Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



БҮЙРЕК СИНДРОМЫМЕН ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА



Вирусты геморрагиялық қызба (ГҚ) – әр түрлі тарау жолдарымен тарайтын, организмде универсальды капилляротоксикоз туғызып, клиникасы айқын геморрагиялық синдроммен және жоғары уланумен өтетін жедел инфекциялық аурулар тобы.

Бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба (БСГҚ)

БСГҚ – табиғи-ошақты, вирусты этиолгиялы, клиникасында айқын уланумен, ауыр универсальды капилляротоксикоз дамуымен және бүйрек зақымдану синдромымен өтетін зоонозды, жедел инфекциялық ауру.

Этиологиясы: БСГҚ қоздырғыштары Bunyaviridae тұқымдасының, РНК-геномды вирусы. Ханта вирусының жаңа түрі. 8 сероварлары анық, қоршаған ортада тұрақты, төмен температурада ұзақ сақталады.

Эпидемиологиясы: Қиыр Шығыс, Урал, Сібірде ауырсыну эндемиялық, Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Африка, Қытай, Корея, Жпапон елдерінде тіркеледі.

Өлім көрсеткіші 1-5 %.

Инфекция көзі:

- тышқан түріндегі кеміргіштер

- сары тышқан

- сұр және қара тышқан

Кеміргіштерде инфекция симптомсыз және ұзақ өтеді. Вирус нәжіспен, зәрмен, сілекеймен бөлінеді.

Тарау механизмі:

- аспирационды (жүргізуші) – ауа-шаң, шөп арқылы.

- алиментарлық (көкеністер арқылы).

- тікелей қатынас арқылы (кеміргіштерден).

Адамнан адамға жұқпайды.

Көбінесе 20-50 жас аралығындағы ерлер ауырады. Ауру спородикалық немесе топталған түрде жүреді, кейде эпидемиялық ошақтар қалыптасады.

Маусымдылығы: жаз-күз айлары.

Патогенезі: Қоздырғыш тыныс алу, ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары немесе тері арқылы түседі. Жергілікті өзгерістер болмайды. Вирусемия, токсинемия дамиды. БСГҚ вирусының айқын вазотропты әсері бар. Патогенез негізі: ұсақ тамырлар қабырғаларының жүйелі деструктивті зақымдалуы (деструктивті артериит, капиллярлар, артериалалар, венулалар). Қосымша қан ұйыту жүйесінің бұзылыстары дамиды.

Нәтижесінде:

- қоршаған тіндерде плазморея

- қанның қоюланып, тромбтардың пайда болуы

- токсико-аллергиялық реакциялар

Көбінесе айқын өзгерістер:

- бүйректе

- бүйрек үсті бездерінде

- гипоталамуста

- ішектің шырышты қабатында, бауырда

БСГҚ-да бүйректің зақымдалуы айқын қабыну белгілерінсіз жүреді. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің дамуына каналшаларының басылуымен бірге пирамиданың аралық затының серозды – геморрагиялық ісігі әсер етеді.

Клиникасы: Инкубациялық кезең 7-48 күн, орташа 20 күн.

Ауру кезеңдері:

- бастапқы (қызбалы)

- олигоуриялық

- полиуриялық

- реконвалесценция

Бастапқы кезең жедел (тез) басталады, ұзақтығы 1-3 күн :

- жоғары температура (38-400С)

- интенсивті бас ауырсынуы, интоксикация белгілері

- белде ауырлық сезімі немесе ауырсыну

- беттің ісінуі, гиперемия, 3-4 күннен геморрагиялық бөртпе шығады

- геморрагиялық синдромның бастапқы көріністері (склера тамырларының иньекциясы, энантемалар)

- зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғарлауы мүмкін

Олигоуриялық кезең 2-4 күннен 8-11 күн, тән:

- әр түрлі интенсивтіліктегі белдегі ауырсыну

- зәр мөлшерінің азаюы

- геморрагиялық синдромның күшеюі (мұрыннан қан кетулер, гематомалар, макрогематурия, склераға қан құйылулар және т.б.)

- аурудың 4-6 күнінен кейін кеуденің жоғары жартысында жолақ түріндегі петехиальды бөртпелер шығады

- айқын интоксикациялық симптомдар (бас ауыру, ұйқысыздық, жүрек айну, құсу), температураның төмендеуіне байланыссыз сақталады.

- гипотония, көбінесе кезеңнің аяғында – гипертония дамиды

- брадикардия (абсолютті немесе салыстырмалы)

- ЖҚА-да айқын лейкоцитоз, 20х10 л дейін, плазматикалық клеткаға дейін солға жылжу

- ЗЖА-да зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі

- қысқа уақытты массивті протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия, бүйрек эпителийінің клеткалары элементтері

- биохимиялық өзгерістер: қалдық азот, мочевина, креатинин деңгейінің жоғарылауы.

Полиуриялық кезең: Аурудың 7-13 күнінен басталып 15-22 күніне дейін созылады

- жағдайы жақсарады

- полиурия пайда болады (тәулігіне зәр 5л және одан да көп), никтурия

- айқын изогипостенурия

- креатинин, мочевина, қалдық азот көрсеткіштері қалпына келеді.

Реконвалесценция кезеңі: Зәрдің бөліну мөлшерінің қалыптасуымен жүреді. Инфекциядан кейінгі астения ұзаққа сақталады.

БСГҚ-ның ауырлық ағымы бүйректің зақымдалу дәрежесіне байланысты:

- интоксикациялық айқындылығы

- геморрагиялық синдром

2-5% жағдайларда асқазан-ішек жолының шырышты қабатына көп мөлшерде қан құйылулармен байланысты іштің тітіркену симптомы дамуымен өтетін абдоминальді түрі байқалады.

Асқынулары:

- жедел бүйрек жетіспеушілігі – олигоуриялық кезеңнің 5-7 күні

- ТИШ (токсико – инфекциялық шок) аурудың 3-7 күні

- бүйректің жыртылуы немесе бүйрек капсуласы және қыртысты затының үзілуі.

Диагностикасы:

- клиникалық белгілері (жедел дамитын қызба, геморрагиялық синдроммен және бүйрек жетіспеушілігінің көріністері)

- эпидемиологиялық анамнез

- бүйрек қызметінің бұзылуының көрсеткіштері: протеинурия, изогипостенурия, зәр қалдығының өзгеруі, гиперазотемия

- серологиялық диагностика

- жұп сарысу культуралық диагностика әдісі.

Ескерту: БСГҚ ауырған адамдардың қанында антиденелер 20 жыл мөлшерінде сақталады.

Емдеу:

1.Бүйрек қызметінің жүйелі бақылауымен стационарға госпитализациялау (БСГҚ зақымдалған адамдар инфекция көзі болып саналмайды)

2. Төсектік тәртіп (персональдық үнемі бақылау, дәреттік күтім)

3. Диета – стол №4,7

4. Патогенетикалық ем

- дезинтоксикация

- глюкокортикостероидтар 10-12 мг/кг дейін

5. Этиотропты ем (алғашқы 3-4 күндері эффективті)

- виразол к/т

- рибавирин

- рибамидил 15 мг/кг, 5 күн бойы

6. Симптоматикалық ем

Алдын алу: Бейспецификалық – кез келген дала жұмыстарында, инфекцияланған белсенді ошақтары бар жерлерде жеке басының қорғанысын сақтау.

 

ҚЫРЫМДЫҚ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА (ҚГҚ)

ҚГҚ – кенелер арқылы берілетін, жалпы улану, геморрагиялық синдроммен (лейкопения, тромбоцитопения) сипатталатын табиғи-ошақты жедел инфекциялық капилляротоксикоз.

Этиологиясы: Қоздырғышы – арбовирус, Bunyaviridae тұқымдасы. Сыртқы ортаға төзімді.

Эпидемиология: Қоздырғыш көзі – сиыр, ешкі, қоян және т.б. Табиғи ошақтары – Ресейдің Оңтүстік Шығысында, кейбір Орта Азия республикаларында және Болгария, Югославия, Венгрия, Иран, Үндістан, Түркия территорияларында кездеседі.

Таралу жолы:

- трансмиссивті (иксод тұқымдас кенелері арқылы)

- контатілі (аурудың немесе жануар қанымен контактта болғанда)

Көбінесе ауыл адамдары аурады.

Маусымдылығы: Көктем-жаз айлары.

Патогенезі: Вирус кене тістегеннен қанға өтеді.

- қоздырғыш тамыр эндотелийінде, бауырдың эпителиальді клеткаларында және бүйректің, сондай-ақ макрофагальді клеткаларында көбейе алады.

- микроциркуляторлы саланың фибриноидты некрозы түзілгенге дейін ісікті – деструктивті зақымдануы мен васкулит дамиды.

- вирусемия – аурудың бастпақы кезеңінде жалпы инфекциялық көріністі қамтамасыз етеді.

Клиникасы: Инкубациялық кезең 2-14 күнге дейін (орташа 3-5 күн).

Ауру кезеңі:

- бастапқы

- өршу

- реконвалесценция кезеңі

Науқастардың 7-9% ауру геморрагиялық белгісіз өтуі мүмкін. Аурудың типтік кезінде ауру жедел, қалтыраумен, дене қызуының жоғарлауымен басталады. Бастапқы кезең бірнеше сағаттан 3-4 тәулікке дейін созылуы мүмкін, жоғары қызбамен сипатталады. Жиі улану белгілері анық көрінеді.

Тамақтың қабылдауынсыз қайта-қайта құсумен, белдегі ауырсынумен өзіне көңіл аудартады.

Геморрагиялық көріністердің пайда болу кезінен бастап өршу кезеңі басталады. Науқас жағдайының нашарлауымен, шырышты қабықта және теріде геморрагиялық бөртпелердің болуымен сипатталады. Иньекция жасаған жерде гематома түзіліп, әр түрлі мүшелерден қан кетулер болады.

Бөртпе сипаты:

- петехиальді

- бөртпе элементтері дөңгелек немесе овальді

- түсі күңгірт қызылдан күлгін көк түске дейін

- бөртпенің қайталануы немесе рецедивтері болмайды

- бас ауру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, қозғыштық

ЖҚТЖ – тахикардия, анық гипотания

АІЖ – қан аралас құсық

- нәжістің бөгелуі, сирек қан аралас диарея

- бауыр ұлғаюы.

Науқастардың 70% бүйрек зақымдалады:

- белде ауырсыну

- ұрғылау симптомы оң

- олигоурия болуы мүмкін.

Реконвалесценция кезеңі: Ұзақтығы бірнеше айға дейін. Летальдылығы – 15-50%.

ЖҚА:

- лейкопения

- тромбоцитопения (тромбоциттердің мүлдем жоғалғанға дейін)

Диагностикасы: Клинико-эпидемиологиялық мәліметтері бойынша. Зертханалық тексерулер:

- вирусологиялық әдістер

- серологиялық реакциялар.

Емдеу: арнайы ем:

- реконвалесценттің (100-300 мл дозасында) қан плазмасы немесе сары су

- гипериммунды спецификалық – глобулин, 5,0-7,5 мл дозасында (ауыр жағдайда 3 күн қатарынан)

- дезинтоксикация

- гемостатикалық ем

- шокқа қарсы ем

Алдын алу: Инактивирленген вакцина. 3 жыл қатар вакцина тағайындалады.



Просмотров 5890

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!