![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
АДЕНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ
Аденовирусты инфекция – аденовирустың көптеген серотоптарымен шақырылатын, көбінесе аэрогенді жолмен жұғатын, организмнің эпителиальді және лимфоидты жасушаларында шоғырланатын, клиникасында тыныс алу жолдарының, көздің, ішектің шырышты қабаттары мен лимфоидты ағзалардың қабынуымен жедел өтетін антропонозды инфекция. Этиологиясы: Құрамында ДНК-сы, 3 тұрақты антигені (А,В,С) бар Adenoviridае тұқымдасының вирусы. Аденовирустардың 90 серовары белгілі, оның ішінде 32-сі адамға патогенді. Аденовирустардың ерекшелігі – лимфотроптылығы. Сыртқы ортаға төзімді. Эпидемиологиясы: Таралымы өте кең, көбінесе бірен-саран оқиғалар немесе эпидемиялық өршу түрлерінде тарайды. Инфекция көздері: а) ауру адам қоздырғышты ауамен 25 күн, нәжіспен-2 айға дейін бөле алады. б) вирустасымалдаушылар - қысқа мерзімді – реконвалесценция кезеңінде - транзиторлы (иммунизацияланған адамдарда) - ұзақ (бірнеше айға дейін) сау адамдардың бадамшаларында сақталатын мүмкіншілігі бар. Таралу жолдары: - ауа-тамшы (негізгі) - алиментарлы - тұрмыстық қатынас арқылы (қосымша маңызды). Ауыратындар: көбінесе балалар. Жалпы ЖРВИ құрамында аденовирусты инфекция балалар ортасында 2-24%, ересектер арасында 2-6% көлемінде кездеседі. Маусымдылығы: күз-қыс айлары. Иммунитеті: аурудан кейін типті арнайы иммунитет қалыптасады. Патогенезі: аденовирустар тыныс алу, ас қорыту жолдарының, көздің шырышты қабаттарына түсіп, олардың эпителиальді жасушаларының ішінде көбейеді. Шырышты қабаттарда экссудация және фибрин түсуімен, некроздануымен өтетін жергілікті қабыну процессі қалыптасады. Аденовирусты инфекцияда патологиялық процесс типті түрінде жұтқыншақта (фарингит) өтеді. Қабыну процесі жоғарғыдан төменге қарай түсіп интерстициальды пневмонияны тудырады. Жұтқыншақтан инфекцияланған шырыш төмен асқазанға, ішекке түсіп, ас қорыту жолының зақымдану себебі болады. Шырышты қабаттарынан вирус қантамырлары арқылы қанға өтіп, виремия тудырады. Вирус қанмен организмдегі моноцитарлы-макрофагальды жүйе жасушаларынан қалыптасқан ағзаларға тарайды (лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр, т.б.). Виремиямен қатар токсинемия айқын өтіп, улану себебі болады. Клиникасы: Аденовирусты инфекцияның клиникалық көріністері әр түрлі болады. Негізгі клиникалық белгілеріне қарай келесі клиникалық түрлері ажыратылады: 1. жедел респираторлы ауру (ринофарингит) 2. жедел фарингит 3. фарингоконьюктивальды қызба 4. жедел коньюнктивит 5. кератоконьюнктивит 6. ринофаринготонзиллит Инкубациялық мерзім : 4-14 күн, орташа 5-7 күн. Клиникасында 3 синдром анықталады: - улану синдромы - катаральды - моноцитарлы-макрофагальды жүйелердің зақымдалуы Сырқат жедел улану және катаральды көріністерден басталады. Аденовирусты инфекцияда улану синдромы көбінесе шамалы түрде өтеді: - дене қызуы жоғарлайды, максимальды көрсеткіші 2-3 күн бойы сақталып, ұзақтығы 1-12 күнге дейін созылуы мүмкін; - адинамия; - енжарлық; - бас ауру; - бұлшық еттерінде ауырсынулармен өтеді. Катаральды синдром жоғары аталған клиникалық түрлеріне сәйкес фарингит, тонзиллит, ринит белгілерімен өтеді. Аурулардың көбінде коньюктивит белгілері анықталады. Ас қорыту жолы жағынан: - жүрек айну; - құсу; - эпигастральды аймақтағы ауырсыну; - диареяның болуыі. Лимфаденопатия – аденовирусты инфекциясының негізгі белгісі (көбінесе мойын, жақ асты лимфа түйіндері). Ауруларда жиі бауыр мен көкбауырдың ұлғайғаюы анықталады. Кейбіреуінде денеге бөртпе шығады: - розеолезды; - дақты; - дақты – папулезды; - петехиальды. Аденовирусты инфекцияның клиникалық түрлерінің ерекшеліктері: Жедел респираторлы ауру – ең жиі кездесіп, жеңіл өтетін түрі. Көбінесе ринит белгілерімен, кейде ринотрахеобронхит түрінде өтеді. Жедел фарингит – тамағында жұтқан кезде ауырсынумен; жұтқыншақ шырыштарының гиперемиясымен, артқы қабырғасында фолликулалардың гиперплазиясымен; бадамша бездерінің қабынуымен және тыныс алу жолдарының зақымдалуымен өтеді. Фарингоконьюктивальды қызбада - қызба, улану белгілерімен қатар коньюктивит қалыптасады. Коньюктивит - басында біржақты болып, 4-5 күннен кейін екінші көзіне түседі. Қабыну катаральды, фолликулярлы немесе қабыршақтанған түрінде болады. Коньюктивит негізгі клиникалық көрініс болғанда 2 аптаға дейін созылады. Кератоконьюктивит коньюктивалардың қабынуынан басталып, қасаң қабаққа (роговицаға) өтеді. Қасаң қабықта субэпителиальді қабыну ошақтары, кейде торлану анықталады. Өзгерістер 3-4 апта бойы сақталынады. Асқынулары: Екіншілік инфекция қосылу себебінен пайда болатын пневмония, баспа, отит т.б. дамиды. Диагностикасы: - негізгі клиникалық белгілер (коньюктивит, ринофаринготонзиллит, лимфаденопатия, гепатоспленомегалия); - зертханалық тексерулер: а) иммунофлюоресцентті әдіс (зақымдалған жасушалар ішінен антигенді анықтау) б) серологиялық әдіс (жұпты сарысу әдісін қолдан) в) иммунноферментті әдіс (ИФӘ) ( вирусты нәжістен анықтау). Салыстырмалы диагностикасы: Аденовирусты инфекцияның клиникалық түрлеріне байланысты өткізіледі. Респираторлы түрінде – тұмаумен және басқа ЖРВИ. Фарингоконьюктивальды қызбада – баспалармен, дифтериямен. Қабықшаланған коньюктивитте – көз дифтериясымен. Емдеу. Асқынбаған ағымды аденовирусты инфекцияны амбулаторлы жағдайда емдейді. Көбінесе клиникалық көріністеріне қарай симптоматикалық және патогенетикалық ем жүргізіледі. Алдын алу: 1. Дене шынықтыру. 2. Эпидемиологиялық көрсеткіштері болса, вакцинация (тірі энтеральды вакцина).
![]() |