![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Описторхоздың ошақтарында жүргізілетін шаралар мен алдын алу
Ең маңызды роль су қоймаларын нәжісті зақымданулардан алдын алу, санитарлы ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Халықты тағамға шикі, дұрыс пысырылмаған балық тағамдарын қолдандырмау. Балықты қайнатқанда тұтастай описторхоз личинкасы 20 минуттан соң өледі. Ыстық бықтыру балықты толық залалсыздандырады. Балықты 15-20 мин. қуыру керек. Балықты тұздау 14 күн болады. Кептіретін тұздың көлемі 27-29 кг. 100кг балыққа. Инвазияланған балықты қалыпты жағдайларды қатырып залалсыздандыру рұқсат етілмейді. Ондай жағдайларда описторхоз личинкалары 2 4 аптаға дейін сақталуы мүмкін.
КЛОНОРХОЗ Клонорхоз - алғашқы кезеңінде жедел аллергоз түрінде, соңынан көбінесе өт жүйесі мен ұйқы безін зақымдап, созылмалы түрде өтетін, ішектен тыс орналасатын, қоздырғышы трематодалар класына жататын, фекальды-оральды механизммен берілетін, табиғи-ошақты зооантропонозды биогельминтоз. Этиология. Қоздырғышы-Clonorchis sinensis (қытай сорғышы), описторхиске ұқсас, бірақ одан ірірек (ұзындығы 10-20 мм, көлденеңі 2-4 мм), денесінің алдыңғы жағы ұзынырақ, айырмашылығы денесінің соңында орналасқан бұтақты ұрық бездері болып табылады. Эпидемиологиясы. Соңғы иелері және инвазия көзі-адам., ит, мысық және басқа да сүт қоректілері; аралық иелері-Bithynia тұқымдасына жататын моллюскалар; қосымша иелері-карп балықтары және тұщы су шаяндары. Қоздырғыш адам организмінде 25-40 және одан да көп жыл өмір сүреді. Берілу механизмі-фекальды-оральды, жұғу жолы-алиментарлы. Патогенезі және клиникалық көріністері: Описторхоздікімен бірдей. Аурудың жедел фазасында дене қызбасы, катаральды құбылыстар, аллергиялық тері бөртпелері, бауырдың және асқазанның (ойық жаралы гастродуоденит және гепатиттер түрінде) зақымдануы байқалады. Миокардит, өкпе қабыну мүмкін. Ауру ұзақ мерзімді созылмалы түрде өтеді. Эндемиялық аймақтардың байырғы тұрғындарында инвазия субклиникалық, жанадан келген адамдарда - ауыр және жедел түрде болады, өте жоғары эозинофилия 80% дейін байқалады. Диагностикасы: описторхоздағыдай. Науқастың нәжісінде және дуоденальдық сұйықтығында гельминт жұмыртқаларын табу ең негізгі диагностикалық тәсіл болып табылады. Клонорхис жұмыртқалары ауру басталғаннан 3-4 аптадан кейін табыла бастайды. Серологиялық әдістерден ИФА тиімді болып есептелінеді. Емі: Празиквантел, битинол, дитиазанин және спазмолитиктермен емдеу тәсілдерін жүргізу керек. Профилактикасы:Описторхоз кезіндегідей әдістермен жүргізеді. Ыстықпен жеткіліксіз дәрежеде өңделген немесе аз тұздалған балық өнімдерін тағамға пайдаланудан сақтанудың маңызы зор. Нәжіспен ашық су қоймаларының ластануын болдырмау, аралық иесін жою, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауды кең насихаттау клонорхоз кезіндегі сақтандыру шараларының шарттары болып табылады.
ФАСЦИОЛЕЗ Этиологиясы. Қоздырғышы Fasciola hepatica және F.didantica - ірі трематодтар, өлшемі 20-30х8-12 мм және 33-76х5-12 мм. Жұмыртқалары өте ірі, қақпақшалары бар. Эпидемиологиясы.Фасциолез-ауыз арқылы енетін биогельминтоз табиғи ошақты инвазия, қоздырғыштың ақырғы иесі мен көзі – адам. Ірі қара мал, адам, жылқы, кемірушілер. Аралық иесі – молюскалар. Адамның зақымдануы ашық су құбырларынан суды ішкенде, тағамға су өсімдіктерін пайдаланғанда пайда болады. Патогенезі. Адаммен жұтылған фасциоланың жұмыртқалары ащы ішектің шырышты қабатына енеді, бауыры мен өт жолдарында айналымға түседі, пісіп жетіледі және 3-4 айдан кейін жұмыртқаларды бөле бастайды. Ересек гельминттер 3-5 жыл және одан көп өмір сүреді. Инвазия патогенезінде гепато және холангиоциттердің токсико-аллергиялық зақымданулар, гепатобилиарлы жүйенің жарақаттануы, жиі түрде тері асты жасуыққа, өкпеге, іште, көз алмасында және т.б. тіндерде фасциолалардың енуі байқалады. Клиникасы. Инкубациялық кезең 1-8 жұма. Ерте кезеңінде клиникалық көріністе аллергия симптомы байқалады. Сонымен қатар бауыр үлкейіп, ауырсынуы мүмкін және эозинофилия, лейкоцитоз сипатталады. Созылмалы кезеңде холангит, бауыр астылық сарғаю, бауыр абцессі болуы мүмкін. Кеш мерзімде бауыр қызметінің бұзылуы, ас-қорытудың бұзылуы пайда болады. Диагностикасы. Жедел кезеңдегі арнайы диагностикаға науқасты иммунологиялық зерттеу кіреді. Ал аурудың кеш кезеңінде фасциола жұмыртқаларын нәжіс пен дуоденальды қосылысты анықтайды. Емі.. Празиквантель 50мг/мг мөлшерінде жоғары әсерлі. Асқынулар кезінде антибиотиктер мен симптомдарға байланысты ем қолданылады. Профилактикасы.Санитарлық-ветеринарлы шаралар жүргізіледі. Жеке бас профилактикасы жоспарында қайнамаған суды қолдануға тиым салынады.
ПАРАГОНИМОЗДАР Этиология: Қоздырғышы-Paragonimus westermani (өкпе сорғышы), Paragonimus тұқымдасының басқа түрлері – трематодалар жұмыртқа тәрізді, өлшемдері (7,5-13) х (4-8) мм; жұмыртқалары овальды. Эпидемиология: Парагонимоздар-ауыз арқылы енетін биогельминтоздар, табиғи-ошақты инвазия. Паразиттердің соңғы иелері мен қоздырғыш көзі-адам мен мысықтар, иттер, шошқалар және жабайы сүт қоректілер. Олар гельминттің жұмыртқаларын қақырықпен, нәжіспен сирек түсіреді. Аралық иелері-тұщы су моллюскалары, қосымша иелері-тұщы судағы шаяндар. Патогенез: Ағзаға түскен парагонимустардың дернәсілдері қабыршақтарынан босап, ішек қабырғасы арқылы іш қуысына, кейін плевра қуысы мен өкпеге өтеді (диафрагма арқылы), кейде 3 айдан кейін гельминт сыртқы ортаға жұмыртқаларын бөле бастайды. Парагонимоз патогенезі негізгі тіндердің токсико-аллергиялық реакциясымен байланысты. Жұптап орналасқан паразиттердің маңында 1-10 см диаметрдегі қуыстар пайда болады, кейін олар фиброзданып, кальций тұздарымен қатаяды. Клиникасы: Инкубациялық кезең қысқа, бірнеше күн болуы мүмкін. Инвазияның алғашқы фазасында энтерит, гепатит, асептикалық перитонит симптомдары болуы мүмкін. Бұдан кейін плевро-өкпелік синдром дамиды, ол бронхит, ошақты пневмония және жиі экссудативті плевритпен көрінеді. Созылмалы интоксикация, өкпе зақымдалу белгілерімен сипатталады. Қақырықта паразиттердің жұмыртқаларын табады. Кейін өкпе зақымдалу белгілері өшіп, патологиялық ошақтар фиброзданып, кальциленіп, рентгенде анықталады. Бас миына түссе, мида көлемді процесс синдромы болады. Болжамы: жақсы, көп мөлшерде жұққан кезде пневмосклерез дамуы мүмкін. Бас миы зақымдалса, болжамы жаман. Диагностика: Клинико-рентгенологиялық мәліметтер, сероиммунологиялық тесттермен дәлелдейді (КБР және терішілік аллергиялық сынама). Созылмалы кезеңде қақырықта гельминт жұмыртқаларын анықтау керек. Емі. Битинол (актомер, битин) 30-40 мг/кг тәулігіне, 2-3 рет, тамақтан кейін, ересектерге 300-400 мг/кг. Симптоматикалық патогенетикалық ем. Емнің тиімділігін 3-6 айдан кейін тексереді. Бас миының парагонимозы кезінде хирургиялық ем қолдану керек.
![]() |