебральды сенсорлы ганглийдердің жасушаларында (өмір бойы сақталады). Аксондар арқылы вирус тері және шырышты қабаттарға түсіп, типті везикулезды бөртпелер тудырады (эпителиальды жасушалардың тікенекті қабатын баллон тәрізді дегенерация және бөліну себебінен). Везикулалардың іші фибринді сұйықтыққа және сыдырылған эпителиальды жасушаларға толады. Репликация 10 сағатта өтіп, одан кейін вирус қанға шығады. Ағзада иммунды жетіспеушілік айқын болса, онда инфекцияның жайылған түрі дамиды (ішкі ағзалардың – ОНЖ, бауыр, бүйрек т.б. зақымдалуы). Вирусқа қарсы қорғаныста макрофагтар мен интерферонның әсері зор. Инфекцияның ерекше түрі – туа біткен герпес. Трансплацентарлы жолмен жұқса, плацентит дамып, бала герпесті инфекция көріністерімен шала немесе өлі туады. Интранатальды түрінде жұқса, (анада генитальды герпес болғанда) – көбінесе тері шырышты қабаттарының зақымдалуы, сиректеу жайылған түрі болады. Перинатальды герпес 3000-30000 туған балалардың біреуінде кездеседі. Герпесті инфекцияның жіктелуі: Тарау механизмі бойынша: жүре пайда болған -біріншілік -рецидивті (екіншілік) -туа біткен Инфекциялық процесстің ағымы бойынша: латентті – тасымалдаушылық, локальді, таралған, генерализденген (висцеральды, диссеминирленген). Қабыну орнына байланысты: тері: жалпы герпес, герпес формалы экзема, жаралы – некрозды герпес, зостер тәрізді герпес. Шырышты қабаттар: стоматит, фарингит, тонзиллит. Жоғары тыныс алу жолдары: жедел респираторлы аурулар. Көз: кератит, иридоциклит, кератоконьюнктивит, ирит. Урогенитальды ағзалар: уретрит, цистит, вульвовагинит, цервицит. Жүйке жүйесі: менингит, энцефалит, менингоэнцефалит. Ішкі ағзалар: эзофагит, пневмония, гепатит. Ауырлығына байланысты: -жеңіл, орташа, ауыр. Біріншілік герпес 80-90% адамдарда жасырын түрінде болады. Тек қана кішкентай балаларда афтозды стоматит, ОРВИ түрінде көрінеді. Рецидивті герпес – көбінесе тері зақымымен өтеді. Типті түрінде ауыз-мұрын маңайында орналасады, бірақ та терінің басқа жерлерін де зақымдауы тиіс. Көбінде рецидив кезінде бөртпелер бір орнында шыға береді, кейбіреулерінде орынды ауыстыруымен өтеді. Рецидивтердің жиілігі жылына 1-2 рет, 10-20 ретке дейін. Типті түріндегі герпесті бөртпе – гиперемияланған және ісінген (везикулалар). Бөртпе шығар алдында тері қышып, сыздап, ісініп, қызарады. Ауырсыну герпесті бөртпелерге тән емес. Көпіршіктер біраздан кейін жарылып, орнында эрозиялар қалыптасады, лезде қабықшамен тегістеледі. Эпителизация тыртықсыз өтеді. Процесстің ұзақтығы 5-7 күн. Кейде субфебрильды қызба мен шамалы интоксикация қатар жүреді. Маңайындағы лимфа түйіндері үлкеюі мүмкін. Иммунды жетіспеушілігі бар организмде қабыну таралған түріне айналады. Бұл жағдайда бөртпелер денеге, шаш арасына, аяқ-қолына таралып, жайылған эрозиялар қалыптасып, айқын уланумен өтеді. Атипті түрлері (қарапайым герпестің абортивті ағымы, саусақтардың ұшына): - ісікті - зостер тәрізді алақан мен табандарға папулезды элементтер шығуы. Генитальды герпес – жасырын түрінде өтуі тиіс – вирус зәр шығару және жыныс ағзаларында сақталады. Рецидив кезінде бөртпелер жыныс мүшелеріне шығады, жиі циститпен асқынады, әйел адамдарда генитальды герпес вульвовагинит, цервицит, уретрит, сальпингит, эндометрит түрінде өтуі мүмкін. Шырышты қабаттардың зақымдалуы: - жедел герпесті стоматит немесе созылмалы рецидивті герпесті стоматит түрінде өтеді. Көбінесе балаларда кездеседі. Көздің герпесті зақымдары недәуір жиі кездесуде – кератоиридоциклиттер (кератоувеит), иридоциклит, увеит, хориоретинит т.б. түрінде кездеседі. ОЖЖ зақымы келесі түрлерінде өтуі тиіс: - субклиникалық - герпесті менингит - әлсіз диффузды энцефалит - ауыр диффузды менингоэнцефалит - соңы қолайсыз локальды энцефалит Перифериялық жүйке жүйесінің зақымы: - ганглионит - ганглионеврит - ретикулоневрит - полинейропатия түрінде өтеді. Висцеральды түрлері: герпесті гепатит, ас қорыту және тыныс алу жолдарының зақымдалуы. Диагностикасы: - клиникалық көріністері (көбінесе типті везикулезды бөртпелер) - эпидемиялық мәліметтері (бұрын болғаны) - зертханалық дәлелдеу: а) вирусологиялық әдіс б) иммунофлюоресцентті әдіс в) иммуноферментті әдіс г) басқа серологиялық әдістер (КБР) – жұпты сарысу әдісімен д) ПТР – (полимеразды тізбекті реакция) г) иммунды жағдайын анықтайтын әдістер Емдеу: 3 сатыда жүргізіледі: І саты – жедел кезеңінде (рецидивте) - вирусқа қарсы әсер ететін майлар – бонафтон, оксалин, зовиракс - антиоксиданттар (вит А,Е,С) - простагландиндердің ингибиторлары (индометациин) - вирусқа қарсы химиопрепараттар (ацикловир) - иммуномодуляторлар (циклоферон, Т-активин, амиксин). ІІ саты – ремиссия кезінде (рецидив өте салысымен). Мақсаты – вакцинацияға дайындау - иммуномодуляторлар - адаптогендер ІІІ саты – арнайы профилактика – герпеске қарсы вакцина енгізу (инактивирленген, рекомбинантты).
![]() |